Кафедрасы 5В070400 "Есептеу техникасы және программалық қамтамасыз ету" мамандықтарына арналған


Жарылыс – адам өмірі мен денсаулығына зиян, қоғам және мемлекет мүддесіне материалдық шығын келтіретін бақыланбайтын жану. Жарылыс қауіпсіздігі –



бет52/74
Дата27.01.2023
өлшемі1.19 Mb.
#468830
түріПрограмма
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   74
Силл Еңбекті қорғау ЕТжБҚЕ 17-18 1 сем Гумаров

Жарылыс – адам өмірі мен денсаулығына зиян, қоғам және мемлекет мүддесіне материалдық шығын келтіретін бақыланбайтын жану.
Жарылыс қауіпсіздігі – бұл жарылыс қауіпті болмайтын немесе пайда болғанда адамдарға оның қауіпті де зиянды факторларының алдын алуға болатын және материалдық құндылықтардың сақталуы қамтамасыз етілетін өндірістік процесс жағдайы.
Жарылысқа айналуға қабілетті булардың, газдардың ауамен, хлормен, оттегімен қоспалары тұтану температурасымен және жарылыстың шоғыр-лану шегімен, өздігінен түтану температурасымен сипатталатын жарылысқа қауіпті ортаны құрайды.
Тұтану көзінен жарылуы мүмкін ауамен қосылыстағы газдардың, булардың және шандардың максимал немесе минимал сандарын жарылыс-тың тиісінше жоғарғы және төменгі шектері деп атайды. Жарылыстың кө-лемдік шектерінен басқа температуралық шектері болады. Жабық көлемдегі сұйықтықтың ауамен байытылған буларының шоғыры (концентрациясы) от көзі әсерінен тұтануы мүмкін температура, тұтанудың төменгі темпера-туралық шегі деп аталады.
Шаңның ауамен қоспасы да жарылысқа қауіпті болып табылады. Шаң ауада ұшпалы жағдайда (аэрозоль) болуы және қабырғаларға, жабдықтарға, т.б. қонуы (аэрогель) мүмкін. Аэрозольдің жануы қатты заттардың жануынан айырмасы шамалы.
3. Жанғыш заттар. Заттардың өрт және жарылыс қауіптілігі, оның көрсеткіштері.
Жанғыш зат деп жылу бөлу және сәуле шашу арқылы тотыға алатын затты айтады. Тотықтырғыш ретінде оттегі, хлор, бром, натрий қышқылы, тағы басқалар қолданылады. Жанғыш затта балқу, таралу және булану болады.
Өрт-жарылыс қаупі мен өрт қаупі бойынша заттар мен материалдарды жіктеу өрт қауіпсіздігі талаптарының мазмұны мен атау тізімін оларды алу, қолдану, сақтау, тасымалдау, қайта өңдеу және кәдеге жарату кезінде белгі-леу үшін қолданылады.
Өрт қауіпсіздігі бойынша заттар мен материалдарды жіктеу (құрылыс, тоқыма және былғары материалдарынан басқа) олардың қасиеттеріне және өрт пен жарылыстың қауіпті факторларының пайда болуына қабілеттілігіне негізделеді.
Заттар мен материалдар жанғыштығы бойынша мынадай топтарға бөлінеді:
1) жанбайтын – ауада жануға қабілетсіз заттар мен материалдар. Жанбайтын заттар өрт-жарылыс қауіпті болуы мүмкін (мысалы, сумен, ауа оттегі-сімен немесе бір-бірімен өзара әрекеттескен жағдайда, жанғыш өнімдер бөле-тін қышқылдар немесе заттар);
2) қиын жанатын – жану көзі әсер еткен кезде ауада жануға қабілетті, бірақ оны жойғаннан кейін өздігінен жануға қабілетсіз заттар мен материалдар;
3) жанғыштар – өздігінен жануға, сондай-ақ тұтану көзі әсерінен жануға және оны жойғаннан кейін өздігінен жануға қабілетті заттар мен материалдар.
Сұйықтықтың жанғыштығы бойынша жанғыш сұйықтықтарға (ЖС) және жанбайтын сұйықтықтарға (ЖбС) бөлінеді.
Жанғыш сұйықтықтардың класында тез жанатын сұйықтықтар (ТЖС) жеке топқа бөлінеді.
Газдың жанғыштығы бойынша жанғыш газдар (жарылыс қауіпті) және жанбайтын газдар болып бөлінеді.
Шаңның жанғыштығы бойынша жанғыш (жарылыс қауіпті және өрт қауіпті) және жанбайтын шаңдар болып бөлінеді.
Өртке және жарылысқа қауіптілігі бойынша барлық шандар аэрозоль жағдайында жарылысқа қауіпті, аэрогель жағдайында өртке қауіпті деп бөлінеді.
Жарылысқа қауіптілігі бойынша олар 4 класқа бөлінеді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет