Кафедрасы 5В070400 "Есептеу техникасы және программалық қамтамасыз ету" мамандықтарына арналған



бет38/74
Дата27.01.2023
өлшемі1.19 Mb.
#468830
түріПрограмма
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   74
Силл Еңбекті қорғау ЕТжБҚЕ 17-18 1 сем Гумаров

2. Шудың, дірілдің сипаттамалары
Шу дегеніміз адам ағзасына қолайсыз әсер ететін, жиілігі мен қарқынды-лығы түрліше дыбыстардың жиынтығы.
ГОСТ 12.1.029-80 сәйкес өндірістік шу пайда болу жағдайына байланысты механикалық, аэродинамикалық, электромагниттік және гидродинамикалық тектес, таралу жағдайына байланысты ауалық және құрылымдық шу болып жіктеледі.
Механикалық тектес шу – машиналар мен жабдықтар беттерінің дірілі, сонымен бірге құрастырма бірліктері және бөлшектердің қосылыстарындағы немесе тұтас конструкциядағы жеке немесе кезеңді соққылар салдарынан пайда болатын шу.
Аэродинамикалық тектес шу – стационар немесе бейстационар процес-тер (мысалы, тесіктен ауаның немесе газдың шығуы) салдарынан газдарда пайда болатын шу.
Электромагниттік тектес шу – айнымалы магниттік күштер (мысалы, электрлік машиналар роторы мен статорының, трансформатор өзекшесінің тербелістері, т.б.) әсерінен болатын электромагниттік құрылғылар элементтеріндегі тербелістер сал-дарынан пайда болатын шу.
Гидродинамикалық тектес шу – стационар немесе бейстационар процес-тер (мысалы, гидравликалық соққы, ағынның турбуленттілігі) салдарынан сұйықтықтарда пайда болатын шу.
Ауа ортасында пайда болатын және пайда болу көзінен байқау орнына дейін ауамен таралатын шу ауалық деп аталады.
Қатты денелерде тарайтын және олардың тербелуші беттерімен шығатын шу құрылымдық деп аталады.
Көп жағдайда (90%-дан жоғары) өнеркәсіптік шу механикалық тектес шу болып келеді.
ГОСТ 12.1.003-83 сәйкес шу спектралды және уақыттық сипаттамаларға байланысты жіктеледі.
Спектр сипаты бойынша шудың жіктелуі мынадай:
кеңжолақты, шудың спектрі үздіксіз және ені бір октавадан үлкен;
тональды, шудың спектрінде естілетін дискреттік тондар бар.
Практикалық мақсатта тональды шудың сипатын бір жолақтағы деңгейдің көршілес жолақтардағы деңгейден кем дегенде 10 дБ-ге октавалық жолақ-тардың үштен бір бөлігінің жиіліктерінде өлшеу арқылы анықтайды. Мысалы, дискілі араның шуы тональды, ал реактивті қозғалтқыштікі – кеңжолақты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет