Алдын алу және күресу шаралары. Қорада тұрған малдың бүкіл санына
және көктемде масалар ұшу алдында дегельминтизация өткізеді. Бұл
дегельминтизацияны 7-8 күннен кейін қайталайды. Жазда күннің ыстығында
малды қорада ұстау керек.
2.39 Жануарлардың трихинеллезі
Трихинеллез – Trichinellidae тұқымдасына, Trichocephalata подотрядына
жататын нематодалар тудырады, аллергиялық құбылыстары жақсы білінетін,
Қазіргі уақытта келесі түрлері анықталған: Trichinella spiralis (шошқа жіті
немесе созылмалы өтетін антропозооноздық инвазиялық ауру. Өте ұсақ
паразиттер. Аналықтары тірі туатындар. трихинеллалары), Trichinella nativa
(Евразия жыртқыштарының трихинеллалары), - Trichinella nelsoni (Африка
жыртқыш жануарларынаң ) Trichinella pseudospiralis (Дагестандағы енот-
полоскуннан). Соңғы түрі келесі үш түрінен кіші дене молшерлерімен
айырласады және дернәсілдері бүлшықетте капсула құрмайды. Одан басқа
Trichinella pseudospiralis толық дамуын құстар организмінде (тауық, үйрек,
қырғауыл, қарға) бітіреді. Толық жынысты трихинеллалар ішектің жіңішке
бөлімінде, ал дернәсілдері бұлшық етте мекеңдейді. –. Трихинеллез аурумен
үйдегі және жабайы шошқалар, иттер, мысықтар, аюлар, қасқырлар, түлкілер,
тышқандар және адамдар аурады.
Қоздырғышының даму биологиясы. Трихинеллез кезінде бир жануар
немесе адам біріншіден дефинитивті ие (ішеқ трихинеллары), содан кейін
аралық (бүлшықетт трихинеллары) ие болады. Сондықтан аурудың екі түрі
болады: іШектеу және бұлшықетті. Дернәсілдердің жақсы көретін жерлері –
диафрагма аяқтарының бұлшықеті, тіл, өңеш және басқа бұлшық еттер. 17
күннен кейін олар инвазиялық сатысына жетеді. Бүлшықеттегі трихинеллалар
көп уақыт сақталады, ал адамдарда 25 жылға дейін сақталады. Адамдар мен
жануарлар зақымдалған етті жеп аурады. Трихинеллез – табиғи – ошақты
гельминтоз. Аурудың негізгі көзі – жабайы жануарлар. Трихинеллалардың
дернәсілдері клиникалыққы ортада өте тұрақты.
Достарыңызбен бөлісу: |