Кафедрасы 5В070400 "Есептеу техникасы және программалық қамтамасыз ету" мамандықтарына арналған



бет39/74
Дата27.01.2023
өлшемі1.19 Mb.
#468830
түріПрограмма
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   74
Силл Еңбекті қорғау ЕТжБҚЕ 17-18 1 сем Гумаров

Уақыттық сипаттамалары бойынша шу былайша жіктеледі:
тұрақты, 8 сағаттық жұмыс күнінде дыбыс деңгейі уақыт бойынша 5 дБА-ден жоғары емес шамаға өзгереді;
бейтұрақты, 8 сағаттық жұмыс күнінде дыбыс деңгейі уақыт бойынша 5 дБА-ден жоғары шамаға өзгереді.
Бейтұрақты шу өз кезегінде былайша жіктеледі:
• уақыт бойынша айнымалы, дыбыс деңгейі уақыт бойынша үздіксіз өзгереді;
• үздікті, дыбыс деңгейі сатылы өзгереді (5 дБА-ға және одан жоғарыға), мұнда дыбыс деңгейі тұрақты болатын аралықтардың ұзақтығы 1 с және одан жоғары болып келеді;
• импульстік, әрқайсысының ұзақтығы 1 с-тен кем бір немесе бірнеше дыбыс сигналдарынан тұрады.
Діріл дегеніміз серпімді денелер, конструкциялар және ғимараттардың тепе-теңдік жағдайы жанындағы тербелмелі қозғалыстары. Дірілдің адамға әсер етуі былайша жіктеледі:
-дірілдің адамға берілу тәсілі бойынша;
-дірілдің әсер ету бағыты бойынша;
-әсер ету уақытына байланысты.
Адамға берілу тәсілі бойынша дірілді жалпы және жергілікті деп ажыра-тады.
Жалпы діріл отырған немесе тұрған адам денесіне тіректік беттер арқылы беріледі.
Жалпы діріл пайда болу көзі бойынша мынадай категорияларға бөлінеді:
1тип (қауіпсіздік) – жылжымалы өздігінен жүретін және тіркемелі машиналар – тракторлар, ауылшаруашылық және өнеркәсіптік машиналар, ав-томобильдер, құрылыс-жол машиналары операторларына әсер ететін көліктік діріл;
2 тип (еңбек өнімділігінің төмендеу шегі) – қозғалыс жылдамдығы шек-теулі машиналар – экскаваторлар, крандар, бетонтөсегіштер, едендік өндірістік көлік операторларына әсер ететін көліктік-технологиялық діріл;
3 тип «а» (еңбек өнімділігінің төмендеу шегі) – стационар машиналар мен жабдықтар – станоктар, ұсталық-престік жабдықтар, сораптық агре-гаттар, желдеткіштер, бұрғылаушы станоктар, мұнай-газ өндіруші, өңдеуші және өнеркәсіптің басқа да салалары қондырғыларының операторларына немесе діріл көзі жоқ жұмыс орындарына әсер ететін технологиялық діріл;
3 тип «б» (комфорт) – ой еңбегі жұмыскерлері мен дене еңбегімен айна-лыспайтын персоналдың жұмыс орындарындағы – диспетчерлік, зауыт басқармасы, конструкторлық бюро, зертханалар, есептеу орталықтары, оқу ғимараттары, кеңсе жайлары, емдеу пункттеріндегі, т.б. діріл.
Жергілікті діріл адамның қолы арқылы беріледі. Оған отырған адамның аяғына және дірілдейтін беттермен түйісетін білектеріне әсерді жатқызуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет