К. А. Нариков, Г. Г. Беркалиева, С. С. Тулемисова


Негізгі терминдердің түсіндірмелі қысқаша сөздігі



Pdf көрінісі
бет75/77
Дата25.02.2024
өлшемі3.99 Mb.
#493135
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   77
шоғыр

Негізгі терминдердің түсіндірмелі қысқаша сөздігі 
Мұнай кен орындарын игеру технологиясы дегеніміз, мұнайды жер 
қыртысынан өндіріп алу əдістерінің топтамасын айтамыз.
Фонтанды пайдалану дегеніміз, сұйықты көтеріп шығару қабат 
энергиясының есебінен жүзеге асатын əдісті айтамыз. 
Газлифті əдісі дегеніміз, сұйықты қабаттан жер бетіне сығылған газ 
айдау көмегімен жүзеге асыратын мұнай скважиналарын пайдалану əдісін 
айтамыз. 
Статикалық қысым - скважина ұзаққа созылған тоқтаудан кейін бір 
қалыпқа түскен кездегі скважина түбіндегі қысымды айтамыз. 
Статикалық деңгей дегеніміз белгілі шарт бойынша скважина 
тоқтағаннан кейін оған атмосфералық қысым əсер ететін сұйық бағанының 
деңгейі
Динамикалық қысым – деп, скважинаның түп аумағында скважинадан 
сұйықты немесе газды алу кезінде немесе скважинаға сұйық немесе газды 
айдау кезінде қалыптасатын қысымды айтады. 
Сұйықтың динамикалық деңгейі – деп, атмосфералық қысым əсер етіп 
тұрған кезде (құбыр аралық кеңістік ашық болған кезде) жұмыс істеп тұрған 
скважинада қалыптасатын сұйық деңгейін атайды. 


128 
Бастапқы қабаттық қысым – деп, игерудің басында барлау 
скважиналар тобы бойынша анықталған қабаттық қысымды айтады. 
Қабат режимі – деп, пайдалану жəне су айдау скважина жүйесімен су 
айдау кезінде кеуекті қабатта байқалатын процестерді анықтайтын барлық 
табиғи жəне қолдан жасалған факторлардың жиынтығын айтады. 
Скважина – деп, жер қыртысында арнайы бұрғылау жабдықтары 
көмегімен қазылатын, диаметрі тереңдігінен бірнеше есе кіші цилиндр пішінді 
тау-кен құрылыс орнын айтады. 
Скважинаның конструкциясы - деп, диаметрлері мен ұзындықтары 
əртүрлі жəне скважинаға бірінен кейін бірі тобымен түсірілетін бірнеше 
шегендеу құбырларын айтамыз. 
Бағыттаушы – бірінші түсірілетін құбырлар тізбегі, скважинаның 
сағалық бөлігін бұрғылау ерітінділері шайып кетпес үшін бекітуге арналған, 
сонымен бірге сұйықтың айналымын қамтамасыз етуге арналған. 
Кондуктор – шегендеуші құбырлар тізбегі, ол тау жыныстарының 
жоғарғы аралығын бөлуге жəне жер асты тұщы суларының қабатын 
ластанудан саңылаусыздандыру үшін, қарсы лақтыруға арналған қондырғыны 
жəне келесі тізбектерді орналастыруда монтаждау үшін арналған. 
Аралық шегендеуші құбырлар – скважинаны бұрғылаудың шарттары 
бойынша сəйкес келмейтін аумақта белгіленген тереңдікке дейін 
байланыстыруға арналған. 
Пайдалану құбыры – қалған барлық тау жыныстарын өнімді қабатпен 
байланыстыру үшін жəне өнімді қабатты жер бетімен гидравликалық 
байланыстыру үшін арналған. 
Пайдалану скважинасы - деп, мұнай немесе газды өндіруге арналған 
скважиналарды атайды. 
Айдау скважиналары – деп, қабатқа су, газ, бу айдауға арналған 
скважиналарды атайды. 
Арнайы скважиналар - кен орындарды игеру барысын бақылау үшін, 
қабаттың құрылымын, коллектор қасиетін дəлірек анықтау үшін арналған 
скважиналарды атайды. 
Скважинаны меңгеру - деп, қабаттан сұйықты шақыру мүмкіндігіне 
байланысты өнімді қабатты сұйықпен қамтамасыз етудің технологиялық 
операцияларының жиынтығын айтамыз.
Химиялық əдіспен əсер ету - скважина түп аумағында өткізгіштік 
нашарлап кеткен жағдайда, қабат жынысын немесе элементтерді еріту кезінде 
қолданылады. 
Механикалық əдіспен əсер ету - қатты тау жыныстарға тиімді, яғни 
скважинаның түп аумағына қосымша жарықтар салуға арналған. 
Жылулық əдіспен əсер ету - тек қана скважинаның түп аумағында қатты 
жəне тұтқыр көмірсутегілер, яғни парафиндер, шайырлар, асфальтендер 
қатып, тұрып қалған жағдайда, сонымен қатар тұтқыр мұнайдың сүзілуін 
жақсарту үшін қолданылады.
Газ факторы – деп, 1 м3 тауарлы мұнайға келетін жəне стандартты 
жағдайға келтірілген жалпы газ көлемі аталады. 


129 
Тізбек басы - ол құбыр аралық кеңістікті саңылаусыздандыру 
мақсатында, скважина сағасын шегендеуші құбырға жалғау үшін, сонымен 
қатар фонтанды арматураны бекіту үшін арналған. 
Құбыр басы - фонтанды құбырды ұстап тұру үшін жəне пайдалану 
тізбегімен фонтанды құбырдың аралығын саңылаусыздандыруға арналған. 
Штуцер - фонтанды шыршаның элементі, жəне ол фонтанды 
скважиналардың жұмыс режимі мен өнімін реттеп тұру үшін арналған. 
Манифольд - фонтанды арматураны скважина өнімін есептегіш 
қондырғыға беретін құбыр желісімен жалғау үшін арналған. 
Сағалық айырғыш-клапандар - апаттық қысым жоғарылаған жағдайда 
скважинадан шығатын жүйені өзіне дейін немесе өзінен кейін қысым 
төмендегенде автоматты жабуға арналған. 
Айырғыш пакер - пайдалану тізбегін жəне сорапты компрессорлық 
құбырларды жоғары қысымның, жоғары температураның жəне қабат газының 
құрамына енетін агрессивті қосылыстардың (H2S, CO2 жəне майлы 
қышқылдар) əсерінен қорғау мақсатында қабатты жəне скважинаның құбыр 
аралық кеңістігін үнемі бөліп тұруға арналған.
Ниппель - түптік айырғыш клапанды орнату, саңылаусыздандыру жəне 
бекіту қызметін атқарады. 
Циркуляциялық клапан - орталық каналды құбыр аралық кеңістікпен 
əртүрлі технологиялық операцияларды (меңгеру жəнескважинаны бастыру, 
түпті, құбыраралық кеңістікті жəне сорапты компрессорлық құбырды жуу 
жəне əртүрлі химиялық агенттерді айдау) орындау мақсатында уақытша 
байланыс жасау үшін арналған. 
Ингибиторлы клапан - коррозияға немесе гидратқа қарсы ингибиторды 
тізбекке айдау кезінде, скважинаның құбыраралық кеңістігін сорапты 
компрессорлық құбырдың ішкі аралығымен уақытша байланыс жасауға 
арналған. 
Коррозия – сыртқы жəне ішкі ортаның əсерінен жабдықтар мен 
құбырлар металдарының өздігінен біртіндеп бүлінуі. 
Мұнай газы – бұл мұнаймен бірге өндірілетін газ – құрамында 
көмірсутекті емес газдар: азот, көмірқышқыл газы, күкіртсутек, инертті 
газдары бар С
1
–С
4
метандық қатардың көмірсутектерінен тұратын көп 
компонентті қоспа.
Скважина өнімі – скважинадан шығатын көп компонентті заттар, 
мұнайдан, қабат суынан, əртүрлі қоспалардан жəне еріген газдан тұрады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет