Кафедрасы 5В070400 "Есептеу техникасы және программалық қамтамасыз ету" мамандықтарына арналған


Өндірістік жарықтандырудың түрлері



бет31/74
Дата27.01.2023
өлшемі1.19 Mb.
#468830
түріПрограмма
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   74
Силл Еңбекті қорғау ЕТжБҚЕ 17-18 1 сем Гумаров

2. Өндірістік жарықтандырудың түрлері
Жарық көзінің тегіне қарай өндірістегі жарық: табиғи, жасанды және осы екеуінің қатар пайдалануынан жасалатын құрама жарықтандыру болып үш түрге бөлінеді (1-сурет).

Сурет 1 – Жарықтандыру түрлері
Табиғи жарықтандыру деп тікелей күн сәулелері немесе көкжиектің ша-шыраған жарығының арқылы терезе ойықтары арқылы бөлмені жарықтан-дыруын айтады (2-сурет). Табиғи жарықтану деңгейі жыл мезгіліне, тәулік мез-гіліне, ауа-райына байланысты. Жарықтану деңгейі жоғары болу үшін терезе әйнектерін жиі тазалап тұру қажет.

Сурет 2 – Табиғи жарықтандыру көздері
3. Табиғи жарықтандыру, оны мөлшерлеу және есептеу
Табиғи жарықтанудың өндірісте еңбектің оңтайлы жағдайларын қамтама-сыз етудегі рөлі орасан жоғары. Табиғи жарық есебінен (электр энергиясының шығынысыз) жайдың ішінде және жұмыс орындарында жарықтанудың жоғар-ғы деңгейіне қол жеткізуге болады.
Табиғи жарықтануы оңтайлы жайларда адамның өзін-өзі сезінуі табиғи жарығы жоқ жайларға қарағанда анағұрлым жақсы болып келеді.
Жайдың табиғи жарықтану мөлшерін жайдың ішіндегі жарықтану (ЕІ) жайдың сыртындағы жарықтанудан (ЕС) неше рет аз екендігін көрсететін са-лыстырмалы шамамен сипаттау қабылданған.
Аталған салыстырмалы шама пайызбен өрнектеледі және табиғи жарық-тану коэффициенті (ТЖК) деп аталады да, е әрібімен белгіленеді:
е = (ЕІ / ЕС) ∙ 100 %.
Табиғи жарықтану коэффициентінің шамасы жарықтық саңылаулардың типі мен өлшемдеріне және олардың жұмыстық бетпен салыстырғандағы орна-ласуына байланысты анықталады.
Жарықтық саңылаулардың орналасу орнына байланысты табиғи жарық-танудың негізгі үш жүйесі болады:
-бүйірлік (терезе арқылы);
-жоғарғы ( фонарьлар арқылы);
-құрама (терезе және фонарьлар арқылы) (3-сурет).
Жайлардағы табиғи жарықтанудың жеткіліктілігі нормалармен реттеледі, осы нормалар бойынша көз жұмыстары жағдайларына байланысты табиғи жа-рықтану коэффициенттерінің мәндері белгіленген (СНиП23-05-95).
Табиғи жарықтануды өлшеу люксметрмен жүргізіледі. Фотоэлектрлік люксметр жарықтануды люкс шкаласы бойынша тікелей есептеу арқылы өл-шеуге арналған. Люксметрдің негізгі екі өлшеу шегі (30 және 100) бар. Өлшеу шектерінің ұлғаюы фотоэлемент корпусына орнатылатын жұтқыш құрылғы есебінен жүзеге асады.
Жарықтану шамасы бөлік санының түзетуші коэффициент (К1=0,8) пен жұтқыш коэффициент (К2=10; 100; 1000) көбейтіндісі тең болады.



Сурет 3 – Табиғи жарықтандыру түрлері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет