150
терінің дәнекер ұлпасына, ет шандырына, көздің ақзаты мен дәнекер
қабығына, танауға, көмейге, кеңірдекке
және басқа да ұлпалар мен
мүшелерге еніп, үлкеңдігі 0,5-4 мм, пішіні дөңгелек не сопақ цисталар
түзейді. Мұндай цисталардың іші трофозоиттарға толы.
Әр түрлі жолдармен қанға енген безноитиялар моноциттер мен
нейтрофилдердің ішіне еніп, жыныссыз бөлініп көбейеді. Мұндайда паразит
мекеңдеген торшалар ыдырайды да, трофозоиттар қан тамырына түседі. Қан
ағымымен әртүрлі мүшелерге барған трофозоиттар дәнекер торшалар-
гистиоциттердің ішіне енеді.
Гистиоцит ішінде көбейіп, торша ішін
толтырады. Мұндай кенейген гистиоциттердің маңына фибробластар
жиналып, олардың фибрилдері (жіпшелері) кейіннен циста түзейді. Кейбір
ғалымдардың зерттеу нәтижесіне қарағанда, паразиттің
тұрақты иесі мысық
және мысық тектестер. Паразит дала мысығының ішегінде жыныстық
жолмен өсіп жетіледі, зигоциста (ооциста) түзіліп, қайтадан нәжіс арқылы
клиникалыққа шығады. Ал, ірі қара ооцисталармен
былғанған жем-шөп
арқылы зақымданады.
Достарыңызбен бөлісу: