Қазақстан Республикасындағы өрт қауiпсiздiгi жүйесi – өрттi және одан келетiн залалды болдырмауға бағытталған экономикалық, әлеуметтiк, ұйымдық, ғылыми-техникалық және құқықтық шаралардың, сондай-ақ өртке қарсы қызмет күштерi мен техникалық құралдарының жиынтығы.
Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесi өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн орталық және жергiлiктi атқарушы органдарды, өртке қарсы қызметтiң, мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің органдарын, өрттен қорғау-техника-лық ғылыми-зерттеу мекемелерiн, өрттен қорғау-техникалық оқу орындарын, өрт сөндiру-техникалық өнiм өндiру кәсiпорындарын қамтиды.
«Өрт қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы 1996 жылғы 22 қарашадағы №48-1 Заңынан (26.05.2008ж. өзгерістер мен толықтырулар енгі-зілген) үзінділер:
24-бап. Азаматтардың өрт қауiпсiздiгi саласындағы құқықтары мен мiндеттерi:
Қазақстан Республикасы азаматтарының:
- өрттер болған жағдайда өздерiнiң өмiрiн, денсаулығын және жеке мүл-кiн қорғауға;
- Қазақстан Республикасы аумағындағы белгiлi бiр жерде болғанда өзде-рi ұшырауы мүмкiн өрт қаупi туралы және қажеттi қауiпсiздiк шаралар тура-лы хабардар болуға;
- өрттер салдарынан өздерiнiң денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген за-лалды қолданылып жүрген заңдармен белгiленген тәртiппен өтеттiруге;
- өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, соның iшiнде белгiленген тәртiппен қоғамдық өрттен қорғау бiрлестiктерi қызметiне қатысуға құқығы бар.
Қазақстан Республикасының азаматтары:
- өрт қауiпсiздiгi талаптарын сақтауға;
- өрттердi байқаған жағдайда өртке қарсы қызметтi дереу хабардар етуге;
- өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi келгенге дейiн азаматтарды, мүлiктi құтқару және өрттердi сөндiру жөнiнде қолдан келген шараларды қолдануға;
- өрттi сөндiру кезiнде өртке қарсы қызметке көмек көрсетуге;
- мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының нұсқамалары мен өзге де заңды талаптарын орындауға;
- Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiппен мем-лекеттік өртке қарсы қызмет органдарына өрт қауіпсіздігі саласындағы бақы-лау мақсатында өздерiне тиесiлi өндiрiстiк, шаруашылық, тұрғын үйлердi және өзге де үй-жайлар мен құрылыстарды тексеруге және қарап шығуға мүмкiндiк беруге мiндеттi.
25-бап. Ұйымдардың өрт қауiпсiздiгi саласындағы құқықтары мен мiндеттерi:
Достарыңызбен бөлісу: |