К. У. Сулейманова Жануарлардың инвазиялық аурулары



Pdf көрінісі
бет97/199
Дата05.12.2023
өлшемі5.37 Mb.
#485597
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   199
zhanuarlardy invaziyaly aurulary3

Клиникалық белгілері. Минезді белгілер - дене температурасы 
көтерілуі, іш өту, жүдеу. Бұл белгілердің пайда болуына трихинелла 
аналықтары ішектің кілегей қабаттарына енуімен байланысты. Бірнеше күн 
өткесін қиын шайнау және жұту пайда болады, қабақтары іседі, эозинофилия 
байқалады. Осы белгілер трихинелла дернәсілдердің бұлшықетте миграция 
жасау кезінде патогендік әсері нәтижесімен байланысты.
Адамдарда көрінетін клиникалық белгілері: дене температурасының 
көтеріліп түсуі, бет ісу, іш өту және зақымдалған бұлшықеттердің ауырсынуы. 
Белоруссияда трихинеллез ауруын «одутловатка» деп атайды. 
Паталогиялық-анатомиялық өзгерістері. Трихинеллалар дамудың 
әртүрлі сатысында ие организміне антигендік, одан басқа механикалық, 
токсикалық және инокуляторлық әсерін тигізеді. Осы гельминттың жануар 
және адам организміне ауырсыну деңгейінің әсері инвазияның интенсивтігіне 


105 
және ие организмнің резистенттігіне байланысты.
Емі трихинеллез кезінде жоқ. Осы гельминтоз ауруында медициналық 
тәжирібеде ішек және кәрі емес бүлшықетт формаларында импорттық 
тиабендазол препаратын қолдана бастады.
Балау қою үшін тірі кезінде аллергиялық әдісті қолданады. Антигеннің
0,1 мл құлақтың терісіне салады. Өлгеннен кейін трихинеллоскопия өткізеді. 
Алдын алу шаралары. Негізінен барлық шошқа ошаларын, тағыда 
жабайы шошқалардың және аюлардың етін ветеринариялық-санитарлық қарап 
және міндетті түрде трихинеллоскопия өткізу керек.
Адамдар мен жануардың ауруларын алдын алуында үй ауласындағы мал 
союдың тыйым салынуы үлкең рөлге ие. Шошқаны сойғаннан кейін оның 
сойыс қалдықтарын шошқаларға және терісі бағалы аңдарға қорек ретінде 
қолдануға болмайды. Терісі бағалы аңдар мен етқоректілерді сойғаннан кейін 
олардың ұшасын міндетті түрде утилдеу қажет. Тышқан тәріздес 
кеміргіштердің өліктерін биотермиялық (пирятинді) шұңқырларға көмген жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет