Кафедрасы 5В070400 "Есептеу техникасы және программалық қамтамасыз ету" мамандықтарына арналған


Өндірістік қауіпсіздік теориясының негіздері



бет9/74
Дата27.01.2023
өлшемі1.19 Mb.
#468830
түріПрограмма
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   74
Силл Еңбекті қорғау ЕТжБҚЕ 17-18 1 сем Гумаров

4. Өндірістік қауіпсіздік теориясының негіздері
Психофизиологиялық шектелген мүмкіндіктерден және қолайсыз өндіріс-тік ортада жұмыс істегенде, адам қателіктер жібереді, оның “бағасы” қазіргі өндірісте жылдам өсуде. Көптеген жағдайларда операторлардың іс-әрекеті, олардың біліктілігінің төмендігінен емес, адамның техника мүмкіндіктерінің конструкциялық ерекшеліктеріне сәйкес еместігімен болады.
Бар мәліметтерге сүйене отырып, қазір адам факторының үлесіне техникалық күрделі жүйелердің істен шығуы 40-70% келіп отыр. Әлемдік статис-тикаға сәйкес авиациядағы 80% және теңіз флотындағы 64% апат логикалық және моральдық деп аталатын қателіктер нәтижесінде болады. Келтірілген мысалдан, техника қаншалықты жетілдірілсе де конструкциялық көрсеткіштердің адам жұмысының оңтайлы шарттарында, психофизиологиялық мүмкіндіктері мен ерекшеліктерімен сәйкес келуіне байланысты. Сондықтан машина (жүйе) жұмысы мен операторлардың іс-әрекетін “адам-техника-орта” деген бір кешенде зерттеу керек.
Эргономика – оператордың еңбек қызметін оңтайландыру, оған қолайлы және қауіпсіз жағдайлар жасау, оның өнімділігін көтеру, денсаулық пен жұмыс қабілетін сақтау мақсатында “адам-техника-орта” жүйесінде пайда болатын мәселелерді зерттейтін ғылым. Осы анықтамадан, эргономика пәні – адамның еңбек қызметі, ал зерттеу объектісі – “адам-техника-орта”.
Алғашқы мәселе жүйенің тиімділігінің жеткіліксіздігі. Ол көптеген себептер-мен байланысты, мысалы құрал көрсеткіштері мен адамның сыртқы факторлар-дың күшті әсерінен, уақыт пен ақпараттың жетіспеушілігі шартында жұмыс істеуінің сәйкессіздігімен және т.б. түсіндіріледі.
Екінші мәселе өндірісте, көлік пен тұрмыста техникалық жүйелер мен өз-ара әрекеттесуіндегі адамдардың жарақат алуының өсу феномені болып табы-лады. Травматизм себебін талдау техника конструкция, ақпаратты бейнелеу құ-ралы, машина мен механизмді басқару органдарындағы кемшіліктерден пайда болған, адамдардың қате жасаған іс-әрекеттерімен негізделгенді көрсетеді.
Үшінші мәселе кадрлардың қайта-қайта ауысуымен байланысты.
Төртінші мәселе «индустриальды стресс» деп аталатын, жүйкелі-психика-лық аурулардың санының өсуімен байланысты. Осы аурудың біршама бөлігі қазіргі өндірісті ұйымдастыру қарқыны мен ерекшелігіне негізделген. Қозғалыс қауіпсіздігі мәселесінің айрықша ерекшелігі автомобиль-жүргізуші-жол эле-менттері бар жүйенің қоршаған орта шартында өзара әрекеттесуді жиынты-ғымен анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет