К. У. Сулейманова Жануарлардың инвазиялық аурулары


Алдын алу және күресу шаралары



Pdf көрінісі
бет51/199
Дата05.12.2023
өлшемі5.37 Mb.
#485597
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   199
zhanuarlardy invaziyaly aurulary3

Алдын алу және күресу шаралары балапандарды игілікті су 
қоймаларда жеке өсіру керек. Ал игіліксіз шарушылықтарда құстарға 
дегельминтизация жасап, болашақта игілікті су қоймаларға көшіру. Ауру 
құстар мекеңдеген су қоймаларды екі жыл өтісімен қолдануға болады. 
Құс балапандарын ересектерден бөлек аурудан таза жерлерде, көлдерде 
бағу, ауық-ауық құсты копроовоскопиялау және су шаянтектестерін аралық 
сатыларына зерттеу жұмыстары қамтылады. 
 
 
2.14 Құс нотокотилидозы 
 
Нотокотилидоздар – қаздардың, үйректердің және кейбір кезде 
тауықтардың да трематодозды аурулары, Notocotylidae тұқымдасына жататың 
трематодалардың бірнеше түрлерімен шақырылады. Жиі Notocotylus attenuatus 
және Catatropis verrucosa түрлері кездеседі. Олар жінішке ішекте және соқыр 
сабағында тіршілік етеді. Ауру арығумен, өнімділігі төмендеумен білінеді. 
Қоздырушылар N. аttenuatus толық жыныс сатысы 2,4-4,3 мм дейін 
жетеді. Нотокотилида паразиттерінің айырмашылық ерекшілігі болады – құрсақ 
қуысының жоқтығы. Аналық және аталық жыныс тесіктері ішек бөлінетің 
деңгеінде ашылады. Ендер сопақтау, шеттері жылтыр, дененің артқы бөлігінде 
орналасады. Дененің вентральдіқ бетінде тері бездерінің 3 қатары орналасады, 
бүйір қатарында 10-15 дей, ортаңғыда – 9-13. 
C. verrucosa-ның дене ұзындығы 5 мм, еңдер де дененің артқы бөлігінде 
жатады. Құрсақ бетінде 2 қатар емізікшелер орналасады, әрбіреүнде 8-12. 
Құрсақ емізікшелері тері бездерінің бөлу протоктарымен ашылады. Трематода 
жұмыртқалары сопақ, қара түсті, 2 ұзын филаменті болады. Олардың мөлшері 
(филаментсіз) 0,018х0,02 мм. 
Аралық иелер - тұшы судағы ұлулар. 
Қоздырушыларының даму биологиясы. Инвазияның негізгі көзі – 
үйдегі және жабайы зақымдалған құстар. Ауру құстар ішінде мирацидий 
дернәсілі бар жұмыртқаларды саңғырықпен бөледі, оларды моллюскалар 
жұтады. Ішекте спороциста құрылады, содан кейін бауырға еніп редияға 
айналады, ал олар – церкарийға. Соңғылар моллюск денесінен шығады. 
Моллюскте даму 60-80 күн өтеді. Су қоймасында церкарийлар бекітіліп
күйрығын жоғалтып адолескарийға дамиды. Құстар су немесе шоп арқылы 
адолескарийлерді жұтып зақымдалады. Құстардың ішегінде нотокотилустар 15-
18 тәүлік ішінде, ал кататропистар – 20-30 күн ішінде дамиды. Құстардың 
организмінде өмір сүруі 2 ай шамасында. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет