3. Еңбек қорғау бойынша негізгі заңды актілер, нормативтік құжаттар Еңбек қорғау жөніндегі заңдастырылған актілер Қазақстан Республика-сының еңбек құқығының ажырамас бөлігін құрайды, оның негізі 30.08.95 жылғы ҚР Конституциясының 24 бабы болып табылады.
1. Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі.
2. Әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай ақ жұмыссыз-дықтан әлеуметтік қорғалуға құқығы бар.
3. Ереуіл жасау құқығын қоса алғанда, заңмен берілген тәсілдерді қолдана отырып, жеке ұжымдық еңбек дауларын шешу құқығы мойындалады.
4. Әркімнің тынығу құқығы бар. Еңбек шарты бойынша жұмыс істей-тіндерге заңмен белгіленген жұмыс уақытының ұзақтыгына демалыс және мереке күндеріне жыл сайынғы ақылы демалысқа кепілдік беріледі.
Сондай-ақ, 2007 жылы 15 мамырында Қазақстан Республикасының «Еңбек Кодексі» шықты.
Осы кодекстің бірінші тарауында негізді ұғымдар келтірілген.
Қызметкер – жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұратын және жеке еңбек шарты бойынша жұмысты тікелей орындайтын жеке тұлға.
Жұмыс беруші – қызметкер еңбек қатынастарында жеке немесе заңды тұлға.
Қызметкер өкілдері – кәсіптік одақтардың, олардың бірлестіктерінің органдары және қызметкер уәкілеттік берген өзгеде жеке және заңды тұлғалар.
Жұмыс берушілердің өкілдері – құрылтай құжаттары немесе сенім хат негізінде жұмыс берушінің немесе жұмыс берушілер тобының мүдделерін білдіруге уәкілетті жеке және заңды тұлғалар.
Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган еңбек қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты Қазақстан Республикасының заңдамасына сәйкес жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы.
Кодекстің 8-бабында мәжбүрлі еңбекке тыйым салынған. Мәжбүрлі еңбек мынандай жұмыстарды:
-Қазақстан Республикасының міндетті әскери қызмет туралы заңдарына орай талап етілетін;
-азаматтардың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген әдеттегі азаматтық міндеттерінің бөлігі болып табылады;
-жұмыс мемлекеттің органдардың қадағалаумен және бақылауменен жүргізілетін және жұмысты орындайтын адам жеке және (немесе) заңды тұлғалардың билігіне берілмейтін немесе тапсырылмайтын жағдайда қандайда да бір адамнан соттың заңды күшіне еңген үкіміне байланысты талап етілетін;
-төтенше жағдайлар немесе соғыс жағдайында талап етілетін;
-ұжымның тікелей пайдасы үшін осы ұжым мүшелері орындайтын және сол себепті, олардың немесе олардың өкілдерінің бұл жұмыстардың орынды-ғылығына қатысты өз пікірін айтуга құқығы болған жағдайда, ұжым мүшелерін әдеттегі азаматтық міндеттері болып есептелетін жұмыстарды қоспағанда, қандайда бір адамнан қандайда бір жаза қолдану қауіпінен талап етілетін, оны орындау үшін бұл адам ереікті түрде өз қызыметін ұсынбаған кез келген жұмысты немесе қызметті білдіреді.
Күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы:
Бес күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы апталық норма 40 сағат болғанда – 8 сағаттан, апталық норма 36 сағат болғанда – 7 сағат 12 минуттан және апталық норма 24 сағат болғанда 5 сағаттан аспауы тиіс.
Алты күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы апталық норма 40 сағат болғанда – 7 сағаттан, апталық норма 36 сағат болғанда – 6 сағаттан және апталық норма 24 сағат болғанда 4 сағаттан аспауы тиіс.
Түнгі уақыт 22 сағаттан таңғы сағат 6 дейінгі уақыт болып саналады. Түнгі уақыт жұмыстарына аяғы ауыр әйел адамдар тек өздерінің келісіміменен ғана жіберіледі. Түнгі уақыт жұмыстарына он сегіз жасқа дейінгі және түнгі уақытта жұмыс жасауға тиім салынған дәрігердің шешімі бар басқа тұлғалар жіберілмейді. Жеке дәрежелі жұмысшылар үшін қысқартылған жұмыс уақыты белгіленеді:
1) 14 жастан 16 дейінгі жұмысшыларға – аптасына 24 сағат, 16 жастан 18 жасқа дейінгілерге – 36 сағаттан;
2) Зиянды еңбек шарттары бар физикалық ауыр жұмыстарын атқарушы жұмысшыларға – аптасына 36 сағаттан артық емес болу керек.
Бұған қоса, еңбек қорғау жөніндегі нормативті актіге:
– Еңбек қауіпсіздігі стандарттар жүйесінің стандартты (ЕҚСЖ) Мемлекеттік стандарттар (ГОСТ) – стандарттау, метрология және сертифи-каттау бойынша ТМД мемлекетаралық Кеңесінің; аймақтық стандарттар (ОСТ) – министрлікпен орындаушы биліктің басқада орталық органдарының; қоғамдық стандарттар – қоғаммен келісілгендер кіреді;
– Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Бас санитарлық эпидемиялогиялық басқаруымен келісілген, санитарлық ереже-лер, нормалар, гигиеналар нормативтер эргономикалық, физиологиялық және басқа да талаптар.
– Атқарушы биліктің орталық органымен келісілген және Қазақстан Республикасының Еңбек министрлігі Еңбек қорғау департаментімен келісім бойынша бақылаушы органы және сәйкесті қадағалаумен аймақтық ұсынымдағы еңбек қорғау бойынша нұсқамалар мен ережелер.
Көрсетілген нормативтік актілер ҚР 11.11.2004 №1182 үкіметтің қаулысына сәйкес мемлекеттік органдарымен өңделеді және мақұлданады.
Жоғарыда айтылған актілер негізінде Қазақстан Республикасының әрбір субъектісі нақты өндірістік шарттарды ескере отырып, еңбек қорғау өндірістік санитария және гигиена бойынша ҚР 02.12.2004 жыл №278 п. Халықты әлеуметтік қорғау және еңбек министрлігінің жарлығымен орнатылған ережелер бойынша ішкі фирмалық нұсқаунамалар жасалады. Қазақстан Республикасының интеграциясы әлемдік еңбек нарығына оны халықаралық ұйымдарға еңгізу қажеттілігін анықтады және еңбек қорғау жөніндегі сәйкестік құжаттарға қол қоюға тартты, сонымен:
-13.06.96ж. №7-1 ҚР заңымен Еңбек туралы халықаралық ұйымның №155 конвенциясы (Женева, 3.06.1981ж.) қабылданды;
-ҚР президентінің жарлығымен 04.09.95 №2451 еңбек қорғау саласында ынтымақтастық келісім қабылданды (Мәскеу, 9.12.1994 ж);
-ҚР президентінің Жарлығымен 25.08.95 №2423 тергеу тәртібі жөнінде келісім қабылданды (Мәскеу 9.12.1994ж);
-ҚР жарлығымен 25.05.95 №2303 зиян тигізгені үшін бір біріне есемсін қайтару жөнінде келісім қабылданды;
-26.06.96ж. №10-1 ҚР Заңы мен еңбек туралы халықаралық ұйымының №148 конвенциясы қабылданды.
ҚР АК 27.12.94ж. №268- XII п.8 3 бап бойынша Ұлттық заңдылық ал-дында Халықаралық құжаттардың нормаларының басымдылығын ескерген жөн.
Еңбек Кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Респуб-ликасының басқа заңдарына еңбек қатынастарын, әлеуметтiк әрiптестiк пен еңбектi қорғау қатынастарын реттейтiн нормаларды енгiзуге тыйым салынады.
Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодекстегiден өзгеше ережелер белгiленген болса, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта оны қолдану үшiн заң шығару талап етiлетiн жағдайларды қоспағанда, халықаралық шарттар еңбек қатынастарына тiкелей қолданылады.
Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мақсаты еңбек қатынастарын және еңбек қатынастарына тiкелей байланысты өзге де қатынастарды еңбек қатынастары тараптарының құқықтары мен мүдделерiн қорғауға, еңбек саласындағы құқықтар мен бостандықтардың ең төмен кепiлдiктерiн белгiлеуге бағытталған құқықтық реттеу болып табылады.
Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мiндеттерi еңбек қатынастары тараптары мүдделерiнiң теңгерiмiне, экономикалық өсуге қол жеткiзуге, өндiрiс тиiмдiлiгi мен адамдардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған қажеттi құқықтық жағдайлар жасау болып табылады.
Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының принциптерi:
1) адам мен азаматтың еңбек саласындағы құқықтарының шектелуiне жол бермеу;
2) еңбек бостандығы;
3) кемсiтушiлiкке, мәжбүрлi еңбекке және балалар еңбегiнiң ең нашар түрлерiне тыйым салу;
4) қауiпсiздiк және гигиена талаптарына сай келетiн еңбек жағдайларына құқықты қамтамасыз ету;
5) өндiрiстiк қызмет нәтижелерiне қатысты алғанда қызметкердiң өмiрi мен денсаулығының басымдығы;
6) еңбегi үшiн жалақының ең төменгi мөлшерiнен кем емес, әдiлеттi сыйақыға құқығын қамтамасыз ету;
7) тынығу құқығын қамтамасыз ету;
8) қызметкерлердiң құқықтары мен мүмкiндiктерiнiң теңдiгi;
9) қызметкерлер мен жұмыс берушiлердiң өздерiнiң құқықтары мен мүдделерiн қорғау үшiн бiрiгу құқығын қамтамасыз ету;
10) әлеуметтiк әрiптестiк;
11) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерiн мемлекеттiк реттеу;
12) қызметкерлер өкiлдерiнiң Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы-ның сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру құқығын қамтамасыз ету болып табылады.
Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттiк саясат:
1) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн әзiрлеуге және қабылдауға;
2) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттiк, салалық (секторлық) және өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлеуге;
3) еңбек жағдайларын, оның қауiпсiздiгi мен қорғалуын әзiрлеу және жақсарту, қауiпсiз техникалар мен технологияларды әзiрлеу және енгiзу, еңбектi қорғау, қызметкерлердiң жеке және ұжымдық қорғану құралдарын өндiру жөнiндегi қызметтi экономикалық ынталандыру жүйелерiн құруға және iске асыруға;
4) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласында мониторингтi жүзеге асыруға;
5) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер жүргiзуге;
6) өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды және кәсiптiк ауруларды есепке алудың бiрыңғай тәртiбiн белгiлеуге;
7) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы Қазақстан Рес-публикасы заңнамасының сақталуын мемлекеттiк қадағалау мен бақылауға;
8) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласында қызметкерлердiң құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру тәртiбiн нормативтi түрде бекiтуге;
9) өндiрiстегi жазатайым оқиғалардан және кәсiптiк аурулардан зардап шеккен қызметкерлердiң, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерiнiң заңды мүдде-лерiн қорғауға;
10) ауыр жұмыс және өндiрiс пен еңбектi ұйымдастырудың қазiргi заманғы техникалық деңгейiнде жойылмайтын зиянды (ерекше зиянды), қауiптi еңбек жағдайлары бар жұмыс үшiн еңбекақы төлеу шарттарын белгiлеуге;
11) еңбек жағдайларын жақсарту және еңбектi қорғау жөнiндегi отандық және шетелдiк озық жұмыс тәжiрибесiн таратуға;
12) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi мамандарды даяр-лауға және олардың бiлiктiлiгiн арттыруға;
13) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы бiртұтас ақпа-раттық жүйенiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге;
14) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа бағытталған.