Бақылау сұрақтары:
Еңбек қорғау талаптарын қамтамасыз ету ұйымдастырушылық, техникалық және санитарлық шаралары
Күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы
Тиімді және қауіпсіз жұмыс арнайы шаралары
Еңбек қорғау жөніндегі нормативті актілер
Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының принциптерi
Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттiк саясат
№1 практикалық сабақтың тақырыбы: «Еңбек қорғау» пəнінің мақсаты мен міндеттері жəне оның оқу үрдісінде алатын орны
Тапсырмалар: Сұрақтарға жауап іздіңіз
Еңбек қауіпсіздігінің негізгі түсініктері мен терминдері;
Зиянды жəне қауіпті өндірістік факторлардың жіктелуі;
Кері əсер етуші факторлардың шекті рұқсат етілген деңгейлері мен нормалану принциптері;
Еңбек қауіпсіздігінің негізгі шаралары.
1-СОӨЖ тақырыбы: Таңдалған мамандық бойынша өндірістік үрдістердегі қауіптер
Есеп беру түрі: ауызша-жазбаша
1-СӨЖ тапсырмалары: ЕҚ пəні жəне объектісі. ЕҚ құрылымы.
Есеп беру түрі: реферат, конспект
Әдебиет: [1- 13]
ЕКІНШІ АПТА
№ 2 дəріс
Тақырып: «Адам-машина-өндірістік орта» жүйесі
Дәріс мазмұны:
1. Қауіптіліктер. Қауіптіліктер жіктелімі.
2. Өндірістік ортаның зиянды факторлары және олардың адамға әсері.
3. Жұмыстың ауырлық және зияндылық бойынша жіктелімі
4. Өндірістік қауіпсіздік теориясының негіздері
5. «Адам-машина-өндірістік орта» жүйесіндегі проблемалар.
1. Қауіптіліктер. Қауіптіліктер жіктелімі
Қауіпті жағдай – жазатайым оқиғаның туындауының аса жоғары ықтимал-дылығы болатын жағдай. Қауіптілік – адамға теріс ықпал ететін және мате-риалдық зиян әкелетін немесе қоршаған ортаға қиратушы әсер ететін құбылыс-тар немесе процестердің туындау жағдайы.
Қауіптіліктер пайда болу көзіне байланысты былайша жіктеледі:
1) әлеуметтік;
2) табиғи;
3) биологиялық;
4) экологиялық;
5) техногендік;
6) соғыс уақыты қауіптіліктері.
Әлеуметтік қауіптілік – жеке тұлғалар немесе адамдар тобының өзара қарым-қатынасынан туындайтын қауіптіліктер.
Табиғи қауіптілік – жер бетінде болатын дүлей зілзалалар немесе адамның табиғатты дұрыс пайдаланбауынан болатын қауіптіліктер.
Биологиялық қауіптілік – жанды объектілерден туындайтын қауіптіліктер.
Экологиялық қауіптіліктер – топырақты, ауызсу және шаруашылықтық су көздерін, ауаны өндіріс қалдықтарымен, адам тіршілігі өнімдерімен, адам ағза-сына зиянды ауыр металдар және олардың қосылыстарымен минералды тың-айтқыштар, пестицидтер, консерванттар, мұнай өнімдері, қалдық газдар, жану өнімдері, химиялық заттар, соның ішінде аса қауіптілері – фреон, күкірт қыш-қылы, фосфор, азот және т.б. ластау нәтижесінде туындайтын қауіптіліктер.
Техногендік қауіптілік – адамның өндірістік қызметіне байланысты қауіп-тіліктер мен зияндылықтар.
Достарыңызбен бөлісу: |