Өртке тұрақтылық деп конструкцияның өрт кезінде өзінің беріктік қасиетін сақтап қалу қабілетін айтады. Оны сағатпен белгілейді және ол конструк-цияны өртке тұрақгылыққа сынаудың басталуынан шытынаулар пайда болғанға дейінгі уақытты білдіретін өртке тұрақгылық шегімен сипат-талады. Өртке тұрақтылық дәрежесі жану тобына және негізгі құрылыс кон-струкцияларының өртке тұрақтылық шектеріне байланысты анықталады.
Барлық үйлер мен ғимараттар жану тобына және олардың конструк-цияларьшың өртке тұрақтылық шегі бойынша бес дәрежеге бөлінеді.
Табиғи және жасанды тас материалдардан, бетоннан немесе темір-бетоннан жанбайтын беттік және плиталық материалдарды қолдана отырып жасалған, негізгі және қоршаулы конструкциялы үйлерді I дәрежелі өртке тұрақтылар қатарына жатқызады (өртке тұрақтылық шегі 0,5-2,5 сағат).
ІІ өртке тұрақтылық дәрежесіне табиғи немесе жасанды тас материалдардан, бетоннан немесе темірбетоннан жасалған үйлер жатады (жабу үшін сылақпен немесе жануы қиын беттік және плиталық материал-дармен қорғалған ағаш конструкциялар жіберіледі; жабынды элементтеріне өртке тұрақтылық және оның таралу шектері бойынша талаптар қолданылады, бұл кезде ағаштан жасалган шатырлық жабынды элементтері өртке қарсы өндеуден өткізіледі, өртке тұрақтылық шегі 0,25-2 сағат).
ІІІ өртке тұрақтылық дәрежесіне (шектері 0,25-1 сағат) көбінесе кар-касты конструкциялық сұлбасыы бар үйлер алады; каркас элементтері-қорғал-маған болат конструкциялар, қоршау конструкциялары-профилденген болат беттер немесе басқа да жанбайтын беттік жануы қиын қабыршақты мате-риалдар.
Бүтін немесе желімделген ағаштан жөне басқа да жанбайтын немесе жануы қиын материалдардан жасалған, от пен жоғары температура әсерінен сылақпен, немесе басқа беттік не плиталық материалмен қорғалған негізгі және қоршауыш конструкциялы үйлер өртке тұрақтылықтың ІV дәрежесіне ие (өртке тұрақтылық шегі 0,25-0,5 сағат). Жабынды элементте-ріне өртке тұрақтылық шектері және от таралу шектері бойынша талаптар қойылмайды, бірақ ағаштан жасалған шатыр жабынды элементтері өртке қарсы өндеуден еткізіледі.
Негізгі және қоршауыш конструкцияларына өртке тұрақгылық шектеуі мен от таралу шектеулері бойынша ешқандай талап қойылмайтын үйлер өртке тұрақтылықтың V дәрежесіне ие.
Технологиялық жобалаудың нормаларына сәйкес жайлар мен ғимараттар жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі бойынша А, Б, В, Г жәңе Д категорияларына бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |