Кафедра Хирургия және балалар жасындағы стоматология


Тақырыбы: Күйдіргі. Нома. Клиникалық көрінісі, нақтамасы, емдеу кезеңдері



бет7/16
Дата19.10.2022
өлшемі225.75 Kb.
#462932
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
8 Сабак

Тақырыбы: Күйдіргі. Нома. Клиникалық көрінісі, нақтамасы, емдеу кезеңдері.
Тақырып өзектілігі: Күйдіргі. Нома. Клиникалық көрінісі, нақтамасы, емдеу кезеңдерін үйрену
Студент білуге тиіс

  • ЖБА қабыну аурулары

  • Күйдіргі нома клиникасы

  • Күйдіргі нома нақтамасы, емі


  • студент істей алуға тиіс

  • ауру тарихын дұрыс толтыра білу

  • науқастарды толықтай зерттей білу

  • Науқастардың қызметке жарамдылығы туралы шешім қабылдау

  • Емдеу әдісін жоспарлай білу

Дидактикалық (оқу) мақсаттары: (үйрету....., білім мен дағдыларын бекіту (оқып жатқан тақырып бойынша нақты мақсатын көрсету). СІБІР ЖАРАСЫ (КҮЙДІРГІ)
Сібір жарасы — жануарлардан жұғатын, өте сирек кездесетін, жедел ағымды инфекциялы аурулардың тобына жататын ауру.
Келіп шығу тарихы-этиологиясы. Сібір жаралы грамм оң таяқшалы бактерияның әсерінен пайда болатын ауру.
Патогенезі. Сібір жарасының қоздырғышы адам организміне, бет терісі, мұрын, ауыз қуыстарының шырышты қабықтары арқылы, ауру малдардың жүнінен, терісінен, етінен т.б. жұғады. Сібір жаралы таяқшаның таратқышы әртүрлі шыбын-шіркейлер болып табылады. Ауру көбінесе жылдың жазғы-күзгі айларында кездеседі. Сібір жарасының инкубациялық мезгілі 2-14 күн созылады. Оның қоздырғышы организмге енгеннен соң эндоматозды (қабындырғыш), протективті (қоздырғыш) және өлу жағдайларынан құралған экзотоксин бөліп шығарады. Жоғарыда атап өткен жағдайлардың әртүрлі бірлесуінің күштілігі аурудың жалпы және жергілікті көріністерін бейнелейді. Бет терісі жұқпалы зат аз мөлшерде және беткей енгенде зақымданады.
Сібір жарасының жергілікті патологиялық анатомиясы. Қоздырғыш енген жерде сарысулы-қанды қабыну ошағы байқалады. Қабынған ошақ өлеттеніп, айналасындағы жұмсақ тіндер домбығып, жергілікті лимфаденит пайда болады. Жылжымалы макрофагтар сібір жарасының қоздырғыштарын лимфа тамырлары мен лимфа түйіндеріне тарауына мүмкіндік тудырып, ол жерде сарысулы, сарысулы-қанды немесе өлеттенген қанды қабыну дамиды. Көп жағдайда қабыну кезеңі беттің сібір жаралы көршиқанымен немесе жергілікті лимфаденитпен шектеледі, кейбір жағдайларда инфекция күшейіп жайылуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет