Кафедрасы 5В070400 "Есептеу техникасы және программалық қамтамасыз ету" мамандықтарына арналған


«Адам-машина-өндірістік орта» жүйесіндегі проблемалар



бет10/74
Дата27.01.2023
өлшемі1.19 Mb.
#468830
түріПрограмма
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   74
Силл Еңбекті қорғау ЕТжБҚЕ 17-18 1 сем Гумаров

4. «Адам-машина-өндірістік орта» жүйесіндегі проблемалар
Адамның еңбек қызметі өндірістік ортаға әсер етуде, ұжымда өндірістік процестер мен қатынастарды ұйымдастыруда қалыптасады және өтеді. Адамның іс-әрекетін екілік ішкі жүйе қатарына бөлуге болады, оның негізін адам құрайды:
1) адам – өндірістік орта (мекеменің микроклиматы, ауадағы зиянды қоспа құрамы мен топталу, жарықтылық және басқа өндірістік сәуле шығару, дыбыстық: шуыл, дірілдеу, электромагнитті және тездетілген тербелу; жұмыс орны кеңістігінің көрсеткіштері мен габариттері; еңбек заттары, құрамдары);
2) адам – өндірістік процесс (физикалық жүктеме, жұмыс тұрысы мен еңбек қозғалысы, жүйкелі-психикалық жүктеме, жұмыс қарқыны мен ритмі, еңбек және демалыс режимі);
3) адам – еңбек ұжымы (ұжымның әлеуметтік құрылымы, еңбек тәртібінің деңгейі, өзара талаптылық пен жауапкершілік, оң қатынастың мүмкіндігі, тұлғааралық байланыс).
Қауіпті жағдай пайда болғанда адамның іс-әрекетін шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады, бірақ әрбір нақты жағдайда төтенше жағдай пайда болуына бір фактор әсер етуі мүмкін, бірақ көп жағдайда барлық факторларда өзара әрекетте болады. Төтенше жағдайды анықтайтын және шешуші факторы адам болып табылады.
Мақсатты іс-әрекетке адамның мүмкіндігі үш негізгі сипаттамамен іс-әрекетке қабілеттігі, еңбекке жарамдылығы жұмысқа қабілеттігімен бағаланады. Іс-әрекетке қабілеттілік – бұл өз ісінің мәнін білу, оны басқару, жетілдірудегі мақсатты іс-әрекетті қалыптастырудың жалпы мүмкіндігі. Басқаша айтқанда, мақсатты іс-әрекеттің әр түрлі формаларын жеке жүзеге асыру мүмкіндігі. Еңбекке жарамдылық – нақты көлем мен сападағы жұмысты орындай алатын адамның денсаулық жағдайы. Еңбек қабілеттілігі организмнің құрылу нәтижесіндегі жаспен төмендеуі мүмкін, ауырған кезде, үнемі (толығымен немесе жеке) тұрмыстық немесе өндірістік жарақат, созылмалы ауру немесе улану нәтижесінде жоғалады. Іс-әрекет қабілеттігі мен жұмыс жарамдылығы мәні бойынша қызметтегі мақсатқа жетудегі адамның әлеуметті мүмкіндігін сипаттайды. Еңбек процесінде осы мақсатты жүзеге асыруда нақты уақыт аралығында физикалық және жүйке жүктемесін көре отырып, нақты шарттарды, іс-әрекеттерді орындайды, мұндағы негізгі сипаттама оның жұмысқа жарамдылығында, яғни еңбек қызметін физиологиялық және психологиялық қамтамасыз ету, мұндағы организмнің барлық жүйелері – рецепторлар, жүйке клеткалары, бұлшық еттер, қан тамырлар, темірдің келісімді әрекет етеді, іс-әрекет саны мен ұзақтығы адам жұмыс жарамдылығын анықтайды.
Жұмыс жарамдылығы адам организмінің физиологиялық және психика-лық қызметтер ішінде және нақты жұмыс уақытында талап етілген сапада нақты іс-әрекетті орындаумен байланысты мүмкіндігі деп аталады.
Организмнің өмір сүруінің әр түрлі деңгейлерінде жұмыс жарамдылығы әр түрлі болады. Апдамның жұмысқа жарамдылығының бастапқы деңгейі субъек-тивті факторларға байланысты: жүйке жүйесінің типтері; бұлшық ет күші мен шыдамдылық; денсаулық жағдай; кәсіптік шеберлік пен жаттығу деңгейі; «энергетикалық үнемді» біршама тиімді жұмыс орындау мүмкіндігі; еңбектің оң себебінің бар болуы; жұмыс мазмұнына оның мақсатындағы жетістіктерге қызығушылық; жұмыскердің жасы, эмоционалды жағдайы және т.б.
Ауысым, апта, жыл аралығында еңбек процесіне жүктеменің ұзақтығы мен деңгейдің өсуі бойынша жұмыс жасау біршама кең ауқымда өзгереді.
Жұмысқа қабілеттілік бірқатар факторлардың әсерінен өзгеретін өлшем болып табылады. Ауысым, тәулік, апта, жыл ішінде жұмысқа қабілеттіліктің тербелісінің кейбір жалпы заңдылықтары бар.
Еңбек процесінде жұмыс қабілеттілігінің төмендеуі алдымен дамитын өнді-рістік қажуға негізделген.
Өндірістік қажу - жұмыс пен еңбек шартының әсер етуінен пайда бола-тын, адам организмінің функционалды мүмкіндіктерінің уақытша және қай-тымды төмендеуі.
Еңбек шарты тек ұйымдастыру-техникалық, санитарлы-гигиеналық және басқа да материалды-заттық шарттар ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік-психоло-гиялық, алдымен ұжымдағы өзара қатынас, ондағы әлеуметті-психологиялық климат болып табылады.
Қажу іс-әрекеттің тиімділігін төмендетуге әкеліп соғады, яғни бір жұмыс актісіне физиологиялық және психикалық өлшемдердің өсуі травматизм мен сәтсіз оқиғалардың пайда болуы өседі.
Өндірістік қажу адамдағы шаршағандық сезімі ретінде сезіледі, оны аса ерекше психологиялық жағдайда бастан кешіп жүрген, қажудың биологиялық белгісі ретінде қарастыруға болады. Адам келесілерді сезеді:
• әлсіздік сезімі — жұмыстағы жоғары жүктемелік, оны керекті дәрежеде жалғастыру мүмкіншілігін сенімсіздік;
• назардың бұзылуы (оның топталуында қиыншылық, тұрақсыздық немесе керісінше әлсіздік, назардың аз аударылуы, оны қосудағы қиыншылықтар);
• түйсік саласында бұзылулар (жұмысқа қатысуда қабылдайтын анализатор іс-әрекетінің өзгеруі – көз көруінің, есту, көз сығырайту сезімінің және т.б. төмендеуі);
• моторлық саланың бұзылуы (баяулатылған немесе ретсіз, асығыс, жеткіліксіз дәрежедегі нақтылық және байланыс-тырылмаған қозғалыстар);
• жұмыс істейтін органдардың тартымсыз сезінуі: қол мен аяқ бұлшық еттеріндегі ауыруы мен ісуі, статикалық тұрғыда — арқа, қарын, мойын, ақыл-ой жұмысында — маңдай мен қарақұс саласында ауырулар пайда болады;
• жұмыс іс-әрекетінің саласында ойлау мен естің ақаулары;
• ерік-жігердің әлсізденуі (шыдамдылық, өзін бақылау, тегеуіріндік);
• жиі әрі ұзақ үзілістерді санасыз жасау;
• ұйқышылдық.
Өндірістік қажулардың барлығы да шаршау сезімінде пайда бола бермейді. Ол өзін физикалық іс-әрекетте анық көрсетеді: пульс, демалыс, қатты терлеу, бұлшық еттердің шаршауының жиілігінің өсуімен. Сондықтан еңбек пен демалыстың тиімді режимінің, психикалық өзін реттеу дағдысының жоқтығында пайда болған қажу, аса қажуға айналуы мүмкін – ол демалыс кезінде жұмысқа қабілеттілігі толығымен қалыптаспайтын, ауру жағдайы және организмде функционалдық бұзылулар дамуы мүмкін: ызаланушылық, күндізгі ұйқышылдық және түндегі ұйқысыздық, бас аурулары және де орталық жүйке жүйелерінің ауруы.
Өндірістік қажуды дамытатын объективті көрсеткіштер:
• экономикалық (айлықтың төмендеуі, бірлік уақыттың өсуі, ақаулы заттардың өсуі);
• статистикалық (жұмыскерлердің бастамасы бойынша үзілістер, жұмыс әрекетіндегі микроүзіліс);
• физиологиялық (қозғалыс үйлесімінің, қол мен саусақтардың треморы (қалтырауы), назар құрамының төмендеуі, қателіктер санының өсуі);
• психологиялық (психикалық процесстердің және реакциялардың азаюы, қателер санының өсуі).
Өндірістік қажудың өсудегі себептері келесілер болуы мүмкін:
• жоғары қарқынды, күш салынған іс-әрекет;
• уақыт бойынша жүктемені тиімсіз бөлу (жұмыс қалыптылығының бұзылуы);
• қабылданатын және қайта өнделетін ақпарат ағынының шектен тыс мөлшері;
• еңбектің төмен мазмұндылығы (бір қарқындылығы);
• антропометриялық және эргономикалық талаптарға жұмыс орнының жоспарлануы, құралдарының сәйкес келмеуі;
• өндірістік тәуекел мен қауіптіліктің өсуімен шыққан күш жұмсау;
• ұжымдағы қолайсыз әлеуметті-психологиялық климат, еңбектің нашар жағдайы;
• жұмыскердің жеткіліксіз дәрежедегі біліктілігі;
• организмнің қарама-қарсы тұруы мен шыдамдылықтың төмендеуі.
Мамандар күш жұмсауды келесі түрлерін көрсетеді:
интеллектуальды, проблемалық жағдайды шешуді саны көп талап етушілермен шыққан;
сенсорлық (түйсіктік), анализаторлардың іс-әрекеттің тиімсіз шарттарына негізделген (мысалы, ұсақ бөлшек сияқты, өзгешеліктеріндегі объектілерді жік-теудегі қиыншылықтар, жұмыс беті мен өзгешелік объектісіндегі түстің аз кере-ғарлығы, жеткіліксіз жарықтандыру);
монотонды (бір сазды) (бірдей істерден, жағдайлардан және т.б. шыққан, күш салу);
политонды (көп сазды) - кездейсоқ бағыттарға назарды жиі ауыстыру қажеттілігімен туындаған, күш салу;
физикалық күш салу (қозғалтқыш аппараттың жүктемесінің өсуі);
• эмоционалды күш салу, жұмыстың эмоционалды қатыстырмау мазмұны мен оны жүзеге асыру шарттары, апат пен жарақаттың жоғары ықтималдығы, дау жағдайлардан туындаған;
күтудегі күш салу, іс-әрекеттің жоқтығы шартында жұмыс қызметінің дайындығын қолдау қажеттігімен туындаған (мысалы, берілген көрсеткіш-терден технологиялық процесс жолдарынан бас тарту туралы белгіге реакция-ның дайындығы);
себепті күш жұмсау (жұмысқа қызықпаушылық, шешім қабылдауға керекті себептермен күрес және т.б.).
Қажу түрлерін еңбек қызметін қамтамасыз ететін сол немесе басқа жүйке жүйесінің звеноларында оның артықшылықтарын оқшаулауға қатысты бөледі.
Түйсіктік қажу - ұзақ немесе қарқынды ызалану (қатты шуыл, нашар жарықтандыру) нәтижесінде сезім органдарының қажуы.
Перцептивті қажу — белгілердің көру қиыншылығымен туындаған (белгінің аз қарқындылығы, үлкен кедергілер, ажыратудағы қиыншылықтар, мысалы, шуыл кедергілері бар кездегі нашар дыбыс белгілерін ұстау қажеттілігі).
Ақпараттық қажу ақпарат немесе ақпараттың қайта жүктеуден туындайды, онда сыртқы орта бейнесін танудың дұрыс бейнесі жоғары қарқынды талап етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет