Кафедрасы 5В070400 "Есептеу техникасы және программалық қамтамасыз ету" мамандықтарына арналған


Пәнді оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулар



бет3/74
Дата27.01.2023
өлшемі1.19 Mb.
#468830
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   74
Силл Еңбекті қорғау ЕТжБҚЕ 17-18 1 сем Гумаров

4. Пәнді оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулар
қалыптастырушы: қазіргі ақпараттандырылған қоғамның дамуы кезінде ақпараттың мәні мен маңызын түсіну;
жүйелеуші: ақпарат, ақпараттық үрдістер туралы білімді меңгеру, ақпаратты бағалау, таңдау, және ұйымдастыра білу;
зерттеу: ақпаратты алу және пайдалану, түрлі деректерді қабылдау және қолдана білу.


КУРС МАЗМҰНЫ


БІРІНШІ АПТА
1 дəріс
Тақырып:Кіріспе
Дәріс мазмұны:
1. «Еңбек қорғау» пәнінің маңызы.
2. Еңбек қорғаудағы құрама бөліктер, ғылыми-әдістемелік принциптер.
3. Еңбек қорғау бойынша негізгі заңды актілер, нормативтік құжаттар


1. «Еңбек қорғау» пәнінің маңызы
Еңбек қорғау – адамның еңбек қабілеті мен денсаулығын сақтау, еңбек қызметіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ететін және оларға әлеуметті-экономика-лық, техникалық, гигиеналық және ұйымдастырушылық шараларға сәйкес келетін заң актілер жүйесі.
Ол травматизм, кәсіптік аурулар мен уланудың алдын-алу бойынша профи-лактикалық шараларды өңдеу мақсатында, адам организміне өндіріс құралдары мен қоршаған ортаның әсерін зерттейді.
Еңбек қорғау – өндірістік жарақат, кәсіптік ауру, апат, жарылу, өрттің мүмкін болатын себептерін анықтайды және зерттейді, және осы себептерді жою мақсатында шаралар мен талаптар жүйесін дайындайды, адамға еңбек іс-әрекетінде қауіпсіз және қолайлы жағдай жасайды.
Еңбек қорғаудың басты объектісі еңбек іс-әрекетіндегі адам болып табылады, сондықтан еңбек қорғау бойынша шараларды дайындауда көптеген ғылыми пәндердің зерттеу нәтижелері пайдаланылады.
Өндірістік орта факторларының адам ағзасына зиянды әсер етуін шығару медицина және биология ғылымдарының (еңбек гигиенасы, өндірістік токсико-логия және т.б.) зерттеулері базасында жетуге болады.
Еңбек қызметін тиімділеу, өнімділікті өсіру, жұмысшылардың мәдени деңгей-інің өсуі, жұмыс қабілетін және еңбек қызметінің жалпы кезеңін арттыру еңбекті ғылыми ұйымдастыру нәтижесіне негізделген.
Еңбек тұрмыс пен демалыстың тиімді шартын құру техникалық эстетика мен көркем құрастыру теориясы мен практикасының жетістіктерімен қамта-масыз етіледі.
Еңбек қорғаудың әдістемелік негізі травматизм мен кәсіптік ауруға әкеліп соқтыратын, қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың пайда болуы және қолданылатын материалдар мен заттардың өндірістік құралдары, техноло-гиялық және өндірістік процесстердің, еңбек шарттарын ғылыми талдау болып табылады.
Травматизмді, апатты және кәсіптік аурулар мәселелерін тек инженерлік әдіспен шешу мүмкін емес. Көбінесе травматизмнің себебі еңбектің күрделі шарттары емес, жұмыскерлер мен мамандардың төменгі біліктігі, іс-әрекетке реакцияның төмендеуі болып табылады. Мұндай жағдайда қауіпсіздік техникасы мен еңбек қорғау мәселелері бірігіп кетеді және олардың талаптарының шекаралары жоқ. Травматизмнің өсу себебін талдау техника мен ғылыми-техникалық прогрестің дамуы адамды өндірістік жағдайлардың қауіпті және зиянды әсер етуінен қорғау бойынша ұсыныстар мен шараларды дайындаудан озық екенін көрсетеді.
Еңбек қорғау мәселелеріне жүйелі көзқарас өндіріс шартында адам қауіпсіздігін өсіруге біршама әсер етуін көрсететін, барлық элементтер мен факторлардың кешенін ұсынатын, еңбек қорғау мәселелерінің нақты міндеттерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет