4. Өндіріс, ғимараттар мен қондырғылардың өрт және жарылыс қауіптілігі бойынша жіктелуі
Объект – өрт қауіпсіздігі белгіленген немесе белгіленуге тиіс заңды не-месе жеке тұлғаның мүлік кешені (немесе оның бөлігі) (аумақ, ғимарат, имарат, көлік құралдары, технологиялық қондырғылар, жабдықтар, агрегат-тар, бұйымдар және өзге мүлікті қоса алғанда).
Адамдар көп келетін объект – 1 адамға 1 м2 артық адамдардың тұрақты немесе уақытша келетін (апатты жағдайдан басқа) 50 м2 алаңы бар бір немесе бірнеше үй-жайы бар объект.
Имарат – ішіне атқарымдық арналуына қарай адамдарды тұру немесе келуіне және технологиялық процестерді орналастыруға арналған үй-жайлар кіретін жер үсті және (немесе) жерасты типті құрылыс жүйесі.
Технологиялық орта – технологиялық аппаратурада (технологиялық жүйеде) айналатын заттар мен материалдар. Технологиялық орталардың өрт қауіптілігі технологиялық процесте қол-данылатын заттардың өрт қауіптілігі көрсеткіштерімен және технологиялық процесс параметрлерімен сипатталады.
Өрт-жарылыс қауіптілігі мен өрт қауіптілігі бойынша технологиялық ор-талар мынадай топтарға бөлінеді:
1) өрт қауіпсіз;
2) өрт қауіпті;
3) өрт-жарылыс қауіпті;
4) жарылыс қауіпті.
Технологиялық орталардың өрт-жарылыс қауіптілігі көрсетілген орта-лардың (технологиялық жүйеде қолданылатын шикізат заттары мен матери-алдарының, шала өнімдері мен өнімдерінің) физикалық-химиялық қасиеттері мен параметрлеріне байланысты өрттің және (немесе) жарылыстың туындау және (немесе) даму мүмкіндігімен анықталады.
Аймақтарды өрт қауіпті немесе жарылыс қауіпті аймақтарға жатқызу тәртібі және осы аймақтардың класын анықтау Қазақстан Республикасының «Электр қондырғыларын орнату ережелері» талаптарына сәйкес анықталады.
Өрт қауіпті аймақтар мынадай кластарға бөлінеді:
1) П-І – тұтану температурасы 61оС жоғары жанғыш сұйықтықтар қолда-нылатын үй-жайларға орналасқан аймақтар;
2) П-ІІ – тұтанудың төменгі концентрациялы шегі ауа көлеміне 65г/м3 артық жанғыш газдар немесе талшық бөлетін үй-жайлардағы аймақтар;
3) П-IIa – қатты жанғыш заттар қолданылатын үй-жайлардағы аймақтар;
4) П-ІІІ – тұтану температурасы 61оС жоғары жанғыш сұйықтықтар не-месе қатты жанғыш заттар қолданылатын үй-жайларға орналасқан аймақтар.
Жарылыс қауіпті аймақтар мынадай кластарға бөлінеді:
1) В-І – қалыпты жұмыс режімдерінде ауамен қосылып жарылыс қауіпті қоспалар түзе алатын мөлшерде және қасиеттермен тез тұтанатын сұйықтық-тардың жанғыш газдарын немесе буларын бөлетін үй-жайлардағы аймақтар;
2) В-Іа – қалыпты пайдалану кезінде ауамен қосылып тез тұтанатын сұйықтықтардың жанғыш газдарының (тұтанудың төменгі концентрациялы шегіне тәуелсіз) немесе буларының жарылыс қауіпті қоспалары түзілмейтін, апаттар немесе бұзылу нәтижесінде ғана пайда болуы мүмкін үй-жайлардағы аймақтар;
3) В-Іб – қалыпты пайдалану кезінде ауамен қосылып тез тұтанатын сұй-ықтықтардың жанғыш газдарының (тұтанудың төменгі концентрациялы шегіне тәуелсіз) немесе буларының жарылыс қауіпті қоспалары түзілмейтін, апаттар немесе бұзылу нәтижесінде ғана пайда болуы мүмкін және төмендегідей ерек-шеліктерінің бірімен ерекшеленетін үй-жайлардағы аймақтар:
Осы аймақтардағы жанғыш газдардың тұтанудың өте төменгі концен-трациялық шегімен (15% және одан артық) және шекті рұқсат етілетін кон-центрациялар кезінде кенет иісі болады;
Технологиялық процесс шарттары бойынша үй-жайдың бос көлемінің 5% асатын көлемде жарылыс қауіпті қоспаның түзілуін болдырмайтын, газ тәрізді сутегіні қолдануға байланысты өндірістердің үй-жайларының үй-жайдың тек жоғарғы бөлігінде ғана жарылыс қауіпті аймақ болады;
4) В-Іг – сыртқы қондырғылардағы кеңістік: жанғыш газдар немесе тез тұтанатын сұйықтықтар (сыртқы аммиакты сығымдағыш қондырғылардан басқа) бар технологиялық қондырғылардың, тез тұтанатын сұйықтықтары немесе жанғыш газдары бар (газгольдерлер) жер бетіндегі және жер астын-дағы сұйыққоймалардың, тез тұтанатын сұйықтықтарды төгуге және құюға арналған эстакадалардың, ашық мұнай орларының, қалқымалы мұнай үлдірі бар тоған-тұндырғылардың.
Достарыңызбен бөлісу: |