Өндірісті әкімшілік басқарудың құрылымы
Өндірістік тәжірибенің келесі күндерінде біз "Каликанулы" шаруа
қожалығы туралы жалпылама мәліметтермен таныстық.Шаруа
қожалығының өндіретін сүт өнімдерімен және етті қайта өңдеу
арқылы өндірілетін өнімдеріне шолу жасадық."Каликанұлы" - сүтті
және етті ірі қара мал өсірумен, жылқы шаруашылығымен, сүт пен ет
өңдеумен айналысатын шаруа қожалығы. "Каликанұлы" шаруа
қожалығы 2005 жылы тіркелген.Директоры-Марат Каликов
Каликанұлы.Шаруа қожалығында 107-ге жуық қызметкер жұмыс
істейді.Кәсіпорын сүт өнімдерін өңдеу,мал шаруашылығы,етті қайта
өңдеу,әр түрлі ет өнімдерін шығару бағыттары бойынша жұмыс
жасайды.Кәсіпорынның өзіндік "Айша" сауда маркасымен сүт
өнімдерін яғни айран,қаймақ,йогурт,сүзбе,сары май және тағы басқа
өнімдерді өндіреді".Каликанулы" шаруа қожалығының Семей
қаласындағы сүт өңдеу цехында күніне 20 тонна сүт өнімдерін
өңдейді. "Айша" сауда маркасы сүт өнімдерінің 17атауын
шығаратынын білдік.Тек қана сүт өнімдері ғана емес ет өнімдерін
өңдейтін цех жұмысымен де таныстық,Ет өнімдерінің 23-ке жуық
түрін,соның ішінде ысталған шұжық,жартылай ысталған
шұжық,пісірілген шұжық,әртүрлі деликатес түрлерін
шығарады."Каликанулы" шаруа қожалығы тек қана ет және сүт
өнімдерін шығарумен айналыспайды сонымен қатар бұл шаруа
қожалығы жем-шөп өнімдерін өндіріп,сауын сиырларды өздерінің
жеке фермасында өсіреді.Асыл тұқымды етті ірі қара мен жылқыларды
баптайтын Көкпекті ауданында орналасқан ірі фермалары бар.Сүтті ірі
қара мал өсірумен 10 жылдан аса уақыт айналысып келеді.Бір мезгілде
16 бас сиыр саууға арналған арнайы сауу залы да бар."Каликанулы"
шаруа қожалығында 80 гектар аумақты алып жатқан жем-шөп
дақылдарын өсіретін егістік алқабы бар."Каликанулы" шаруа
қожалығы туралы жалпы мәліметтермен танысып,шаруа
қожалығының ел экономикасына қосып жатқан үлесінің зор екеніне
көзіміз жетті.
Достарыңызбен бөлісу: |