Кафедрасы 5В070400 "Есептеу техникасы және программалық қамтамасыз ету" мамандықтарына арналған



бет11/74
Дата27.01.2023
өлшемі1.19 Mb.
#468830
түріПрограмма
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   74
Силл Еңбекті қорғау ЕТжБҚЕ 17-18 1 сем Гумаров

Ақыл-ойлық қажу, шығармашылық қызмет, өндірісті қызмет (ақпаратты қайта қалыптастыру, тандаулар, қорытындыны қалыптастыру), қарқынды қызметпен (қатаң ережелер бойынша ақпарат өңдеу, мысалы, шот) туындаған.
Еңбек қызметінде жалпы қажуды сипаттайтын, барлық қажу түрлерінің қандай да бір бөліктерінің үйлесімі маңызды орын алып отыр.
Жұмыскер денсаулығын сақтау мен жұмысқа қабілетін жоғары деңгейде қолдау, қайта қажудың алдын алу үшін келесі бағыттар бойынша әр түрлі шараларды өткізу керек, олар:
1) әрбір операцияның элементтерін орындау кезеңділігі мен құрамның тиімділігі мақсатында антропометрия мен биомеханика талаптарын есепке ала отырып, еңбек әдістері мен тәсілдерін тиімді дайындау;
2) жұмыс орнын жарықтандыру мен жоспарлауды оңтайландыру;
3) бір саздылығын төмендететін, оны мазмұнын жалпыландыратын, еңбектегі психофизиология шекараларын бөлуді сақтау;
4) өндірістің зиянды шарттарын жою мен оның жұмыскерлерге әсер етуін төмендету бойынша шаралар;
5) жұмыскерлердің эмоционалды күш салуын төмендету және олардың еңбек белсенділігін көтеру.
Еңбек және демалыс режимі — ауысым, апта, ай, жыл аралығындағы жұмыс пен демалыс уақытының нақты кезеңділігін реттейтін тәртіп.
Еңбек және демалыс режимдерін тиімді өңдеудің негізгі мақсаты жоғары жұмыс қабілеттігін, жұмыскердің денсаулығын сақтау, оның тұлғалығын дамыту үшін қолайлы шарттарын құру, сондай-ақ өндірістік күшті тиімді пайдалануды қамтамасыз ету болып табылады.
Еңбек және демалыс режимін негіздеу адам факторлары бойынша – еңбек психологиясы мен физиологиясының талаптарын есепке алу, демалыс уақытында жұмыс қабілетін толығымен қалпына келтіруге қажетті адамның жұмыс қабілетінің динамикасы бойынша нақты шектеулер ретінде әрекет етеді.
Жұмыс пен еңбек режимін дайындауда бірнеше жалпы талаптар ескерілуі керек, негізінен:
• барлық жұмыста және барлық жұмысшылар топтары үшін жұмыс пен демалысты тиімді кезектестіру;
• кейбір жынысжастық топтағы психофизиологиялық ерекшеліктерін есепке алу (алдымен жасөспірімдер, сондай-ақ жүкті , жас балалары бар әйелдер);
• демалысқа уақытты бөлу және еңбек мазмұны мен негізделген шарт-тарда, жүктеме жұмысы уақытында шығаруды есепке ала отырып, оны өткізуді ұйымдастыру;
• демалыстың кезеңдігі мен ұзақтығын, сондай-ақ ауысым кезінде оны ұйымдастыруды реттеу;
• демалысқа үзілістің ұзақтылығы мен санын анықтау әдістері мен қағидаларының бірлігі.
Еңбек пен демалыстың ішкі ауысымдық режимі ауысымның басталуы мен аяқталуы уақыты, оның ұзақтылығы, демалысқа үзілістің қосынды ұзақтығы, кейбір үзілістердің мөлшері, оларды ауысым аралығында бөлу мен регламент-теледі.
Демалыстың ішкі ауысым үзілісіне микроүзіліс, регламенттелген үзіліс, түскі үзіліс жатады.
Микроүзіліс - бір істен екіншісіне ауысуда жүйке жүйелерінің қайта ауысу қажеттігімен шыққан жұмыс, операция арасындағы ұзақтығы бірнеше секундтарды құрайтын, өзі шығаратын қысқа үзілістер.
Демалысқа регламенттелген үзілістер жұмыс қабілетінің күрт түсуін алдын-алуға арналған. Олар жұмыс уақытына уақыт нормасының құрамына енетін ұзақтылықтағы еңбек нормасының есебінде енеді.
Түскі үзіліс пен демалысқа арналған және ауысым уақытына енбейтін 30 минуттан 1 сағатқа дейінгі ұзақтықта түскі үзіліс болады. Оны ауысым орта-сына қойған дұрыс.
Еңбек пен демалыстың апталық режимі демалыс күндерінің тәртібін қарастырады. Сонымен қатар, апталық және айлық режим жұмыс ауысымының графигін орнатады. Демалыс күндерін жұмыс күндерінің тең санынан кейін қойған дұрыс.
Ауысым графигін ауысымның кезеңдігімен, ауысымнан ауысымға ауысу тәртібі мен жиілігімен анықталады.
Еңбек пен демалыс режиміне жұмыс ерекшелігі мен оның ауа-райы немесе климаттық жағдайларды жүзегеасырылуы әсер етуі мүмкін.
Демалыс тиімділігі оны өткізуді ұйымдастыруға байланысты. Белсенді және пассивті демалыс бар. Белсенді — туризм, спортпен шұғылдану және т.б. физикалық жүктемеге демалыс, іс-әрекет ауысымын ұсынады. Белсенді демалысқа өндірістік гимнастика жатады.
Пассивті демалыс ауыр физикалық жұмыстарға арналған организмнің байсалды жағдайында жұмыс қабілетін қалпына келтіруді ұсынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет