Кафедрасы 5В070400 "Есептеу техникасы және программалық қамтамасыз ету" мамандықтарына арналған


Еңбек қауіпсіздігі стандаттарының жүйесі (ЕҚСЖ)



бет13/74
Дата27.01.2023
өлшемі1.19 Mb.
#468830
түріПрограмма
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   74
Силл Еңбекті қорғау ЕТжБҚЕ 17-18 1 сем Гумаров

1. Еңбек қауіпсіздігі стандаттарының жүйесі (ЕҚСЖ)
Стандарттау – өнімнің және өндірістік процестердің типтеріне, өлшем-деріне, сапасы мен басқа да негізгі ерекшеліктеріне қойылатын міндетті талаптарды қарастыру, белгілеу және қолдану.
Стандарттардың мемлекеттік жүйесі стандарттың үш типінен тұрады:
- мемлекеттік (МЕСТ);
- салалық (ССТ);
- кәсіпорындық (КСТ).
ЕҚСЖ – еңбек процесіндегі адамның қауіпсіздігін, денсаулығы мен жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған нормалар мен ережелердің талаптарынан тұратын өзара байланысқан стандарттар кешені.
ЕҚСЖ:
- еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйым-дастыруға қойылатын талаптарды және еңбек қауіпсізідігі саласындағы стандарттаудың ұйымдастыру-әдістемелік негіздерін;
- қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың түрлері бойынша талап-тар мен нормаларды;
- өндірістік жабдықтарға қойылатын қауіпсіздік талаптарын;
- еңбеккерлердің қорғаныс құралдарына қойылатын талаптарды;
- үйлер мен ғимараттарға қойылатын қауіпсіздік талаптарын белгілейді.
ЕҚСЖ мемлекеттік қадағалау органдары осы органдар туралы ережелерге сәйкес бекіткен нормалар мен қағидалардың қызметін жоққа шығармайды. Мемлекеттік қадағалау органдары бекіткен нормалар мен қағидалар және ЕҚСЖ стандарттары өзара байланыста болуы тиіс.
ЕҚСЖ төменде келтірілген жүйелерден тұрады.
0” жүйелігінің стандарттары:
- еңбек қауіпсіздігі саласындағы стандарттаудың ұйымдастыру-әдістемелік негіздерін (жүйенің мақсатын, міндеттері мен құрылымын, ЕҚСЖ стан-дарттарын енгізу мен орындалуын бақылауды, еңбек қауіпсіздігі саласындағы терминологияны, зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың жіктелуін, т.б.);
- еңбек қауіпсіздігінің (жұмыс істеушілерді еңбек қауіпсіздігіне оқыту, персоналды аттестациядан өткізу, еңбек қауіпсіздігі жағдайын бағалау әдіс-терін, т.б.) белгілейді.
1” жүйелігінің стандарттары:
- зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың түрлері бойынша талап-тарды, олардың параметрлерінің шекті мүмкін мәндерін, зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың сипаттамаларын белгілейді;
2” жүйелігінің стандарттары:
- өндірістік жабдықтарға қойылатын қауіпсіздіктің жалпы талаптарын;
- өндірістік жабдықтың жекелеген тараптарына (түрлеріне) қауіпсіздік талаптарын;
- қауіпсіздік талаптарының орындалуын бақылау әдістерін белгілейді;
3” жүйелігінің стандарттары:
- өндірістік процестерге қойылатын қауіпсіздіктің жалпы талаптарын;
- технологиялық процестердің жекелеген топтарына (түрлеріне) қойыла-тын қауіпсіздік талаптарын;
- қауіпсіздік талаптарының орындалуын бақылау әдістерін белгілейді.
4” жүйелігінің стандарттары:
- қорғаныс құралдарының жекелеген кластарына, түрлеріне және типтеріне қойылатын талаптар;
- қорғаныс құралдарын бақылау мен бағалау әдістерін;
- қорғаныс құралдарының жіктелуін белгілейді.
5” жүйелігінің стандарттары:
- үйлер мен ғимараттарға оларда жұмыс істеп жатқан адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуіне қатысты қойылатын жалпы талаптарды;
- үйлер мен ғимараттарды тұрғызу, пайдалану, жөндеу және қалпына келтіру кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты оларға қойылатын жалпы талаптарды;
- үйлер мен ғимараттарға қойылатын қауіпсіздік талаптарын бақылаудың әдістерін белгілейді.
“0”, “2”, “3”, “4” және “5” жүйеліктерінің ЕҚСЖ стандарттары мемлекеттік және салалық, ал “0” жүйелігінің стандарттары, сондай-ақ кәсіпорындық та бола алады.
Салалық стандарттар талаптарды нормалар мен қағидаларды, саладағы еңбек қауіпсіздігі ережелерін ескере отырып, мемлекеттік стандарттарға сәйкес белгілеуі тиіс.
“1” жүйелік стандарттары мемлекеттік болуы тиіс. ЕҚСЖ “1” жүйелі-гіндегі салалық стандарттарды жасауға осы сала үшін бақылау әдістерінің спецификасы болған кезде қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың нормаланатын параметрлерін бақылау әдістеріне ғана рұқсат етіледі. Жобалық құжаттамалардағы үйлер мен ғимараттарға қойылатын қауіпсіздік талаптарын құрылыстық нормалар мен ережелерде ЕҚСЖ “5” жүйелігіне сәйкес белгілейді.
ЕҚСЖ мемлекеттік стандарттарын белгілеудің келесі құрылымы тағайындалған



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет