Кафедрасы 5В070400 "Есептеу техникасы және программалық қамтамасыз ету" мамандықтарына арналған


Жану процесі туралы жалпы түсінік. Өрт пен жарылыс, оның себептері мен жіктелуі



бет51/74
Дата27.01.2023
өлшемі1.19 Mb.
#468830
түріПрограмма
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   74
Силл Еңбекті қорғау ЕТжБҚЕ 17-18 1 сем Гумаров

2. Жану процесі туралы жалпы түсінік. Өрт пен жарылыс, оның себептері мен жіктелуі.
Жылу бөліну және сәуле шашумен қоса жүретін жанғыш зат пен тотық-тырғыштың күрделі физикалық-химиялық әсерлесу процесін жану деп атайды. Жанудың басталуына тұтану көзінің, жанғыш заттың және ауа құрамында оттегінің 14%-тен артық болуы мүмкіндік жасайды. Оттегі құра-мының 10% дейін төмендеуі жану бықсуға айналады.
Ұшқын, жалын, қызған заттар, үйкеліс, соққы, жылу-химиялық әсерле-судің жылуы, тағы сол сияқтылар тұтану көздері болып табылады.
Жанудың бұрқ ету, тұтану, өздігінен жану түрлері болады.
Бұрқ ету – жанғыш зат буларының ауамен қоспасының жалын, үшқын немесе қызған ауамен жанасуынан туындайтын тез жанып кетуі, сығылған газдар түзілмейді. Бұрқ ету температурасы бойынша жеңіл тұтанатын (45°С дейін) және жанғыш (45°С жоғары) сұйықтық түрлерін анықтайды. Бірінші-сіне ацетон, бензин, скипидар, керосин, күкіртті көміртек, спирт; екіншісіне-өсімдік майлары, минеральды жағар майлар және басқалар кіреді. Бұрқ ету температурасы деп бетінде ауада түтану көзінен лап етуге қабілетті булар мен газдар түзілетін жанғыш заттың минимал температурасын айтады.
Тұтану – қайнау температурасына дейін қызғанда бу түзілуі немесе үшпа көмірсутектер мен басқа да жанғыш қоспалар бөлінуі біткенге дейін жалғасатын заттың жану және бықсу процесі.
Жануға ауысатын, экзотермиялық әсерлесудің өздігінен үдеу процесі өздігінен тұтану деп аталады. Мұндай өсерлесу жүретін заттың минимал температурасын өздігінен тұтану температурасы деп атайды (қатты заттар үшін ол 150-700°С-қа, жанғыш сүйықтар үшін 300-700°С-қа, күкіртті сутек үшін 112-150°С-қа, бензин үшін 256°С-қа тең). Өздігінен тұтану температу-расы бойынша жанғыш заттар екі топқа бөлінеді: қоршаған орта температу-расынан жоғары және төмен температурада түтанатындар. Майлар, пішен, сабан, шымтезек, көмір, агаш ұнтағы, ағаш көмір және басқалар өздігінен түтануы мүмкін. Судың әсерінен натрий, калий, сөндірілмеген әк, тағы басқа-лар жанады. Өзара әсерлесуден әртүрлі газ тәріздес заттар, сұйық және қат-ты тотықтыргыштар өздігінен тұтануы мүмкін.
Тотығудың жылулық процестері немесе микроорганизмдердің тіршілік әрекеттері нәтижесінде заттардың жану процесі өздігінен жану деп аталады. Астық, шымтезек, көмір, ыс және басқалар өздігінен жануы мүмкін.
Өрт – адам өмірі мен денсаулығына зиян, қоғам және мемлекет мүдде-сіне материалдық шығын келтіретін бақыланбайтын жану.
Өрт шығудың негізгі себептері:
технологиялық жабдықтар мен пештерді пайдалану ережесінің бұзылуы;
электр қондырғыларын қондыру ережесінің бұзылуы;
найзағайдың түсуі;
пештер мен мұржалардың дұрыс салынбауы;
электр жабдықтарын пайдалану ережесінің бұзылуы;
отпен абайсыз болу.
Жанғыш материалының түрі бойынша өрттер мынадай кластарға бөлінеді:
1) А – қатты жанғыш заттар мен материалдардың өрттері;
2) В – жанғыш сұйықтықтардың немесе балқитын қатты заттар мен ма-териалдардың өрттері;
3) С – газдардың өрттері;
4) D – металдардың өрттері;
5) Е – кернеуде тұрған электр қондырғыларының жанғыш заттары мен материалдарының өрттері.
Адамдарға және материалдық құндылықтарға әсер ететін өрттің қауіпті факторларына мыналар жатады:
1) жалын мен ұшқындар;
2) жылу ағыны;
3) қоршаған ортаның жоғарғы температурасы;
4) жанатын және термикалық бөлшектенетін уытты элементтердің жо-ғарғы концентрациясы;
5) оттегінің төменгі концентрациясы;
6) көшіру жолдарындағы түтіннің жоғарғы концентрациясы.
Өрттің қауіпті факторларының құрылыс құрастырылымдарына, техноло-гиялық жабдыққа және өрт сөндіру жөніндегі әрекеттерге әсер ететін, адам-дардың өмірі мен денсаулығына, материалдық құндылықтарға зиян келтіре-тін екінші зардаптарына мыналар жатады:
1) бүлінген аппараттардың, агрегаттардың, қондырғылардың, құрасты-рылымдардың сынықтары, бөліктері;
2) бүлінген аппараттар мен қондырғылардан шыққан радиоактивті және уытты заттар мен материалдар;
3) құрастырылымның, аппараттардың, агрегаттардың ток өткізетін бө-ліктеріне жоғарғы кернеуді шығару;
4) өрт салдарынан болған жарылыстың қауіпті факторлары;
5) өрт сөндіретін заттардың әсері және өрттерді сөндіру жөніндегі өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің әрекеттері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет