Кафедрасы 5В070400 "Есептеу техникасы және программалық қамтамасыз ету" мамандықтарына арналған



бет56/74
Дата27.01.2023
өлшемі1.19 Mb.
#468830
түріПрограмма
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   74
Силл Еңбекті қорғау ЕТжБҚЕ 17-18 1 сем Гумаров

А категориясына (жарылыс-өртке қауіпті) кіретіндер: жарылысқа қауіпті бу-газ-ауа қоспаларын түзуі мүмкін, тұтану температурасы 28°С-тан аспайтын жанғыш газдар мен жеңіл тұтанатын сұйықтықтар сақталатын жайлар.
Б категориясына (жарылыс- және өртке қауіпті) саны жарылысқа қауіпті шаңауалық немесе бу-ауалық қоспалар түзуі мүмкін, олардың тұтануы кезінде жайдың ішінде 5 кПа асатын, жарылыстың есепті артық қысымы туындайтын жанғыш шаңдар, тұтану температурасы 28°С-тан жоғары жеңіл тұтанатын сұйықтықтар және жанғыш сұйықтықтар сақталатын жайлар кіреді.
В категориясына (өртке қауіпті) сумен, ауадағы оттегімен немесе бір-бірімен әсерлескенде жануға қабілетті, жанғыш және жануы қиын қатты заттар (оның ішінде шаңдар мен талшықтар) орналасқан жайлар кіреді.
Г категориясына өндеу процесі сәулелік жылу, ұшқын және жалынмен ұштаса жүретін, ыстық, қызған және балқыған күйдегі жанбайтын заттар мен материалдар; отын ретінде қолданылатын немесе бейтараптандырылатын жанғыш газдар, сұйықтықтар мен қатты заттар орналасқан жайларды енгізген.
Д категориясына майлау, салқындату және жабдықтардың гидрожетек жүйелеріндегі жанғыш сұйықтықтар орналасқан жайларды (қысымы 0,2 мПа аспайтын жабдық бірлігінде олар 60 кг-нан көп емес), жабдықтардың кабельді электр сымдары, әр орындардағы жиһаздардың жекеленген элементтері бар жайларды енгізуге болады.
Бақылау сұрақтары:
1. Кәсіпорын басшылары мен мамандардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі міндеттері.
2. Жану процесі
3.Өрт себептері
4.Өрттің жіктелуі
5.Жарылыс себептері
6.Жарылыстың жіктелуі
7. Жанғыш заттар.
8.Заттардың өрт және жарылыс қауіптілігі
9.Заттардың өрт және жарылыс көрсеткіштері
10.Өндіріс, ғимараттар мен қондырғылардың өрт және жарылыс қауіптілігі бойынша жіктелуі

12 практикалық сабақтың тақырыбы: Өндірістегі кездейсоқ жағдайларды тергеу жəне тіркеу, жарақаттану анализі


Тапсырмалар: Сұрақтарға жауап іздіңіз

  1. Кездейсоқ жағдайлардың классификациясы жəне олардың себептері;

  2. Жарақаттану анализі;

  3. Кəсіби науқастардың тізімі;

  4. Кəсіби науқас пен жарақаттануды болдырмауға байланысты жүргізілетін жиындар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет