175
тобын сарайларға
айдайды және ваннаға салады, кейін көтереді және
тұндырғыш қашаларға шығарады. Қойларды жуындыру үрдісінде ваннадағы
акарицидті сұйықтық бұзылады, яғни, оларда жануарлардың жүнді-тері
қабатындағы адсорбция есебінде әсер еткіш (ӘЗ) заттардың қасиеті
төмендейді,
сондай-ақ, рН өзгеріп, ластанады (сілтіліктің ұлғаюы).
Сондықтан да, ӘЗ жоғалуын компенсациялау үшін және бастапқы деңгейінің
концентрациясын ұстау үшін, ваннаға жуындыру үрдісінде қарастырылған
сәйкес нұсқаулықтардағы әдістеме бойынша және мөлшері бойынша
қосымша акарицидті препараттарды енгізеді.
Пайдаланылған эмульсияны
(қойларды жуындырғаннан кейінгі) ваннадан сіңіргіш құдыққа төгеді.
Қойлармен бір уақытта табында бірге жүретін жұмысшы малдарды және
иттерді өңдейді. Суық кездерде ауру жануарларды жуындыру жағыдайлары
болмаған кезде дустотерапияны қолданады, жүйелік
әсерлі акарицидтермен
немесе аэрозольді баллондардағы препараттармен өңдейді. Дустармен
өңдеуді желден қорғалған аумақта, бұлыңғы ауа райында – шатыр астында
жүргізеді; бір қырқылмаған қойға 300 г дейін дуст кетіреді. Жүйелік
әсерлі
препараттарды тері асты инъекциясын жасап (ивомек, цидектин, аверсект
және т.б) немесе омыртқа жотасының маңындағы теріге төгіп(себацил,
эктопор, байтикол және т.б.) қолданады. Жылы ауа райының түсуімен,
дустармен
немесе
аэрозольді
препараттармен
өңдеуге
ұшыраған
жануарларды қырқып болған соң ваннада өңдейді.
Достарыңызбен бөлісу: