К. У. Сулейманова Жануарлардың инвазиялық аурулары


Нематодалардың даму биологиясы



Pdf көрінісі
бет77/199
Дата05.12.2023
өлшемі5.37 Mb.
#485597
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   199
zhanuarlardy invaziyaly aurulary3

Нематодалардың даму биологиясы әртүрлі өтеді. Нематодалардың
арасында геогельминттер, олар тік жолмен, аралық иесіз дамиды, және де 
биогельминттер кездеседі, олардың дамуында аралық ие қатысады. Көп 
нематода түрінде резервуарлық иелер болады. 
Нематода аналықтарының бөлек түрлері жыныс тесіктері арқылы 
жұмыртқаларың немесе дернәсілдерін шығарады, сол себебтен оларды 
жұмыртқа салушылар немесе тірі туатындар деп айтады. Бөлінген 
жұмыртқаның ішінде дамыған дернәсіл немесе бөлек келген бластомералар 
болады. Жұмыртқалар немесе дернәсілдер клиникалыққы ортаға нәжіспен 
немесе несеппен шығады. Егерде жұмыртқа ұрықпен клиникалыққы ортаға 
шықса, жұмыртқада ереже түрінде бірінші сатылы дернәсіл дамиды. 
Алғашқыда дернәсіл жұмыртқа қабығын тастайды немесе инвазиялық 
сатысына дейін жұмыртқада дамиды. 
Тірі туатын нематодалардың дернәсілдері соңғылардың орналасу жері 
байланысына қарай қарын-ішек жолы арқылы немесе көз бөліндісімен 
клиникалыққы ортаға бөлінеді, немесе қанға түседі, одан қан сорғыш 
жәндіктердің-аралық иелердің ағзасына барады. Трихинелла паразиттерді бөлек 
айтып кету керек. Трихинелла аналықтары ішектің кілегей қабатына терен еніп, 


89 
тірі дернәсілдерін көп саның сонда туады, олар қан арқылы бұлшықетке жетіп 
капсуламен қапталады. Осы жағдайда бір жануар соңғы және аралық ие болып 
саналады. Трихинелланың алғашқы дамуы басқа жануардың денесінде өтеді. 
Нематода дернәсілдері клиникалыққы ортада (жұмыртқада, топырақта, 
шөпте) -геогельминттер екі-үш рет түлейді немесе аралық иенің организмінде –
биогельминттер инвазиялық сатысына жетеді. 
Паразиттік нематода класына 8 подотряды жатады: Oxyurata, Ascaridata, 
Strongylata, Trichocephalata, Spirurata, Filariata, Dioctophymata, Rhabditata.Олар 
ветеринарияға өте маңызды.
1. Ascaridata. Ауыз қуысы үш ерінмен қоршалған, өңеші цилиндр тәрізді, 
тікелей. Екі тең спикуласы бар. Жұмыртқалары көп қабатты қалың қабықшамен 
қапталған.
2. Oxyurata. Ауыз қуысы үш немесе алты ерінмен қоршалған, өңештің 
артқы жағында шайнау пластинкалары бар кенеюі (бульбус) болады. Вульва 
дененің алдыңғы жағында ашылады. Аналықтың құйрығы ұзартылған. 
Аталықтың бір немесе екі спикуласы болады. Жұмыртқалары асимметриялы. 
3. Strongylata. Бас шеті ерінсіз. Аталықтың құйрығының соңында 
қабырғалары бар жынысты бурсасы болады. Жұмыртқалары жұқа қабықпен 
қапталған. 
4. Spirurata. Ауыз қуысы жиі екіге бөлінген екі ерінмен қоршалған, кейбір 
кезде бүкіл болмайды. Өңеш екіге бөлінген: алдыңғы – бүлшықты және артқы - 
безді (железистая). Спикуласы екеу, тең емес. Аталықтың соныңда, жиі 
латеральді жағында кутикулярлы кеңеюлер – қанаттар болады. Жұмыртқалары 
ұсақ, жұқа қабықпен қапталған ішінде личинкалары бар. Бионематодалар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет