Алдын алу және күресу шаралары. Қояндар псороптозының алдын
алу мақсатында күтіп-бағудың, зоогигиеналық ережелерін қатаң сақтау
қажет. Барлық торға және құрал-жабдықтарға дезинвазияны жылына екі
реттен кем емес жүргізу керек; тасылатын шаруашылықтарда (ферма
бойынша) қояндарды 30 күндік каранттин уақытына ұшыратады, яғни осы
уақыттарда оларды қышымалық зақымдалуды затта анықтау мұқият
тексереді; 2 айда кемінде бір реттен барлық қоян бастарын клиникалық
зерттеуге ұшыратады, ал ұрғашыларын міндетті түрде және екі апта ішінде
болжамды көжектеуге дейіе,.
Шаруашылықтарда ауру анықталған кезде оларды қолайсыз деп
жариялайды. Псороптоздан тез жазылу үшін ауру қояндарды акарицидтермен
емдік өңдеуден басқа, жануарлардың зақымдалуына және ауруға
күмәнділердің барлығына алдын алушылық өңдеу жүргізу қажет. Торларды,
ғимараттарды мұқият механикалық тазалаудан кейін жүргізілетін
дезакаризация үшін 5 %-дық креолиннің сулы эмульсиясын, өңделетін 1
м
2
беткейге 400 мл есебінде құрамында 0,03% гамма – изомер
гексахлорциклогексан бар гексохлоран креолинді эмульсияны қолданады.
4.7 Ірі қара демодекозы
Бұл ауру Ресейдің солтүстік батыс аймағында көбірек тараған.
Қазақстанда демодекоз жергілікті сиыр тұқымдарында болмайды. Батыс
елдерінен әкелінген малда болуы мүмкін. Демодекоз 6 айдан асқан
жанураларда негізінен көктем және жаз айларында кездеседі. Бұл кезеңде
ересек кенелер өсіп, өнген жерлерінен тері үстіне шығады.
Патогенезі. Демодекс кенелері түк баданалары мен май бездерінде
көбейіп,
оларды
атрофияға
шалдықтырады.
Сондықтан
терінің
физиологиялық қызметі бұзылады. Сондай-ақ, жануарлар денесінде
кенелердің метаболизм өнімдері жиналады. Басқа да микробтар дүниесінің
дамуына жағдай туады.
Клиникалық белгілері. Ауру малдың мойнында, жауырында,
кеудесінде және арқасында үлкеңдігі бұршақтай бұдырмақтар (төмпешіктер)
пайда болады, олардың диаметрі 2-10 мм-дей, сипап көргенде өте қатты және
тығыз келеді. Кейінірек бұл төмпешіктер жұмсарып, олардың төбесі тесіліп
қанды ірің пайда болады, қысқанда ішінен ақ балауыз тәрізді зат шығады.
Зақымданған жерлердің түгі алғашқыда ширатылып, кейіннен түсіп қалады.
Тері қалыңдайды, бірақ қышу болмайды.
179
Достарыңызбен бөлісу: |