Кафедра патофизиологии



бет7/7
Дата02.07.2016
өлшемі0.93 Mb.
#172420
1   2   3   4   5   6   7

Na+ концентрациясы қан плазмасында жоғарылаған; гипо  және диспротеинемия; эритроцитоз.

1. Осы жағдайда гипоксияның қандай түрлері дамыды? Жауабын түсіндіріңіз.

2. Науқаста гипоксияға бейімделу белгілері бар ма?

3. Науқаста ісінулердің қандай түрлері бар және олардың патогенезі қандай?

4. Ісінулерді жою үшін қандай емдеу жүргізу керек?

23. 60 жастағы науқас Ц. 2 апта бұрын жүректің сол қарыншасының алдыңғы қабырғасының тұсында жайылған трансмуралды инфаркт алған және ауруханада жатқан, түнде ауа жетіспеу сезімімен оянды. Шақырған медбике оның керуетке отырып, аяғын түсіруіне көмектесіп, терезені ашты. Науқас аздап жеңілдеді. Бірақ осыдан 10 минөттен соң ол ентігудің күшейгеніне, ауық-ауық жөтелудің (қақырықсыз) қажеттігіне, сонымен бірге тыныс жолдарында құлағына естілетін сырылдардың пайда болғанына шағымданды. Медбике науқасқа оттегілік масканы беріп, дәрігерді шақырды.

1. Науқаста гипоксияның қай түрі дамыды? Жауабыңызды негіздеңіз.

2. Сіздің ойыңызша, аталған жағдайда оның даму бірізділігі қандай?

3. Бұл кезде раО2, рvO2, рН көрсеткіштері қалай және не себепті өзгереді. Жауабыңызды мәлімдеңіз.
24. 50 жастағы науқасты үйінде өспе дамыған асқазанынан кенеттен қатты қан кету әсерінен дамыған ауыл халдегі жағдайдан шығарғаннан кейін ӨЖВ аспабын қолдану арқылы жасалынған наркозбен гастроэктомия жасалынды. Шокқа қарсы ем қолдану және операция барысында науқасқа әртүрлі плазма ауыстырушылар (1 литр мөлшерінде) және екі күн сақталған 2,5 л донор қаны енгізілді. Операциядан соң 3-ші күні Hb мөлшері қалпына келгеніне қарамастан науқастың жағдайы ауыр халде қала берді: әлсіздік, бас ауыруы, бас айналуы, аяқ пен қолдарының терісі салқын, гипотензия (70/30 мм с.б.), сыртқы тыныс алудың ауыр бұзылыстары, бүйрек жеткіліксіздігі және сарғыштану (тері мен шырышты қабаттардың сарғыштануы). Науқас ӨЖВ аспабына ауыстырылды.


  1. Науқаста операциядан кейінгі 3-тәулікте қандай жағдай байқалды? Жауабыңызды мәлімдеңіз.

  2. Гипоксия дамуының себептері мен тетіктері қандай: а) операция алдындағы кезеңде, б) операция кезінде, в) операциядан кейінгі 3-тәулікте?

25. 56 жастағы ер кісі емханадағы қабылдауда тез уақытта шаршау және жүргенде балтыр бұлшықеті ауыруына, тоқтағанннан кейін – «ауық-ауық ақсау» симптомына, аяқтарының мұздайтындығына, ұйып қалуына, «жыбырлайтындығына» және тыныштықта шаншуына (парестезиялар) шағымданды. Жас кезінен және көп мөлшерде шылым шегеді, мамандығы ұзақ мұздау кезеңдерімен байланысты (күз-қыс мерзімдерінде даладағы жұмыс). Қарау барысында: табаны боз, терісі құрғақ, суық, тырнақтары сынғыш; екі аяқтың табанының сыртқы және балтырының артқы артерияларында тамыр соғысы анықталмайды. Алдын ала диагнозы: «Бітелістік эндоартериит».

Сұрақтар:


  1. Науқаста жергілікті қанайналым бұзылысының қай түрі бар?

  2. Осы науқастағы дерттің даму тетіктері?

  3. Науқастағы қанайналымының жағымсыз салдарларын анықтаңыз?

  4. Белгілердің дамуының қандай ең мүмкіндік тетіктері келтірілген?

26. Сол жүрекше-қарыншалық тесіктің тарылуы бар науқасты қарап тексергенде цианоз, аяқ-қолдарының аздап ісінгені, саусақтары сипағанда суық екендігі анықталды. Тырнақ тамырларын биомикроскоптық қарап тексергенде вена тамырларының кеңейгендігі, қанағымының баяулағандығы анықталды.



  1. Шеткері қанайналымының қандай бұзылыстары туралы айтылған?

  2. Бұл бұзылыстардың және оның клиникалық көріністерінің даму тетіктері қандай?

27. Балтырында жайылған іріңдігі бар науқасқа антибиотик енгізгеннен 20 мин кейін науқаста мазасыздану, қорқыныш сезімі, қимылдық қозу, басының қатты ауырғаны, терісінің қышынуы, бетінің қызаруы, тершеңдік байқалды; АҚҚ — 180/90 мм сын.бағ., тамыр соғысы 120. Осыған байланысты дәрігер науқасты палатаға жіберді және төсекке жатуды ұсынды. 20 мин. кейін науқастың жағдайы күрт нашарлады: әлсіздік, бетінің бозаруы, дем шығарудың қиындауымен күшеюші тұншығу сезімі, есінің жоғалуы, тырыспа-селкілдек байқалды, АҚҚ — 75/55 мм сын.бағ. бірден төмендеді. Науқасқа шұғыл медициналық көмек көрсетілді.

1. Науқасқа антибиотик енгізгеннен кейін қандай дерттік жағдай дамыды?

2. Осы дерттік жағдайдың даму тетігі қандай?

3. Науқасты осы жағдайдан шығаруда шұғыл медициналық көмектің шаралары қандай?
28. Тәжірибеге 3 қоян қолданылды. А қоянына көктамырына пирогенал енгізілді. 5 минуттан соң А қоянынан қан алынып, 5 мл қан сары суы дайындалды, содан соң ол В қоянына енгізілді. 120 минуттан соң А қоянынан тағы қан алынып, дайындалған сары судың 5 мл С қоянының көктамырына енгізілді. Қояндардың дене температурасы ұдайы өлшеніп отырылды. В қоянында сары суды енгізгеннен бастап есептегенде дене температурасы тез, әрі айқын көтерілді. Не себепті?
29. 18 жастағы Михаил П. жағажайда 6 сағат болып келгенннен кейін әлсіздік, бас айналу, басының солқылдап ауыруы, діріл мен жүрек айнуы пайда болды. 30 мин өткеннен кейін құсып, дене қызымы — 39 °C дейін көтерілді. Аспирин мен спазмалгон қабылдаған соң дене қызымы 37 °C дейін төмендеуіне қарамастан, жағдайы одан сайын ауырлап, Михаил жедел жәрдем шақыруға мәжбүр болды. Ауруханаға алып бара жатқан жолда есінен тануына байланысты жан сақтау бөліміне жеткізілді.

1. Науқаста қандай патологиялық жағдай дамыды?

2. Оның даму себептері мен тетіктері қандай?
30. 7 жасар балада манго сусынын ішкеннен кейін 40 мин соң тез арада жұмсақ таңдай аймағында шектелген күшейген ісіну дамыды, жұтуға кедергі жасайды, кейіннен тыныс алуға кедергі жасады. Ісінген аймақтың шырышты қабаты қызарған, ауыру сезімі жоқ; қанында — шамалы эозинофилия. Дене қызымы қалыпты. Анықтау барысында әкпесінде бронх демікпесінің ұстамалары болғаны белгілі болды.

1. Науқаста қабынулық ісіну даму мүмкін ба?

2. Егер жоқ болса, онда ісіну дамуы неге байланысты және қалай аталады?

3.Осы дерттік түрдің патогенезі қандай?

4. Бұл ісінуді өмірге қауіпті ісіну түріне жатқызуға бола ма?
31. 1,5 жыл бұрын АЭС апатын қалпына келтіруге қатысқан 40 жастағы науқас В. дәрігерге айқын әлсіздікке, бас айналу, ұдайы аздаған қақырықпен «құрғақ» жөтелге шағымданып келді. 20 жыл бойы шеккен шылымын соңғы екі жылда тоқтатқан. Соңғы алты ай бойы бірнеше жұқпалы аурулармен, оның ішінде ринит, бронхит және пневмониямен ауырған. Бронхоскопия жасағанда басты оң бронхында өспе анықталды. Өспе тінін гистологиялық зерттегенде онда қатерлі өспе жасушалары анықталды.


  1. Қандай жайт бронх өспесі дамуының мүмкіндік себебі болуы мүмкін?

  2. Канцероген әсеріне қандай жайт тиімділігін көрсетті? Олардың әсер ету тетіктері қандай?

3. Науқаста өспеге қарсы төзімділіктің қай механизмдері әсерленуі тиіс еді: - канцероген әсер еткенде? – бронх эпителий жасушасының гендік бағдарламасының «өспелік трансформациясы» үрдісінде? - өспе жасушалары пайда болғанда? Аталған науқаста олар неге жеткіліксіз болды?
32. 46 жастағы науқас жиі макрогематуриямен несеп шығаруына және жалпы қимылсыздыққа шағымданды. Цистоскопия жасалып, өспелік түзінді табылып, ол тіннен және айналасындағы шырышты қабаттан кесінді алынды. Биоптатты гистологиялық зерттеуде өспелік тіннің дұрыс орналасқан жасушалардан тұратындығы, бірақ арасында атипиялық жасушалардың да кездесетіндігі анықталды. Науқас он жылдан аса тоқыма комбинатында анилиндік бояулар қолданатын бояғыш цехта жұмыс істейді.

  1. Өспе дамуының мүмкіндік себебі қандай?

  2. Анилиндік бояғыштар қандай канцерогендерге жатады?

33. Науқас тез шаршағыштық, ұйқышылдық, қолындағы ауыру сезіміне шағымданады. Дене температурасы 38,30С. Қарап тексергенде сол қол бас бармағындағы тырнақ бунағының көлемі ұлғайған, гиперемияланған, сипап сезгенде ауырады. Қанда солға жылжыған нейтрофильді лейкоцитоз (15х109/л), ЭТЖ 40 мм/сағ., жалпы нәруыз 77 г/л, әлбумин/глобулиндік коэффициент – 0,9, СӘН жоғарылаған.

1. Организмнің реактивтілік жағдайы мен дерттік үрдісті сипаттаңыз

2. Қабынудың жергілікті белгілерін тауып, олардың патогенезін түсіндіріңіз

3. Науқаста қабынудың қандай жалпы белгілері бар және олардың патогенезі қандай?
34. 42 жасар науқасқа ауруханада «декомпенсация сатысындағы миокардиодистрофиясы» аңғарымы қойылды. Науқастың дене бітімі қалыпты, теріасты шел қабаты нашар дамыған. Бойы-165 см., дене салмағы 81 кг. Қарап тексергенде: амалсыз отырған қалыпта, ентігу, акроцианоз, аяқтарының айқын бозаруы, өкпесінде іркілісті сырылдар естіледі. Құрсақ қуысында сұйықтық жиналғаны, бауыры ұлғайғаны анықталды. Жүректің соққылық және минуттық көлемі төмендеген, Ht 38%. Диурез төмендеген. Қанда ренин мен натрий деңгейі жоғарылаған

Сұрақтар:

1. Су алмасуы бұзылыстарының белгілері бар ма?

2. Науқаста дисгидрияның қай түрі анықталады?

3. Теріасты шел май қабатында, құрсақ қуысында, өкпедегі сұйықтық жиналуының этиологиясы бір-бірімен байланысты ма?

4. Науқаста анықталған биохимиялық өзгерістердің патогенезін түсіндіріңіз?

5. Науқастағы ісінулердің даму тетіктері қандай?

6. Науқас организміне ісінудің әсерін бағалаңыз.

7. Науқаста ісіну дамуын қалай алдын-алуға болады?


35. 22 жасар науқас ауыр түрде жәншау жұқпасымен ауырып, 2 апта өткен соң бас ауыруына, бел аймағындағы ауыру сезіміне, ентігу мен жүрек қағуына шағымданды. Соңғы аптада дене салмағына 11,5 кг қосқан. Қарап тексергенде : беті боз, қабақтары ісінген, көз саңылаулары тарылған. Балтыры мен табаны ісінген. Жүрек шекаралары кеңейген, АҚҚ 180/100 мм с.б.б. Диурез күрт төмендеген, зәрде – эритроциттер және нәруыз анықталды. Қанда антистрептококктық АД титрі жоғарылаған.

Сұрақтар:

  1. Науқаста бүйрек зақымданғаны туралы ойлауға негіз бар ма? Егер бар болса, бұл патологияның даму механизмі қандай болады?

  2. Дамыған гипергидратацияның негізі: бүйректің шығару қызметінің төмендеуі немесе организмде судың ұсталып қалу тетіктерінің күшеюі ме?

  3. Берілген ісіну түрінің даму тетігі қандай?

36. Альпинистер тобы және тауға шығу тәжірибесі жоқ дәрігер - зерттеуші, 6 7000 м. биіктікке көтерілуі тиіс еді. 2 8000 м биіктікке дейін көтерілген соң дәрігер шаршап, басы айналып, құлағы шулағандығын сезінді. Бір сағат көтерілген соң дәрігер өзінен (В) және жолдасынан (А) қан алған соң топ әрі қарай көтерілді. 4 5000 м биіктікке көтерілген соң дәрігер ауа жетіспегендігін, денесінің барлық бөлігінің ауырғандығын, бас ауыру, көруінің және қимыл тепе-теңдігінің бұзылғандығын сезді, әрі қарай жүрмеді. Қан алған соң 3000 м. биіктікке түсті. Зертханада жасалынған қан талданымы төмендегідей:




Көрсеткіштер

А1

В1

А2

В2

pH

7,43

7,46

7,35

7,32

pCO2

32

26

30

40

pO2

74

69

58

38

SB

20,5

20,5

18,5

18,5

BE

+2,5

+1,5

-3,5

-5,5

Сұрақтар

1. альпинист (А) пен дәрігердегі (В) әртүрлі биіктіктегі ҚСҮ бұзылыстарын сипаттаңыз.

2. дәрігер-зерттеушіде көтерілудің бірінші және екінші кезеңдерінде ҚСҮ өзгерістерінің тетіктері қандай?

3. ҚСҮ бұзылыстарының түрін анықтау үшін қосымша қандац мәліметтер қажет?

4. дәрігерде гипоксияның қай түрі дамыды?

5. алтпинист пен дәрігердегі ҚСҮ бұзылыстарының сипаты мен айырмашылығын түсіндіріңіз.


37. Созылмалы гепатитпен және бауыр циррозымен ауыратын 68 жасты Д есімді науқасқа құрсақ қуысындағы сұйықтықты сорып алу үшін іш перде пункциясын жасады. Ісшараның 15 минөтінде, 5 литр сұйықтықты сорып алғаннан кейін науқас бас айналуына, әлсіздікке шағымданды, бірақ ісшара жалғастырылды. Тағы 1,5 литр сұйықтықты сорып алған соң науқас есінен танды. Жедел жәрдем көрсеткеннен кейін біршене минөт ішінде есін жиды, бірақ науқас әлі де қатты әлсіздік, бас айналу, жүрек айнуына шағымданады.

Сұрақтар:

  1. Дәрігердің қателігін табыңыз?

  2. Іш шемендік сұйықтықты сорып алудан кейін пайда болған талу тетіктері қандай? –

  3. Осындай жағдайларда мыйдағы қанайналым бұзылыстарының икемделістік тетіктері болуы мүмкін?

  4. Неліктен осы науқаста қанайналым жүйесінің икемделіс тетіктері әсерсіз болды?

38. 25 жастағы науқас әсіресе суыққа қол саусақтарындағы ауыру сезіміне және жансыздануына шағымданады. Ауруы ұстағанда саусақтары мен қол басының терілері бозарып, жергілікті қызымы түсетіндігін, тері сезімталдығының бұзылатындығын сезеді.



  1. Шеткері қанайналымы қандай бұзылыстары туралы айтылған?

  2. Бұл бұзылыстардың және оның клиникалық көріністерінің даму тетіктері қандай?

39. Кәсіпорынның медпунктіне автоклавтың авариясы кезінде сирағынан күйік алған екі жұмысшы келді. Олар бас ауыруына,күйік аумағындағы домбығу және ашып ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: зардап шегуші А-да сирағы гиперемияланған, олардың терісі ісінген, зардап шегуші Б –да осы әйгіленімдермен қатар ашық-сары мөлдір сұйықтыққа толы көпіршіктер анықталды. Екі науқасқа да ауруханалық қағаз және емдік ұсыныстар берілді, бірақ екеуі де оларды орындамады.

3 күннен кейін зардап шегуші А-ң жағдайы қалыпқа түсті, ал Б-ң жағдайы біршама нашарлады: жайылған ісік, күйік шалған жерлерде ауыру сезімі күшейді және күйік аймағында көптеген іріңді көпіршіктер ( бактериологиялық зерттеуде алтын стафилококк табылды) пайда болды, дене температурасы 38,9 ◦С.

Сұрақтар:

1. Науқаста қандай дерттік үрдістер дамыды? Қабынудың сипатын анықтау үшін қандай қосымша зерттеулер тағайындауға болады?

2. Бір жайтпен шақырылған дерттік үрдістің әртүрлі ағымда өтуінің себептері қандай?

3. Зардап шегуші Б-да әйгіленімдердің даму тетігі қандай?

4. Зардап шегуші Б-да жұқпа емес дерттік жайт неге іріңді көпіршіктер пайда болуына әкелді?


40. 28 жасар науқас әйел қауырт бронхитті емдеу үшін 5 күн бойы пенициллинмен (600 000 бірлік) күн сайын егілген. 6 –шы күні науқастың денесінде ісінген терінің сыртқы бетінен көтеріңкі үлкен күлдіреуік бөртпелер пайда болған. Бұл бөртпелер беттің, арқаның, құрсақтың, санның терілеріне жайылған. Қабағы, ұрттары, еріндері ісінген. Терісінің қышыну сезіміне, буындарының ауыратындығына шағымданған. Дене қызуы 37,7 – тан 38,3 градус аралығында.

Науқаста есекжем пайда болуының және терісінің ісінуін қалай түсіндіруге болады?


41. Клиникада ауқымды миокард инфарктіне байланысты жатқан науқастың 6-шы аптасында нәтижесінің жақсы болуына қарамай, жүрек аймағында тұйық ауру сезімі және перикардтың үйкеліс шуы, дене қызуының 39 градусқа артқаны байқалды. Қарап тексергенде қанында эозинофильды лейкоцитоз, жүрекке қарсы антидене титрінің жоғарылауы анықталды. Дәрігер «инфаркттан кейінгі синдром» (Дресслер синдром ) деген аңғарым жасады.

Сұрақтар:

1.Белгілі болғандай, Дресслер синдромы иммуногенді жолмен дамиды, осыны есепке ала отырып, оның дамуына әкелген Аг пайда болуы мен сипаттамасын көрсетіңіз.

2. Науқастың қанында жүрекке қарсы АД табылуы, дамыған серпілістің қандай түріне жатады?

3. Антикардиальды АД Ig-ің қай түріне жатады?


42. 15 жасар жасөспірім, сол жақ санында жыртылған, қатты ластанған жарасымен хирургия бөлімшесіне түсті. Жарасы хирургиялық өңделіп тазартылып тігілді. Бөксесінің жоғарғы сыртқы бөлігіне 1500 АЕ сіреспеге қарсы емдік сары су енгізілді. Әрбір 6 күн сайын емдік сары су қайталанып енгізілді. Үш күннен кейін сары су енгізілген жерде ісіну байқалып, үлкен тығыз инфильтрат қалыптасты. Инфильтраттың үстіндегі теріде өлеттену дамып, артынан ұзақ жазылмайтын жара пайда болды.

Сұрақтар:

1. Науқаста аллергиялық серпілістің қай түрі дамды?

2. Өлеттену бар қабынудың пайда болуын қалай түсіндіруге болады?
43. Науқастың аяғының ашық жарақатына қайталап антигистаминдік «қорғанысы бар» тырыспаға қарсы сарысу енгізілді. Енгізгеннен кейін 9-шы тәулікте науқастың дене қызымы көтерілді, әлсіздік, иық және тізе буындарының ісінуі, теріде қатты қышыну шақыратын бөртпелер, тізеасты және шаптың лимфва түйіндерінің ұлғаюы байқалды (пальпацияда ауыру сезімі бар).

Сұрақтар:


  1. Науқаста дерттің қай түрін болжауға болады?

  2. Дерттің түріне нақтылай қорытынды жасау үшін қандай қосымша тексерулер қажет

  3. Дерт дамуының мүмкін болатын себебі мен тетігі қандай?

  4. Науқаста бұл жағдайдың алдын алуға болар ма еді?

44. 52 жастағы науқаста хирургиялық жолмен өкпенің қатерлі өспесін алып тастағаннан соң, химиотерапия емінен кейін бір жылдан соң сол жақ бұғана асты лимфа түйіндерінің ұлғайғаны байқалды. Биопсия кезінде өспе жасушалары анықталды, құрылымы бойынша алып тасталған өкпенің қатерлі жасушаларына ұқсас.



Сұрақтар:

  1. Осы ерекшеліктерді қалай түсіндіруге болады?

  • жаңа өспенің пайда болуымен?

  • өкпе өспесінің қайталануы?

  • өкпе өспесінің метастаздануы?

  1. Даму тетіктерінің мүмкіндігін анықтайтын жауапты негіздеңіз

45. 50 жастағы науқас жалпы әлсіздікке, шаршағыштыққа, тәбеттің себепсіз төмендеуіне, жүректің айнуына шағымданады. Соңғы уақыттарда айтарлықтай салмағының төмендеуі, қызба, терінің бозарғаны байқалады. Қанның және асқазан сөлінің зерттеу нәтижелері асқазан сөлі қышқылдығының төмендегенін және анемияны көрсетеді.

Гастроскопиялық зертеуде өспе анықталды. Науқас сонымен қатар, 30 жылдан бері атрофиялық гастритпен ауыратынын айтты.

Сұрақтар:

1. Асқазанның созылмалы атрофиялық гастриті қатерлі өспенің дамуына әкелуі мүмкін бе?



2. Науқастың жүдеуінің (кахексия) даму тетігі қандай? Түсіндіріңіз?
* Ситуациялық есептерді құрастырғанда П.Ф.Литвицкийдің «Патофизиология» (2007) оқулық құралының электронды қосымшасы; «Руководство к практическому курсу патофизиологии» Э.Н. Баркованың редакторлығымен, 2007ж. қолданылды
3. ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ


  1. Патологиялық физиология, мақсаты, міндеттері. Тәжірибенің патофизиологиядағы маңызы (артықшылығы мен кемшіліктері). ҚР ДС № 442 «Қазақстан Республикасында клиникаға дейінгі, медициналық-биологиялық тәжірибелер мен клиникалық зерттеулерді жүргізу ережелері туралы» бұйрығы. Қазақстан Республикасы сауда және индустрия Министрлігінің техникалық реттеу және метрология бойынша Комитетінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 575 бұйрығы. Қазақстан Республикасының зертханалық тәжірибе мемлекеттік стандарты. Негізгі қағидалары.

  2. Денсаулық, ауру, анықтамасы. Аурудың нышандары. Аурулардың жіктелу ұстанымдары. Дерттік әсерленіс, дерттік үрдіс, дерттік жағдай. Біртектес дерттік үрдістер туралы түсінік.

  3. Аурудың өту кезеңдері, олардың сипаттамасы. Жұқпалы аурулардың сатылары. Ауру алды туралы түсінік. Ауру алдын жүктемелік сынаулар арқылы анықтау.

  4. Өлім аурудың аяқталуы ретінде. Өлімнің түрлері. Өлімнің сатылары, сипаттамасы. Тірілтудің негізгі ұстанымдары. Тірілтілген организмнің ауруы, патогенезі.

  5. Этиология туралы түсінік. Ауру туындауындағы себеп пен жағдайдың маңызы. Ауруларды алдын алудың және емдеудің этиотроптық ұстанымдары. Организмге төмен барометрлік қысымның әсері. Биіктік ауруының этиопатогенезі.

  6. Эиологиялық жайттардың жіктелуі және олардың сипаттамасы. Ауру туындауында сыртқы орта жайттары мен организмнің ерекшеліктерінің маңызы.

  7. Организмге электр ағымының әсері

  8. Организмге иондаушы сәуленің әсері

  9. Организмге шудың, ултрадыбыстың, лазер сәулесінің әсері

  10. Организмге гипокинезияның әсері

  11. Организмге механикалық жайттардың әсері, ұзақ жаншылу синдромы

  12. Маскүнемдік, уытқорлық, нашақорлықтың патофизиологиялық аспектілері

  13. Организмнің қартаюы, қартаю теориялары

  14. Тұқымқуалаушылықтың ауру туындауындағы маңызы. Этиологияда тұқымқуалаушылық пен сыртқы орта жайттарының рөліне байланысты аурулардың жіктелуі. Тұқымқуатын және туа пайда болған аурулар, себептері. Тұқымқуатын аурулардың пайда болуының жалпы тетіктері. Бидл-Татум, Жакоба-Мано-Львов тұқымқуатын ауруларының патогенездік теориялары.Тұқымқуатын ауруларды диагноздау, алдын алу және емдеу ұстанымдары.

  15. Патогенез, анықтамасы. Бүлініс патогенездің бастапқы тізбегі ретінде. Бүлініс деңгейлері. Патогенездегі себеп-салдарлық арақатынастар, мысалдар келтіру.

  16. Патогенездің негізгі тізбегі, «кері айналып соғу шеңбері» туралы түсініктер, мысалдар келтіру. Ауруларды патогенездік емдеу ұстанымдары. Балаларда бейімделу және қалпына келу тетіктерінің ерекшеліктері.

  17. Организм реактивтілігі мен төзімділігі туралы түсінік. оздырғышқа организмнің жауап қайтару түрлері, мысалдар. Реактивтіліктің түрлері, сипаттамасы. Ауру пайда болуында, дамуында және аяқталуында реактивтіліктің маңызы.

  18. Реактивтілікте жас шамасы мен жыныстың маңызы

  19. Конституция, анықтамасы. Сиго, Э. Кречмер, И.П. Павлов, М.В. Черноруцкий, А.А. Богомолец бойынша конституция түрлерінің жіктелуі. Организм конституциясының реактивтіліктегі маңызы.

  20. Жасушаның бүлінуі, анықтамасы. Бүліністерге жасушаның төзімділігін анықтайтын жайттар. Жасуша бүліністерінің түрлері, сипаттамасы. Жасушаның жіті және созылмалы бүліністерінің сатылары.

  21. Жасуша бүліністерінің арнайы және бейнақты көріністері. Иондық теңсіздік, патогенезі. Қажыммен қамтамасыз етілуінің бұзылуы, салдарлары.

  22. Жасуша мембранасы бүлінулерінің патогенезі. МАТ әсерленуі жасуша мембранасы бүлінісінің негізгі тетігі. Цитоплазма мембранасы мен жасушаішілік құрылымдар бүліністерінің салдарлары.

  23. Апоптоз туралы түсінік, патогенезі. Зақымдану кезіндегі жасушадаға бейімделу тетіктері.

  24. «Жедел кезеңнің жауабы», себептері, дәнекерлері және олардың әсері. «Жедел кезең жауабының» нәруыздары, олардың қызметі. Организм үшін жауаптың «жедел кезең жауабының» маңызы.

  25. Жалпы адаптациялық синдром (стресс), себептері, кезеңдері, даму тетіктері. Стрестің қорғаныстық – бейімделулік және дерттуындатулық маңызы. Адаптация дерттері туралы түсінік.

  26. Сілейме туралы түсінік, анықтамасы. Этиологиясы мен патогенезі бойынша сілейменің жіктелуі. Жарақаттық сілейме, себептері, сатылары, гемодинамика мен микроциркуляция өзгерістері. Кома, түрлері, даму тетіктері.

  27. Артериялық гиперемия, анықтамасы, пайда болу себептері, түрлері, даму тетіктері, микроциркуляция жағдайлары. Артериялық қан кернеуінің (гиперемияның) сыртқы көріністері, олардың патогенезі. Артериялық гиперемияның салдарлары.

  28. Веналық гиперемия, анықтамасы, себептері. Микроциркуляция жағдайлары.Веналық гиперемияның сыртқы қөріністері, олардың патогенезі. Веналық гиперемияның салдарлары.

  29. Ишемия, анықтамасы, себептері. Микроциркуляция жағдайлары. Ишемияның сыртқы көріністері және олардың патогенезі. Ишемия кезіндегі теңгерулік тетіктер. Ишемияның салдарлары. Қан реперфузиясы туралы түсінік, анықтамасы, пайда болатын өзгерістердің патогенезі, салдарлары.

  30. Стаз, анықтамасы, түрлері. Нағыз капиллярлық стаз кезіндегі қан ағымы токтауының тетіктері. Стаздың салдарлары.

  31. Тромбоз, анықтамасы. Тромбоздың этиологиясы. Артерия мен көктамырда тромб түзілу патогенезі. Тромбоздың аяқталуы мен салдарлары. Бейімделу үрдістері: шунтталу, жанама қанайналымы. Алдын алу мен емдеу жолдары.

  32. Эмболия, анықтамасы. Эмболияның түрлері. Үлкен және кіші қанайналымы тамырларының, қақпа венасының эмболиясы. Алдын алу мен емдеу жолдары.

  33. Организмдегі су тепе-теңдігі бұзылуының түрлері. «Сумен улану» туралы түсінік, себептері, даму тетіктері. Сулану туралы түсінік

  34. Ісіну, түрлері. Ісінудің гемодинамикалық және жүйке-эндокриндік патогенездік жайттары, сипаттамасы.

  35. Ісінудің онкотикалық, тамырлық және тіндік патогенездік жайттары, сипаттамасы.

  36. Судың басымырақ тапшылығынан дамитын сусыздану, себептері, патогенезі. Сусызданудағы негізгі физиологиялық жүйелердің қызметтерінің бұзылыстары.

  37. Электролиттердің басымырақ тапшылығынан дамитын сусыздану, себептері, патогенезі. Сусызданудағы негізгі физиологиялық жүйелердің қызметтерінің бұзылыстары.

  38. Натрий, калий, кальций алмасуларының бұзылыстары, себептері, салдарлары

  39. Газдық ацидоз, себептері, теңгерілу тетіктері. Теңгерілмеген кездегі организмдегі бұзылыстар.

  40. Газдық емес ацидоз, себептері, теңгерілу тетіктері. Теңгерілмеген кездегі организмдегі бұзылыстар.

  41. Газдық алкалоз, себептері, теңгерілу тетіктері. Теңгерілмеген кездегі организмдегі бұзылыстар.

  42. Газдық емес алкалоз, себептері, теңгерілу тетіктері. Теңгерілмеген кездегі организмдегі бұзылыстар.

  43. Бауырда гликогеннің түзілуі және ыдырауының бұзылуы. Гликогеноздар туралы түсінік.

  44. Көмірсудың аралық алмасуының бұзылуы (гиперлактацидемия, гиперпируватацидемия), патогенезі.

  45. Гипогликемия, себептері. Гипогликемиялық команың патогенезі

  46. Гипергликемия, түрлері, даму тетіктері. Глюкозурия, түрлері, патогенезі

  47. Ұйқыбездік және ұйқыбезден тыс инсулиннің жеткіліксіздігі, даму тетіктері. Қант диабетінің I және ІІ түрі туралы түсінік.

  48. Диабеттік синдромның әрбір симптомдарының патогенезі.. Диабеттік команың патогенезі. Микро - және макроангиопатиялардың патогенезі

  49. Нәруыз түзілуі мен ыдырауының бұзылыстары, себептері, патогенезі, салдарлары. Оң және теріс азоттық тепе-теңдік. Гиперазотемия, түрлері, патогенезі.

  50. Қан плазмасы нәруыздық құрамының бұзылыстары: гипер-, гипо-, және диспротеинемиялар; парапротеинемия.

  51. Майлардың тағаммен түсуінің, асқазан-ішек жолдарында қорытылуы мен сіңірілуінің, тасымалдануының бұзылыстары, себептері, салдарлары. Семіру, түрлері, патогенезі.

  52. Холестерин алмасуының бұзылыстары. Атеросклероз, сатылары, патогенезі, алдын алу және емдеу ұстанымдары.

  53. Ашығу, түрлері, себептері, ашығу кезеңдері. Сумен толық ашығу. Ашығудың әр кезеңдерінде зат алмасуы мен физиологиялық қызметтердің өзгерістері

  54. Гипоксия, анықтамасы, жіктелуі. Экзогендік, тыныстық, қанайналымдық, гипоксиялар, себептері, даму тетіктері

  55. Гемдік және тіндік гипоксия себептері, даму тетіктері

  56. Гипоксия кезінде зат алмасу және физиологиялық жүйелер қызметінің бұзылыстары. Гипоксия кезіндегі теңгерулік әсерленістер (жедел және ұзақ мерзімдік).

  57. Қызба, анықтамасы. Қызбаның этиологиясы, экзо – және эндогендік пирогендік заттардың сипаттамасы. Қызба кезіндегі қызу көтерілуінің патогенезі.

  58. Қызбаның кезеңдері. Терморегуляцияның өзгерістері және қызбаның әртүрлі кезеңіндегі клиникалық көріністер.

  59. Қызба кезіндегі зат алмасу және физиологиялық жүйелер (жүйкелік, жүрек – тамырлық, тыныс алу, ас қорыту, бүйрек) қызметтерінің өзгерістері

  60. Организм үшін қызбаның жағымды және жағымсыз жақтары. Қызым түсіретін емнің патофизиологиялық ұстанымдары. Пиротерапия туралы түсінік. Қызбаның ысынудан айырмашылығы.

  61. Аллергия, анықтамасы. Аллергияның этиологиясы (себептері мен жағдайлары), аллергендердің жіктелуі, олардың сипаттамасы. Аллергиялық серпілістердің Кук, Джелл және Р.Кумбс бойынша жіктелуі.

  62. Аллергиялық серпілістердің реагиндік түрі, сатылары, патогенезі

  63. Аллергиялық серпілістердің цитотоксиндік түрі, сатылары, патогенезі

  64. Аллергиялық серпілістердің иммундық-кешендік түрі, сатылары, патогенезі

  65. Аллергиялық серпілістердің жасуша қатысуымен өтетін түрі, сатылары, патогенезі

  66. Сенсибилизация және гипосенсибилизация, түрлері, патогенезі.

  67. Аутоиммундық аурулар, патогенезі.

  68. Өспе туралы түсінік, анықтамасы. Өспелердің атипиясы туралы түсінік. Морфологиялық атипия, өсу – көбею атипиясы.

  69. Өспелердің атипиясы туралы түсінік. Биохимиялық атипия.

  70. Өспелердің атипиясы туралы түсінік. Антигендік атипия, функциялық атипия.

  71. Өспелердің биологиялық ерекшеліктері (инфилтрациялық өсу, метастаздану, қайталануы), патогенезі

  72. Өспелердің пайда болуында химиялық, физикалық, биологиялық канцерогендердің маңызы.

  73. Өспе өсуінің патогенезі (инициация, промоция, прогрессия).

  74. Қатерлі өспелердің организмге әсері. Паранеоплазиялық үрдістер туралы түсінік. Өспелік кахексияның патогенезі

  75. Өспеге қарсы төзімділік (антиканцерогендік, антитрансформациялық, антицелюлярлы). Өспелерді емдеу ұстанымдары.

4. ТӘЖІРИБЕЛІК ДАҒДЫЛАР ТІЗІМІ
1. Дене жүктемесі сынауларымен жүрек – қантамыр жүйесінің икемделіп – бейімделу мүмкіншіліктерін (ауруалды) анықтау

Студент Мартине сынауын жүргізіп, алынған деректерді талдай және бағалай білуі қажет.


2. Дене жүктемесі сынауларымен тыныс алу жүйесінің икемделіп – бейімделу мүмкіншіліктерін (ауруалды) анықтау

Студент Штанге және Генче сынауларын жүргізіп, алынған деректерді талдай және бағалай білуі қажет.


3. Экзогендік гипоксияның үлгісін алу

Студент экзогендік нормобариялық және гипобариялық гипоксияның үлгісін алып, байқалған өзгерістердің (зақымдану және икемделу серпілістері көріністері) патогенезін түсіндіруі керек.


4. Гемдік гипоксияның үлгісін алу

Студент гемдік гипоксияның үлгісін алып, байқалған өзгерістердің (зақымдану және икемделу серпілістері көріністері) патогенезін түсіндіруі керек.


5. Артериалық гиперемияның үлгісін алу

Студент бақаның тілінде артериялық гиперемияның үлгісін алып, қанайналым өзгерістерінің патогенезін түсіндіруі керек.


6. Артериалық гиперемияның үлгісін алу

Студент қоянның құлағында артериялық гиперемияның үлгісін алып, сыртқы көріністерінің патогенезін түсіндіруі керек.


7. Веналық гиперемияның үлгісін алу

Студент бақаның тілінде веналық гиперемияның үлгісін алып, қанайналым өзгерістерінің патогенезін түсіндіруі керек.


8. Ишемияның үлгісін алу

Студент қоянның құлағында ишемияның үлгісін алып, сыртқы көріністерінің патогенезін түсіндіруі керек.


9. Май эмболиясының үлгісін алу

Студент ішек шажырқайында май эмболиясының үлгісін алып, қанайналым өзгерістерінің патогенезін түсіндіруі керек


10. Қабынудың үлгісін алу

Студент қабынудың үлгісін алып (Конгейм тәжірибесі), қанайналым өзгерістерінің және лейкоциттердің эмиграциясының патогенезін түсіндіруі керек.



беттің беті



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет