112
22 сурет. O.columbianum:1 – бас жағы, 2 - еркегiнiң
құйрық жағы, 3- ұрғашысының құйрық жағы
айырылып,
көтерем халге жетеді, өлiмге де ұшырауы ықтимал.
Созылмалы
түрiнде ауырған малдың азыққа зауқы болмайды, жүнi ұйысып, түскiш келедi,
жағының асты iсiнiп кетедi, тышқақтайды, азып-тозып, өлiмге ұшырайды.
Патологиялық-анатомиялық өзгерістері. Өлексе өте арық, көтерем.
Оның кеуде және құрсақ қуыстарында 2-3 л. сары сұйық жиналған. Тоқ iшек
пен
тiк iшек қатпарлары жуандаған, iшi қоңыр түсті сұйыққа толған, ал оның
арасынан хабертиялар табылады. Тоқ ішектiң кiлегей қабығы iсiнген, қызарған,
қалыңдаған. Кейбiр ішек тұстарының бүрлерi жойылып,
қанталаған және
жарақаттар басқан.
Балау. Нақтылы диагнозды хабертиидің зардапты балаңқұрттаррын
анықтай отыра немесе тік ішекке тереңдете формалин ерітіндісін клизма
түрінде шайып, диагностикалық дегельминтизация жүргізе растайды.
Өлген
мал өлексесінде тоқ ішекте хабертиилер мен тән өзгерістер табылуы
диагноздың түпкіліктілігіне нұсқайды.
Емі. Дегельминтизация жүргізуге фенотиазиннің (1г/кг) судағы
суспензиясын жарма жемге 10:4:100 арақатынасында
қосып немесе ұннан
дайындалған болюс түрінде 2 рет (24 сағаттан кейін) беріледі.
Керек болған жағдайда 12-16 күннен соң үшінші рет дегельминтизация
жүргізіледі. Дәрілеу таңертеңгілікте - аш қарынға атқарылады. Жаппай
дегельминтизацияны фенотиазинді жарылған жеммен 1:20 арақатынаста қосып,
әр малға 15-20г
есебінен, топтан бере өткізеді.
Нафтамон 0,5г/кг дозада фенотиазинді қолданғандай, 2 рет өткізіп, 12-16
күндері үшінші рет жүргізіледі. Суспензияны сырлы я болмаса ағаш, шыны
ыдыста қолданар алдында (ex tempore) дайындалады.
113
Нилверм 10%-тік ерітінді түрінде тері астына немесе азықпен 15мг/кг
дозада қолданылады.
Дитразиннің
ылғалдаған
жеммен
қоспасына
0,5г/кг
дозада
азықтандырады.
Жоғарыда көрсетілген препараттарды жаппай қолданар алдында біршама
мал басында зияндылығын тексереді.
Достарыңызбен бөлісу: