К. У. Сулейманова Жануарлардың инвазиялық аурулары


Паталогиялық-анатомиялық өзгерістері



Pdf көрінісі
бет73/199
Дата05.12.2023
өлшемі5.37 Mb.
#485597
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   199
zhanuarlardy invaziyaly aurulary3

Паталогиялық-анатомиялық өзгерістері. Мониезиоздан өлген немесе 
онымен ауырған қозылар мен қойды сойып қарағанда, олардың етiнiң қашқаны 
көрiнедi. Кiлегей қабықтары бозарыңқы, терi астынан жалқаяқтар байқалады. 
Iшiн жарып қарағанда құрсақ қуысынан сарқылма сарысу көрiнедi. Ащы 
iшектiң кiлiгей қабығы жарақаттанған нүкте тәрiздi қанталаған.
Анықтау, емi, сақтандыру. (қараңыз: Аноплоцефалездарды анықтау, 
емдеу және алдын-алу). 
 
2.25 Тизаниезиоз 
Тизаниозбен күйiстi малдардың көбi ауырады. Бiздiң елiмiзде аурудың 
қоздырғыш құрты қойдан, ешкiден, iрi қарадан және кейбiр жабайы аңнан 
табылған. Паразит аталған малдардың ащы iшегiне орналасып, тiршiлiк етедi. 
Қоздырғышы - ақ түстi таспа құрт - Thysaniezia giardi(Moniez,1879)
ұзындығы 1-4,5 м, енi 1 см-ге дейiн жетедi. Бунақтарының енi ұзындығынан 
едәуiр асады, ал оның монезиядан айырмашылығы - әр бунақта бiр ғана 
қызтекелiк жыныс мүшесi бар. Сондықтан жыныс тесiктерi буылтықтың бiр 
ғана бүйiрiнен кезек-кезек ретсiз ауысып проглатиданың не оң, не сол жағынан 
ашылады. Жатыры сан бұралған түтiкше секiлденiп көлденең жатады. 
Жұмыртқаларының алмұрт секiлдi құрылымы жоқ. (қараңыз: ХХI сурет). 
Қоздырғышының даму биологиясы. Тизанезий iшек құртының 
биологиясы әзiрге зерттелген жоқ, алайда оның аралық иесi – омыртқасыз 
хайуанаттар болуы мүмкiн. М.И.Кузнецов (1962-1963) шөп қоректi жәндiктер 
(олардың денесiнен тизаниезия цистицеркоидтары табылған) малға iшқұрт 
ауруын жұқтыруы ықтимал деген пайымдау жасады. Ал топырақ кенелерi 
аталған құрттың аралық иесi деген пiкiрдi көп ғалымдар қолдамауда. 
Эпизоотологиялық деректері. Тизаниезиоз Қазақстан мен Орта Азия 
респуб-ликаларында кең таралған. Қазақстанның Оңтүстiк-Шығысында бұл 
дерт жыл бойы тiркеледi. Гельминтозға қозылар 5 айлығынан бастап 
шалдығады. Ауру тоқтылар мен ересек қойларда жиi кездеседi. Наурызда туған 
қозыларда iшқұрт ауру белгiлерi тамыз, қыркүйек айларында бiлiне бастайды. 
Қарашаға дейiн паразиттiң жұғу деңгейi көп емес, ал қысқа салым ауруларға 
шалдыққан жануар саны арта түседi. 
Аурудың дамуы. Iшек құрттарының механикалық әсерiнен iшектiң 
кiлегей қабығы қабынып, жарақаттанады, iшек қуысы паразиттермен бiтелiп
кейде жарылып та кетедi. Мұндайда ауру өлiм-жiтiммен аяқталады. Құрттың 
уыты бүкiл денеге тарап, малды уландырады, асқорыту жүйесiнiң қызметi 
бұзылады, патогендi микробтардың мал денесiне енуiне жол ашылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет