Алдын алу. Әлсізденген балалардың жалпы организмін күшейтуге ем жүргізіліп, ал қан айналымы бұзылған, жұқпалы ауруы бар балаларда нома көп кездесетіндіктен жоғарыда айтылған ем керек. Осымен қатар, ауыз қуысының гигиенасы, санация, шырышты қабық жарақаттарының алдын алу керек.
Тақырыбы : Бет –жақ аймағының арнайы қабыну аурулары. Бет –жақ аймағының актиномикозы, мерездік және туберкулездік зақымданулары. Клиникалық көріністері, нақтамасы, емдеу кезеңдері.
Оқу сағат саны 5 акад. сағат
Тақырып өзектілігі: Жақ-бет аймағында кездесетін арнайы қоздырғыштар сәулелі саңырауқұлақ, туберкулез микобактериясы және бозғылт спирохеталар (трепонема) арқылы пайда болатын ауруларды әдетте арнайы қабынулар деп атайды. Жақ-бет аймағында: шиқан (сыздауық), көршиқан, тілме, сібір жарасы, нома тәріздес ауруларды одонтогенді емес қабынулар қатарына жатқызады.
Сабақтың мақсаты: Бет –жақ аймағының арнайы қабыну аурулары. Бет –жақ аймағының актиномикозы, мерездік және туберкулездік зақымданулары. Клиникалық көріністері, нақтамасы, емдеу кезеңдері үйрету.
Студент білуге тиіс
ЖБА қабыну аурулары
Күйдіргі нома клиникасы
Күйдіргі нома нақтамасы, емі
студент істей алуға тиіс
ауру тарихын дұрыс толтыра білу
науқастарды толықтай зерттей білу
Науқастардың қызметке жарамдылығы туралы шешім қабылдау
Емдеу әдісін жоспарлай білу
Ақпараттық-дидактикалық блок
ЖАҚ-БЕТ АЙМАҒЫНДАҒЫ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ ҚАБЫНУ
АУРУЛАРЫ
Жақ-бет аймағында кездесетін арнайы қоздырғыштар сәулелі саңырауқұлақ, туберкулез микобактериясы және бозғылт спирохеталар (трепонема) арқылы пайда болатын ауруларды әдетте арнайы қабынулар деп атайды. Жақ-бет аймағында: шиқан (сыздауық), көршиқан, тілме, сібір жарасы, нома тәріздес ауруларды одонтогенді емес қабынулар қатарына жатқызады. Актиномикоз, туберкулез, сифилис, шиқан, көршиқан, тілме, сібір жарасы, нома аурулардың халықаралық жіктелуі (ДХЖ) бойынша инфекциялық ауруларға жатады. Сондықтан бұл аурулар осы тарауда қаралады.
АКТИНОМИКОЗ
Актиномикоз – сәулелі саңырауқұлақ арқылы пайда болатын созылмалы арнайы қабыну.
Осы аурумен ауыратын адамдардың ішінде 60-80% бет-жақ аймағында кездеседі. Актиномикоз ауруын коздырушы сәулелі саңырауқұлақты,
1877 жылы Лангенбек малдан, ал 1878 жылы Израил бірінші рет адамнан тауып, оны «адам сәулелі саңырауқұлағы» деп атады. Көп жылдар бойы адам денесіне сәулелі саңырауқұлақ түрлі өсімдіктер арқылы жұғады, яғни бұл сырттан кіретін қоздырғыш ауруларға жатады деп келді (экзогенді аурулар). Осыған байланысты П.X.Касквее, П.Я.Яшмискас актиномикоз тек ауыл шаруашылығымен айналысатын адамдарда кездесетін аурулар деп есептеді. Д. И. Гринев, Е. М. Гофнич т.б. сәулелі саңырауқұлақты ауыз қуысы мен барлық ас қорытатын жолдардан тапқаннан кейін бұл теория өзгерді.Осыған байланысты қазіргі кезде көптеген ғалымдар (Д. И. Аснин, Г. О. Сутеев, А.И.Рыбаков, Т.Г.Робустова) бұл науқасты аутоинфекцияға жатқызады.
Актиномикоздың негізгі дамуына иммундық жүйе жұмысының бұзылуы әсер етеді. Жалпы жағдайлардың ішінен иммунитеттің бұзылуына біріншілік немесе екіншілік иммунды тапшылық аурулары жатады. Жергілікті жағдайлар ішінен одонтогендік, стоматогендік, тонзилогендік, риногендік қабынуларды айтуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |