Кафедрасы 5В070400 "Есептеу техникасы және программалық қамтамасыз ету" мамандықтарына арналған



бет57/74
Дата27.01.2023
өлшемі1.19 Mb.
#468830
түріПрограмма
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   74
Силл Еңбекті қорғау ЕТжБҚЕ 17-18 1 сем Гумаров

12-СОӨЖ тақырыбы: Өндірістік жарақаттануды талдаудың əдістері
Есеп беру түрі: ауызша-жазбаша
12-СӨЖ тапсырмалары: Жұмыспен байланысты кездейсоқ жағдайлар
Есеп беру түрі: реферат, конспект
Әдебиет: [1- 13]


ОН ҮШІНШІ АПТА
13 дəріс
Тақырып: Өрт қарсы қорғаныс жүйесі
Дәріс мазмұны:
1. Өртке қарсы қорғаныс жүйелері.
2. Өртті сөндіру. Өрт сөндіру тәсілдері және отсөндіруші заттар.
3. Өрт сөндіру құралдары мен техникасы.
4. Өртке қарсы сумен жабдықтау және оны есептеу.
5. Өрттік байланыс және дабыл қағу.


1. Өртке қарсы қорғаныс жүйелері.
Обьектілерде жобалау және тұрғызу кезінде жарылыс пен өрттен болатын зиянды төмендету мақсатында мына шараларды жүргізеді:
1) үйжайды аймақтарға бөлу;
2) өртке қарсы үзілме аралықтарды жасау;
3) өртке қарсы (қабырғалар, қалқалар, аражабындар)
4) өртке қарсы перделер мен экрандар;
5) түтіндік люктер мен шахталар;
6) өртке қарсы аймақтар;
7) жеңіл лақтырылатын құрылымдар;
8) минералдық жолақтар;
9) су бүркеулері;
10) эвакуациялық жолдар мен шығулар
Ғимараттар, құрылымдар мен өрт сөндіру бөлмелері отқа төзімділік дәрежелері бойынша:
1) І дәрежелі отқа төзімді;
2) II дәрежелі отқа төзімді;
3) III дәрежелі отқа төзімді;
4) IIIа дәрежелі отқа төзімді;
5) IIIб дәрежелі отқа төзімді;
6) IV дәрежелі отқа төзімді;
7) ІVа дәрежелі отқа төзімді;
8) V дәрежелі отқа төзімді ғимараттарға, құрылымдар мен өрт бөлмеле-ріне бөлінеді.
Ғимараттар, құрылымдар мен өрт сөндіру бөлмелері құрастырылымдық өрт қауіптілігі бойынша мынадай кластарға бөлінеді: С0, С1, С2 және С3.
Отқа төзімділік дегеніміз материалдар, құрылымдар және үйжайлардың жануға қарсы тұру, беріктігін сақтау, өрт кезіндегі жоғары температура әсерінен қирамау және деформацияланбау қабілеттілігі.
Отқа төзімділік көрсеткіші ретінде сағатпен (минутпен) белгіленетін және бір немесе бірнеше шекті жағдайларға жетумен сипатталатын отқа төзімділік шегі есептеледі:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет