85
18 сурет. Аноплоцефалята таспа құрттарының бунақтар құрылымы:
1 – Moniezia expansa; 2- M. benedeni; 3 – Thysaniezia giardi;
4 – Avitellina centripunctata; 5- Stilezia globipunctata.
белгiлерiне ұқсас келедi. Көзге шалынатын кiлегей қабықтары бозарып,
аузынан
сiлекей ағады, орталық жүйке жүйесiнiң зақымдануына байланысты
еттерi өздiгiнен жиырылып тартылады,
мал тәлтiректейдi, iшi өтедi, ауа
жетiспегендiктен мал демiгедi.
.
Патологиялық-анатомиялық өзгерiстер мониезиозбен өлген малдыкiне
ұқсас. Өлексе арық, құрсақ
қуысы сарқылма суға толған, iшектiң iшi, әсiресе
тизаниезиялар жайғасқан жерлерi сұрғылт түстi тұтқыр қою сұйыққа толы, iшкi
қабаты қанталаған және таспа құрттарға толған.
Балау. Тизаниезиозды малдың нәжіс сынамасын гельминтоскопиялық
әдіспен тексеріп, құрттың бунақтарын (ақ түсті, піскен күріш дәндеріне ұқсас)
табу арқылы, немесе гельминтоовоскопиялық әдіспен гипосульфит (натрий
хлоридінің) қаныққан ерітіндісінде құрттың
жұмыртқалары орналасқан
капсулаларды Фюллеборн бойынша флотациялау арқылы тауып айырады.
Флотациялау кезінде тизаниезии капсулалары, басқада құрт жұмыртқалары
ерітіндінің бетіне қалқып шығады.
Мал өлексесін сойғанда ішек қуысындағы тизаниезии стробилаларының
табылуы ауруды балауға негіз болады.
86
Емі. Малды дегельминтизациялауға мониезиозға қарсы қолданылатын –
фенасал, феналидон, битионол, альбен және т.б. антгельминтиктер
қолданылады.
Алдын алу шаралары. Аурудан сәтсіз
шаруашылықтарда малды
жоспарлы түрде жылына 2-рет дегельминтизациялайды: қыркүйек - қазан
ішінде және қаңтар - ақпан кезінде.
Аурумен залалдануға жол бермеу үшін жайылым маусымында малға
тотяйын-фенотиазин-тұз қоспасын (1:9:90 қатынасында)
басқа ішек-қарын
гельминтоздарына қарсы қолданатын тәртіппен береді.
Достарыңызбен бөлісу: