К. У. Сулейманова Жануарлардың инвазиялық аурулары


Алдын-алу және күресу шаралары



Pdf көрінісі
бет142/199
Дата05.12.2023
өлшемі5.37 Mb.
#485597
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   199
zhanuarlardy invaziyaly aurulary3

Алдын-алу және күресу шаралары. Ит пен мысықты мал 
фермаларына жуытпай оқшау ұстау шарт. Адамның нәжісі мал жеміне, не 
суына түспеу үшін жақсы жабдықталған дәретханалар болуға тиіс. Мал 
азығын сақтайтын орындарға ит пен мысық кірмейтіндей болуы керек. Ит 
пен мысықты пісірілген немесе мұздату арқылы зарарсыздандырылған ет пен 
ғана қоректендіреді. 
3.12 Ірі қара безноитиозы 
Безноитиоз - жіті, жітілеу және созылмалы түрде өтетін, Besnoіtіa 
besnoіtі деген споровиктер тобына жататын қарапайымдылар қоздыратын 
қара мал ауруы. Безноитиозға шалдыққан малдың терісі қабынады, түгі 
түседі, терісінің әр жері кедір-бұдырланады, қатпарланады. 
Осы уақытқа дейін бұл ауру толық зерттелмей келді, сондықтан оны 
бұрын тері глобидиозы, тері саркоцистозы деп, тіпті мал мамандары оны 
асқынған қотыр, көң қотыр, қышыма көнтек деп те атаған. 
Қоздырғышы - Besnoіtіa besnoіtі, пішіні сопақ, алмұрт немесе орақ 
тәрізді. Ұзындығы 5-9 мкм және 2-5 мкм. Оның қандағы көбею сатылары 
трофозоит деп аталады. Қан жұғындыларын Романовский-Гимза әдісімен 
бояғанда трофозоиттардың цитоплазмасы көкшіл түске, ядросы қызғылт-
қоңыр түске боялады. Ауру жұққаннан кейін үш аптадан соң қоздырғыш 


150 
терінің дәнекер ұлпасына, ет шандырына, көздің ақзаты мен дәнекер 
қабығына, танауға, көмейге, кеңірдекке және басқа да ұлпалар мен 
мүшелерге еніп, үлкеңдігі 0,5-4 мм, пішіні дөңгелек не сопақ цисталар 
түзейді. Мұндай цисталардың іші трофозоиттарға толы. 
Әр түрлі жолдармен қанға енген безноитиялар моноциттер мен 
нейтрофилдердің ішіне еніп, жыныссыз бөлініп көбейеді. Мұндайда паразит 
мекеңдеген торшалар ыдырайды да, трофозоиттар қан тамырына түседі. Қан 
ағымымен әртүрлі мүшелерге барған трофозоиттар дәнекер торшалар-
гистиоциттердің ішіне енеді. Гистиоцит ішінде көбейіп, торша ішін 
толтырады. Мұндай кенейген гистиоциттердің маңына фибробластар 
жиналып, олардың фибрилдері (жіпшелері) кейіннен циста түзейді. Кейбір 
ғалымдардың зерттеу нәтижесіне қарағанда, паразиттің тұрақты иесі мысық 
және мысық тектестер. Паразит дала мысығының ішегінде жыныстық 
жолмен өсіп жетіледі, зигоциста (ооциста) түзіліп, қайтадан нәжіс арқылы 
клиникалыққа шығады. Ал, ірі қара ооцисталармен былғанған жем-шөп 
арқылы зақымданады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет