1.Өндірістік шу мен дірілдің адам ағзасына зиянды әсер етуі
Шу деңгейі мен сипатына байланысты оның адамға әсер етуін бірнеше сатыға бөлуге болады.
1. Шу жоқ – шудың мүлдем болмауы табиғи емес. Абсолюттік тыныштық адамды жаншиды. Бірнеше тәулік бойы толық тыныштықта болу психикалық өзгерістерге әкеледі.
2. Шу 20...60 дБА – адамның күнделікті қызметінде оған тұрақты әсер ете-тін шу фоны. Мұндай шудың зияндылық дәрежесі едәуір дәрежеде оның адам-ның жеке қатынасына байланысты келеді. Бастапқы шу немесе адам туғызатын шу мазаламайды. 40 дБА-дан жоғары шу жүйке жүйесіне, әсіресе, ой еңбегінде асқын жүктеме туғызуы мүмкін. Шудың жиілігі мен деңгейі жоғарылағанда және шу жиілігі жолағының ені төмендегенде, оның психикаға әсері күшейе түседі.
3. 60...80 дБА шу адамның жүйке жүйесіне айтарлықтай жүктеме жасай отырып (әсіресе, ой еңбегінде), оған психологиялық әсер етеді. Нәтижесінде адамның қатты шаршауы, тітіркенгіштігі байқалады, назары төмендейді, психикалық реакциялары баяулайды, осының негізінде еңбек өнімділігі мен сапасы төмендейді. Импульсті мен ретсіз шу кезінде, оның әсер ету дәрежесі күшейеді.
4. 80...110 дБА шу адамға физиологиялық әсер етеді, ол оның ағзасының көрінерлік өзгерістеріне әкеледі. 80 дБА-дан жоғары шу ықпалында болатын адамның есту қабілеті төмендейтіні (есту сезімталдығы бірінші кезекте жоғары жиіліктерде төмендейді) байқалады.
Алайда, қатты шудың адам ағзасына әсері есту қабілетінің күйімен ғана сипатталмайды. Жүйке жүйесі және басқа да органдардың функционалдық күйінің өзгерістері ертерек білінеді, олардың жиынтығы шу ауруы ретінде сипатталады. Шу ауруының объективті симптомдарына мыналар жатады: есту сезімталдығының төмендеуі, қышқылдықтың төмендеуі негізінде ас қорыту қызметінің өзгеруі, жүрек-қантамыр жүйесінің ақаулары, нейроэндокриндік бұзылулар. Шудың ұзақ уақыт әсер етуі жүйке жүйесінің қатты шаршауымен байланысты келетін гипертониялық және асқазан жарасы сияқты, кейбір жағдайда асқазан-ішек және тері ауруларын туғызады.
Қатты шу жағдайында жұмыс істейтіндердің бас ауырады және айналады, жадысы төмендейді, құлағы шуылдайды. Адам дыбыстың 70 дБА-дан төмен деңгейінде қол жеткізген өнімділігін сақтау үшін дене және жүйке-психикалық күшін орташа есеппен 0...20%-ға артық жұмсауы тиіс. Осының барлығы адам-ның жұмысқабілеттілігін, оның еңбегінің қауіпсіздігін төмендетеді.
5. 110 дБА-дан жоғары шу есту органдарына жарақаттанушылық әсер етеді. 140 дБА-дан жоғары шу кезінде құлақ жарғағы жарылуы мүмкін.
Дірілдің адамға әсерін діріл жылдамдығы (діріл үдеуі), жиілік ауқымы және дірілдің әсер ету уақытымен бағалайды.
Қабылданатын дірілдің жиіліктік ауқымы 1-ден 1000 Гц-ке дейін болады. Адам ағзасы жиілігі 20 Гц-тен төмен тербелісті тек қана діріл ретінде, ал жиілігі 20 Гц-тен жоғары тербелісті бір мезгілде әрі діріл, әрі шу ретінде қабылдайды.
Жалпы діріл жүрек-қантамыр және орталық жүйке жүйелерінде өзгеріс-тер, кейбір органдардың ауруын туғызады. Оқшау діріл қан қысымын көтеру арқылы орталық жүйке жүйесіне әсер етеді, саусақ ұштарындағы капиллярлар-дың тарылуын туғызады, олардың жансыздануына әкеледі. Діріл әсерінен, әсіресе, 25...40 және 60...90 Гц жиіліктерде, көру қабілеті төмендейді. Тік діріл отырып жұмыс істейтіндерге, горизонталь діріл – тік тұрып жұмыс істейтін-дерге қолайсыз келеді. Жұмыстық орынның тербеліс жиілігі адам денесі орган-дарының өзіндік тербеліс жиілігіне жақындау кезінде дірілдің адамға әсері қау-іпті болады: 4...6 Гц – тік тұрған кезде бастың денеге қарағанда тербелуі, 20...30 > Гц – отырған жағдайда; 4...8 Гц – іш құрылысы; 6...9 Гц – ішкі органдардың көпшілігі; 0,7 Гц – «шайқама» теңіз ауруын өрбітеді.
Қосалқы діріл (көзбен көру) адамға психологиялық әсер етеді. Мысалы, түрліше конструкцияларға ілінген тербелуші заттар (люстралар, транспарант-тар, желдеткіш қораптар) жағымсыз сезімдер туғызады.
Діріл құрылыстар мен ғимараттарға қиратушылық әсер етеді, өлшеуші және реттеуші приборлардың көрсетулерін бұзады, машиналар мен приборлар жұмысының сенімділігін төмендетеді, жекелеген жағдайларда өнімнің ақаулы-ғын, т.с.с. туғызады. Санитарлық нормалар діріл параметрлерін мүмкін шама-ларға дейін азайтуды міндеттейді.
Достарыңызбен бөлісу: |