169
Қоздырғышының даму биологиясы 9-10 тәулікке созылады. Олар
мынадай бағдар бойынша көбейеді: жұмыртқа, балаң-кене, протонимфа,
телеонимфа және имаго.
Эпизоотологиялық деректері. Отодектоз ит пен мысықтан басқа
бағалы терілі аңдарда (түлкі, жанат тәрізді ит және т.б.) кездеседі.
Инвазиямен көбінесе жоғарыда аталғандардың 1,5-айдан 4 айға дейінгі
күшіктері зақымданады. Кейде ауру зілді түріне көшіп, ауырғандардың
ішінен өлім-жітім көбейеді.
Кенелердің мекең ететін негізгі орындары:
құлақтың клиникалыққы
қалқаны, клиникалыққы есіту түтігі және дабыл жарғағы.
Клиникалық белгілері. Алғашқыда ауру ит пен мысықтың немесе
аңның түгі реңсізденеді, құлақтарында қышу пайда болады. Зақымданған
құлақ іші қабынады және зақымданады.
Ауру жануарлар беймазаланады,
басын шайқайды, шыңғырады, құлағын торға қасиды.
Кейде мұндай тынышсыздану тоқтайды да, біраздан кейін қайта
басталады. Құлақ ішінен алынған қырындыда көптеген кене бары
анықталады. Есіту түтігінен
шыққан жалқаяқ қатып қалады, қатпаршақ-
танады. Есіту түтігінің терісінде уытты жаралар пайда болады.
Кейбір жағдайларда отодектоз іріңдеткіш микробтармен асқынады.
Бағалы аңдардың дабыл жарғағы тесіліп кетуі де мүмкін. Мұндайда ортаңғы
және ішкі құлақ бөлімдері, тіпті ми қабықтары да зақымдалуы мүмкін.
Балауы. Құлақтың ішкі жағының қабынып, қабыршақтануы
отодектозға күдік тудырады. Ал қырынды ішінен
тірі кенелердің табылуы
балауды толық дәлелдейді.
Емі. Мына дәрілер жақсы нәтиже береді.
1) Камфора майына ерітілген 3 %
хлорофос қолданылады.
2) 5 %
никохлоран эмульсиясы да жақсы нәтиже береді.
3)
Ивомекті аэрозоль түрінде немесе егуге болады.
Цидектинде
қолданылады. Емдеу 14 күннен соң қайталанады. Ем жұмысымен қатар қора-
жайды дезакаризация шараларынан өткізу шарт.
Достарыңызбен бөлісу: