Кафедрасы 5В070400 "Есептеу техникасы және программалық қамтамасыз ету" мамандықтарына арналған



бет23/74
Дата27.01.2023
өлшемі1.19 Mb.
#468830
түріПрограмма
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   74
Силл Еңбекті қорғау ЕТжБҚЕ 17-18 1 сем Гумаров

Бақылау сұрақтары:

  1. Өндіріс пен кәсіпорындардың санитарлық жіктелімі

  2. Жұмыс орындарының микроклимат параметрлері

  3. Еңбектің санитарлы-гигиеналық шартына метрологиялық факторлар

  4. Бөлінетін зиянды заттардың орташа саны қандай өрнекпен анықталады?

  5. Еңбектің нормативтік метеорологиялық жағдайларын жасау тәсілдері

5 практикалық сабақтың тақырыбы: Еңбек қауіпсіздігінің психофизиологиялық негіздері


Тапсырмалар: Сұрақтарға жауап іздіңіз

  1. Еңбек қызметінің түрлерін;

  2. Ақыл-ой еңбегі мен қимыл еңбегінің ерекшелігінің жалпылығы;

  3. Еңбек қызметінің əр қилы түрлеріндегі энергетикалық күш жұмсау шығыны;

  4. Адамның шаршауының төмендететін əдістер мен жұмыс істеу қабілетін көтеру;

  5. Еңбектің қиындығы мен ауырлығын бағалау əдістері;

  6. Психикалық процесстер;

  7. Еңбек қауіпсіздігіне əсер ететін қасиеті мен жағдайы;

  8. Негізгі психикалық жарақаттың себептері.

5-СОӨЖ тақырыбы: Еңбек қауіпсіздігінің эргономикалық негіздері
Есеп беру түрі: ауызша-жазбаша
5-СӨЖ тапсырмалары: Психикалық жарақаттың себептері
Есеп беру түрі: реферат, конспект
Әдебиет: [1- 13]


АЛТЫНШЫ АПТА
6 дəріс
Тақырып: Зиянды заттар және сәуле шығарудан қорғау
Дәріс мазмұны:
1. Зиянды заттардың қауіптілігі кластары, адам ағзасына әсері
2. Зиянды заттардан қорғау құралдары мен тәсілдері.


1. Зиянды заттардың қауіптілігі кластары, адам ағзасына әсері
Шаңдар – ерекше зиянды заттар тобын құрайды. Шаңның пайда болуы күнделікті автомобильдерге қызмет көрсету, металл мен ағаш өңдеу, автомо- биль мен агрегат бұзу, бояу, термиялық және гальваникалық өңдеу, пісіру жұ- мыстарын орындаумен, басқа да техникалық процестер бойынша жұмыстармен байланысты.
Өндірістік шаң дегеніміз өлшемдері бірнеше микроннан микронның бөліктеріне дейін болатын жұмыс аймағы ауасындағы қалқыма күйдегі қатты бөлшектер. Ауа дисперсті орта болғандықтан, шаңды – аэрозоль, ал қатты бөлшектерді – дисперсті фаза деп атау қабылданған. Өндірістік шаңды түзілу тәсіліне, шығу тегі және бөлшектерінің өлшемдеріне байланысты жіктейді.
Түзілу тәсіліне байланысты дезинтеграция және конденсация шаңы (аэрозолі) деп жіктейді. Бірінші түзілу тәсілі бойынша шаң қатты материал- дарды қирату немесе ұсақтауға және сусымалы заттарды тасымалдауға байла- нысты өндірістік операциялардың салдарынан пайда болады. Шаңның екінші түзілу тәсілі – жоғарытемпературалы процестерде металдар немесе бейметал- дар буының салқындауы немесе конденсациясы салдарынан ауада қатты бөл- шектердің пайда болуы.
Шығу тегіне қарай шаң органикалық, бейорганикалық және аралас болып келеді. Шаңның сипаты мен зиянды әсерінің байқалуы негізінен оның шығу тегімен анықталатын химиялық құрамына тәуелді келеді. Шаңды жұту тыныс алу органдарының зақымдануына – бронхит, пневмокониоз немесе жалпы реакциялардың өрбуіне (интоксикация, аллергия) әкелуі мүмкін. Кейбір шаңдар канцерогендік қасиеттерге ие. Шаңның әсер етуін жоғарғы тыныс алу жолдары, көздің шырышты қабығы, тері қабаттары ауруынан байқауға болады. Шаңды жұту пневмония, туберкулез, өкпенің қатерлі ісігінің туындауына ықпал етеді. Пневмокониоз кең тараған кәсіби аурулар қатарына жатады. Шаңды тозаң бөлшектердің өлшемдері (дисперстілік) бойынша жіктеудің маңызы жоғары:
көрінетін шаң (өлшемі 10 мкм-ден үлкен) ауадан тез шөгеді, жұту кезінде жоғарғы тыныс алу жолдарына тұрып қалады, әрі жөтелу, түшкіру, қақыру арқылы кетеді;
микроскопиялық шаң (0,25...10 мкм) ауада орнықты келеді, әрі жұт- қанда өкпе альвеолына түсіп, оның ұлпасына әсер етеді;
ультрамикроскопиялық шаң (өлшемі 0,25 мкм-ден аз), өкпеде оның 60...70%-ы тұрып қалады, бірақ оның зақымдау қаупі төмен, себебі, оның жалпы массасы шамалы ғана.
Шаңның зиянды әсері оның басқа да қасиеттерімен анықталады: ерігіш- тік, бөлшектер формасы, олардың қаттылығы, құрылымы, адсорбциялық қасиеттері, электрзарядталғыштығы. Мысалы, шаңның электрзарядталғыштығы аэрозольдің орнықтылығына ықпал етеді; электрлік зарядталған бөлшек- тер тыныс алу жолында 2...3 есе көп тұрып қалады.
Шаң негізінен тыныс алу жолдарына зиянды әсер етеді, жоғарғы бөлім- дерде, өкпеде ауру тудырады. Шаңдар тек өкпеге ғана емес басқа дене мүше- леріне де зиянды әсерін тигізуі мүмкін: көзге, теріге, ас қорыту органдарына. Зиянды шаң денеде язва, экзема, дерматит, ісік, көзде қабыну; тамақта бронхит, астма туғызады. Шаңның аса көп химиялық белсендігі (хром, мышьяк) бар түрі ұзақ әсер етуде бұзылулар мен мұрын қуыстарының жабылуына әкеледі. Шаң өкпеде және лимфатикалық тораптарда жиналады, оның бұзылуына әкеледі.
Шаң теріге тітіркенушілік әсер етуі мүмкін (синтетикалық смола, әк, кальций корбидінің шаңы) және әр түрлі ауру процестеріне (дерматиттер, экземалар) әкелуі мүмкін. Тұзды және терлеу темірлерінің қуыстарына ене оты- рып, шаң бөліктері бітелуге әкелуі мүмкін, микробтың енуі мен қарсы тұруын төмендететін, терінің қалыпты іс әрекетін бұзады.
Өткір қиырлары қатты шаңдар көз жарақатын тудыруы мүмкін. Абразивті шаң қарашықтың бұлыңғырлануына әкелуі мүмкін. Хромды, қорғасынды, марганецті (аккумуляторлық, гальваникалық, пісіру, мысты-радиаторлық учас- келер) сияқты токсикалық шаңдар ас қорыту органына аз көлемде түссе де ула- нуды тудыруы мүмкін.
Санитарлық нормаға сәйкес жұмыс зонасының ауасында шаңдардың ақыр- ғы шекті концентрациясы (АШК) белгіленген (мг/м3).
Уланудың кез келген формасында өнеркәсіптік улардың әсер ету сипаты оның физикалық белсенділігі – уыттылықпен анықталады. Өнеркәсіптік улар дегеніміз өндірістегі тиісті санитарлық-техникалық шаралардың жүргізілмеуі мен еңбектің дұрыс ұйымдастырылмауы нәтижесінде адам ағзасына және оның жұмысқабілеттілігіне кері әсерін тигізуші улы заттар.
Заттардың адам өміртіршілігіне зиянды әсер ету қасиетін уыттылық деп атайды. Химиялық заттардың ағзаға уытты әсер етуі келесі факторлармен анық- талады: заттардың концентрациясы және агрегаттық күйі, құрамы, физикалық- химиялық қасиеттері, ағзаға ену жолдары және олардың ағза ұлпаларымен өз- ара әсерлесуі, жинақталу (кумуляция) және ағзадан шығарылу қасиеті, әсер ету ұзақтығы, ауа ортасының жағдайы, т.б.
Ауа құрамында газ буы немесе аэрозоль түрінде болатын зиянды заттар адам ағзасына әлеуетті қауіпті әсер ету дәрежесі бойынша қауіптіліктің төрт класына бөлінеді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет