Кафедрасы 5В070400 "Есептеу техникасы және программалық қамтамасыз ету" мамандықтарына арналған


Еңбек қорғаудағы құрама бөліктер, ғылыми-әдістемелік принциптер



бет4/74
Дата27.01.2023
өлшемі1.19 Mb.
#468830
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   74
Силл Еңбекті қорғау ЕТжБҚЕ 17-18 1 сем Гумаров

2. Еңбек қорғаудағы құрама бөліктер, ғылыми-әдістемелік принциптер
Еңбек қорғау еңбек қорғаудың заңды және нормативті базасын, өндірістік санитария және қоршаған ортаны қорғау негізін, техника қауіпсіздігі мен өрт қауіпсіздігі негіздерін қарастыратын, өзара байланысты төрт бөлімнен тұрады.
Еңбек қорғаудың негізгі заңды құжаты «ҚР еңбек туралы заңы» болып табылады, оның баптарында жұмыс істейтіндерге еңбек қорғау кепілдігі мен еңбек қызметінде жұмыскердің денсаулығы мен өмірін сақтау талаптарын қамтамасыз ететін, еңбек шартын құруға бағытталған және барлық іс-әрекет саласындағы жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы еңбек қорғау саласында қатынастарды реттеудің бірыңғай тәртібін қамтамасыз етуді көрсетеді. Еңбек қорғау ережелері еңбек қауіпсіздігі стандарты жүйесімен регламенттеледі.
Еңбек қорғау талаптарын қамтамасыз ету ұйымдастырушылық, техникалық және санитарлық шаралармен жүзеге асады. Олар жұмыскерлерге еңбекке қауіпсіздік ережелеріне, қауіпсіздік техникасы бойынша қазіргі және сапалы нұсқаулыққа (енгізу, жұмыс орнындағы бірінші, қайталама, жоспарсыз, ағымдық) үйретеді, жұмысшылар саны мен жұмыс көлемі арасындағы тиімді қатынас орнату, өз уақытында еңбек құралымен қамтамасыз ету және оларды жұмыс орнындағы қауіпті зоналарды жұмыс жағдайында ұстау, жұмыс режимі мен технологиясын жетілдіру, өндірістік ортада нормативті көрсеткіштерді ұстау.
Тиімді және қауіпсіз жұмыс келесі арнайы шаралар бойынша қолданылады:
- өндірістік процестің қауіпсіздігі;
- төтенше жағдайды алдын алу;
- өндірістік ауруларды алдын алу;
- еңбек шартын жақсарту.
«Адам-техника-орта» жүйесінің эргономикалық бағасын жіктелген әдіспен жүзеге асыруға болады, онда жеке эргономикалық көрсеткіштер немесе кешендік әдіс пайдаланылады, ол жалпыланған эргономикалық көрсеткіштермен анықта-лады. Жіктелген әдіспен жүйені бағалау эргономика бөлімдерінің әр қайсысына біреуі бойынша анықталған, топтық көрсеткіштер көмегімен жүргізеді, олар: антропометриялық, гигиеналық, физиологиялық, психофизиологиялық және психологиялық. Бұл бөлімдер бірлесе отырып ғылым ретінде эргономиканы құрайды.
Топтық көрсеткіштердің әр қайсысы жекелік топты біріктіреді.
Антропометриялық, бірінші топтық көрсеткіш машинаның жұмыс істейтін адам денесінің формасы мен өлшеміне, дене мүшелерінің қозғалғыштығы және басқа көрсеткіштерімен сәйкестігін көрсетеді. Оның бірлі-жарым көрсеткіштері тиімді және ыңғайлы тұруды, дененің дұрыс тұрқын, тұтқаны тез ұстау, қол мен аяқтың максимальды және тиімді жұмыс зоналарын және т.б. қамтамасыз етеді.
Екінші топтық көрсеткіш “адам-техника-орта” жүйесіндегі адамның өзара әрекеттесуіндегі жұмыс қабілеті және өмір сүрудің гигиеналық шарттарын сипаттайды. Ол жұмыс орнында сыртқы ортаның зиянды факторларының әсер етуін шектеу мен микроклиматтың қалыпты шартын құруды ұсынады. Топтық көрсеткіш жарықтандыру, желдету, температура, ылғалдылық, қысым, жермен қосу, радиация, шуыл, дірілдеу, гравитациялық салмақ түсу мен жылдамдату, электромагнитті сәулелендіру күшінің жеке көрсеткіштерін құрастырады.
Үшінші, төртінші физиологиялық және психофизиологиялық топтық көрсеткіштері эргономикалық талаптарды сипаттайды, олар “адам-техника-орта” жүйесіндегі адамның күш, жылдамдық, энергетикалық, көру, есту, сипап-сезу мүмкіндіктері мен ерекшеліктерге сәйкестігін анықтайды.
Бесінші, психологиялық топтық көрсеткіш жұмыс істейтін адам дағды-ларын қайта қалыптастыратын және бекітетін ес, ойлау, психомоториктардың қабылдаумүмкіндіктері мен ерекшеліктерінің, топтың өзара әрекеттесу деңгейі мен сипатының, “адам-техника-орта” жүйесімен басқару бойынша бірлескен іс-әрекеттің тұлғааралық қатынасын құрамдаудың машинаға сәйкестігін көрсетеді. Бұл ерекшеліктер жеке көрсеткіштер ретінде әрекет етеді.
Қазіргі күні эргономика үш техникалық эстетика, инженерлік психология және өндірістік эргономика бағыттары бойынша дамиды. Техникалық эстетика – бұл құралдардың көркемдік конструкциясы мен өндірістік эстетика. Инженерлік психология басқарудың маңызды объектілерінің оператормен ақпаратты қабылдау мен өңдеу ерекшеліктері мен пульттердің конструкциялық байланысын зерттейді, мысалы, аэропорт, атом станциясы және т.б.
Эргономикада өндірістік құралдардың конструкциясының гигиеналық, физиологиялық және психофизиологиялық талаптармен негізделетін, бөлімдер аса ерекшеленеді және өндірістік эргономиканы құрастырады. Оның міндеті адамның анотомды – физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерін кәсіпорындағы өндірістік құралдар конструкциясына міндетті сәйкес келу қағидасымен жүзеге асу болып табылады.
Өндірістік эргономика талаптары адамның сезім органдарының қалыпты жұмыс істеу ерекшеліктерінен шығады, мысалы, көздің физиологиялық негізделген бұрыштары, белгі үдемелік деңгейі, қабылданатын және қайта өңделетін өндірістік ақпараттың көлемі. Бұл құрал конструкциясы адам органының құрылуы мен қызмет етуінің анатомды-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерге сәйкес келуін білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет