Кафедра Хирургия және балалар жасындағы стоматология



бет4/16
Дата19.10.2022
өлшемі225.75 Kb.
#462932
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
8 Сабак

Патологиялық анатомиясы. Шиқан дамығанда түк фолликуласының, майлы бездің және олардың айналасындағы дәнекер тіндердің өлеттенуі байқалады. Өлеттенген тіндердің ортасында стафилококктар шоғырланып жиналады, айналасында макрофактар мен нейтрофилдерден тұратын жалпақ білік пайда болып, оның шеті ісініп, қан тамырлары кеңейіп, плазмоидты клеткалардан, лимфоциттерден және нейтрофилден құрылған ұйыспа-инфильтрат байқалады. Эпителий сылынып оның астынан іріңді көпіршік көрінеді.
Көршиқан дамығанда бірнеше түк фолликулалары, майлы бездері, тері және теріасты клетчатка өлеттеніп, бетінде көптеген тығыз іріңді өлеттенген өзек пайда болады. Веналарды қан кернеп, тығындалып, артериялар экссудатпен қысылып, циркулярлы қан айналымы бұзылып, өлеттену көлемі кеңейіп, терінің терең қабатынан фасция мен бұлшықеттеріне жайылып, кей кезде сүйекті де қамтуы мүмкін. Өлеттенген тері тесіліп, олар арқылы ірің бөлінеді.
Клиникалық көрінісі. Шиқан түк фолликуласьіның қабынуынан басталады. Түктің айналасы іріңдеп жан-жағы аздап қызарады. 1-2-ші күннің аяғында дермада томпиған конус тәріздес қабыну қйыспа-инфильтраты дамиды. Оның үстіндегі тері күңгірт-қызыл түсті, ал айналасындағы тіндер домбығып ісінеді. Бұл кезде шиқан аумағында ауыру сезімі күшейе түсіп, кей жағдайларда үшкіл жүйке бұтақтарының бойымен жайылып, науқасты қатты мазалайды. Бас ауруы пайда болады. 3-4 күннен кейін ұйыспаның-инфильтраттың ортасында күлтілдеу-флюктуация (былқылдақ) пайда болады. Аз арада шиқанның ауызы ашылып онан шамалы қою ірің шығады. Ауызы ашылған соң, сол жерде шиқанның өзегі көрінеді. Бірте-бірте өлеттенген өзек іріңмен бірге бөлініп шығады. Өлеттенген өзекті зорлап шығаруға мүлде болмайды, өйткені зақымданған тері мен сау тіндердің арасындағы табиғи тосқауыл бұзылып инфекция беттің венозды өріміне өтуі мүмкін.
Өлеттенген өзек бөлініп шыққаннан соң, оның орнындағы кратер тәріздес жара біртіндеп грануляциямен толып, тыртықтанңп бітеді. Қабынбаған шиқан 8-10 күннің ішінде жазылады, бірақ кей жағдайларда шиқанның көлемімен онан бөлініп шықан ірің көбейгенде өлеттенген өзек толығымен шіріп абсцесс немесе флегмона белгілері байқалады.
Көршиқан дамығанда қабыну кезеңі жақын орналасқан бірнеше шаш фолликулаларын және майлы бездерді қамтып, тері мен теріасты клетчаткасы өлеттенеді. Көршиқанның дамуының бастапқы кезінде бетте кішкентай қабыну ұйыспасы-инфильтраты пайда болып ол тез арада үлкейеді. Айналасындағы тіндер домбығып ісініп, торлы лимфа түйіндерінің лимфадениті дамиды. Ұйыспаның-инфильтраттың үстіндегі тері күңгірт-қызыл-көкшіл, тері қатпарға жиналмайды. Терінің беткей қабаты жұқарып, бірнеше жерден тесіліп ірің бөлініп шығады, ол жерлерден өлеттенген тіндер немесе өзектер байқалады. Бара-келе кішкене тесіктер бір-бірімен қосылып үлкен жараға айналады. Бұдан ірің бөлініп шығып тыртықтанып жазылады. Бет-жақ аймағының анатомиялық физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты шиқан, әсіресе көршиқанның жұмсақ тіндеріндегі инфильтраттар қатты ісініп домбығып, жиі абсцесске айналып, өте ауыр өтеді. Ол барлық жағдайда жергілікті лимфаденитпен қосарласып жүреді. Ағымы жедел науқастардың дене қызуы 39-40°С-қа дейін көтеріліп, денесі қалтырап, басы, қабыну кезеңі орналасқан жері қатты ауырып, мазасызданып, әлсірейді. Шеткі қанда лейкоцитоз, ЭТЖ үдеуі, қан сарысуында белок фракциялары жылжуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет