81
диагностикасы: Ценурозды эстроздан ажырату керек. Бұл ауру өте кең тараған.
Эстрозбен барлық жастағы қойлар ауырады. Эстроз ауруында мұрын қуысынан
кілегей, iрiң және қан бөлiнедi, кейiн олар қотырланады,қиналып демалады.
Одан басқа паразитарлық ауру iшiнен сетариоз, эхинококкоз, жеке жағдайда -
мониезиоз
ауруларын, инфекциядан-листериоз (орталық жүйке жүйесі
зақымдану), құтұрық, брадзот, Ауески ауруынан, жұқпалы емес ауруларынан -
азықпен уланудан және кейбiр химиялық заттардан, Авитаминоз және
минералдық, орта жүйке жүйесiнiң бұзылуынан,
жарақаттанудан ажырату
керек,.
Емi. Оперативтi.
Алдын алу шаралары. Қой ценуроз ауруына қарсы вакцина еңгізу керек.
2.24 Қой мониезиозы
Қой
мониезиоздары
-
Мопіеzіа
туыстығына
Апорlосерһаlidае
тұқымдастығына жататын құрттардың ересек сатысы қоздыратын гельминтоз.
Мониезиозбен қойлар, ешкілер, ірі қара мал, бұғылар, енекелер және жабайы
күйіс қайыратын жануарлар ауырады. Негізінен
жиірек төлдер ауырады
(қозылар, лақтар, бұзаулар).
Монезия құрты ащы iшектi мекеңдейдi. Олардың аралық иелерi
топырақта тiршiлiк ететiн сауытты орибатид кенелерi.
Мониезиоз Қазақстанның барлық аймақтарында кеңiнен таралған және
жыл сайын пайда болатын зiлдi дерт. Құрттың өсiп, өнуiне қолайлы жағдайда
немесе емдеу-сақтық шаралары жеткiлiксiз жүргiзiлген шаруашылықтарда,
өлiм жiтiмге қозы-лақ көптеп ұшырауы мүмкiн.
Қой шаруашылықтарында
қозының 40-80 %-ы монезиозға шалдығып, оның 30-80 %-ы шығынға
ұшырауы ықтимал. Дертке ұрынған төл ұзақ ауырады, өсуi тежеледi.
Кейбiр
деректерге жүгiнсек ауру қозы салмағын 10 % кемiтедi және одан 200 г жүн кем
қырқылады.
Қоздырғышы. Мониезия-тұрқы 2,5 м-ден 10 м-ге дейiн жететiн таспа
құрт. Гельминт бунақтары жалпақ келедi, жыныс мүшелерi екi қатар
орналасқан. Буылтықтардың екi бүйiрiнен жыныс мүшелерiнiң (еркек пен
ұрғашы) тесiктерi ашылады. Мониезиоз дертiн iш құрттың екi түрi тудырады:
бiрiн Moniezia expansе (Rud.,1810), ал екiншiсiн M.benedeni (Moniez,1879) деп
атайды.
M.еxpansе-ұзындығы 6-10 м, түсi ақшыл, бунақ (проглоттида)
аралықтарындағы бездерi дөңгелене келiп, буылтықтың алдыңғы жақ шеттерiне
орналасқан. M.benedeni – тұрқы 2,5-4 м, түсi күңгiрттеу, бунақаралық бездерi
көлденең сызықшаға ұқсайды. Мониезия
жұмыртқалары көп қырлы,
бұрыштары көмкерiлген, түстерi сұрғылт болып келедi. Жұмыртқа iшiндегi
алты iлгекшесi бар онкосферасы алмұрт iспеттес құрылғымен (аппарат)
бекiтiлген.
Достарыңызбен бөлісу: