Кафедрасы



бет2/6
Дата07.03.2024
өлшемі79.28 Kb.
#494683
1   2   3   4   5   6
Глосарий Тоғжан

АКАДЕМИЯЛЫҚ СУРЕТ – академиялық суреттің суреттен әйтпесе суреттемеден айырмашылығы суретшінің натураны егжей-тегжейлі талдап салуы, үлкен көлемдерге бөліктерді біріктіру арқылы бейнені толық зерттеп шығуы.
АССИММЕТРИЯ – бір дененің, не бір заттың біліктерінің бір-біріне сай болмауы. Симметриядағыдай орта сызықтың екі жағындағы көріністің бірдей шықпауы.
АКТИВИЗАЦИЯ (лат.ACTIVUS - АКТИВТЕНДІРУШІЛІК) (НАҚТЫ ІСТІ ЖЫЛДАМДАТУ, КҮШЕЙТУ) – сурет салу процесінде ерекше талпыныспен, әсерленгіштікпен жұмыс жүргізу.
ӘУЕСҚОЙ - өнерпаздық, өз күшімен сурет салуды үйрену әрекеті.
БИБЛИОГРАФИЯ – баспа шығармаларының көрсеткіштерін, тізімдерін құрастыру тәсілдері және әдістері жайында ғылым (кітаптардың атын, мазмұнын, авторын т.б. жазып отыру)
БЮСТ – адамның кеуде нұсқасының суреті, құйылған мүсіндік тұрпай. Оқып-үйрену сабақтарында бюст салу міндетті тапсырмаларға жатады.
Барельеф (рельеф) - бедер, тегістік бетіндегі мүсіндік бейнелеудің түрі.
Батальды жанр - соғыс тақырыбы бейнеленген көркем шырма.
Батик матаға - бояумен салынған сурет. Бюст - кеуделік мүсін.
Блик - жылт.
ВИРТУОЗ (ит.VIRTUOSO– асқан шебер, үздік шыққан, өнерлі. Өнерде шеберлік шыңына шыққандарды осылай атайды.
ГАРМОНИЯ (гр.HARMONIA) – үндестік, үйлесім. Мысалы, алдыңызға қойылған натюрморттағы заттар жиынтығы үйлесіп, тұтастай көз қызығарлық тартымды көрініс тудырса, оны біз үйлесімді деп бағалаймыз. Ондағы заттардың формаларының және түстерінің сүйкімді үйлесімділігі, реңктерінің үндестігі бәрі-бәрі «гармония» туғызады.
ГРАФИКА (гр.GRAFIKA) – «жазамын», «суретке саламын» деген сөздерден шыққан. Ол-сурет салу өнері. Сурет салу өнерінің күллі жиынтығын «графика» деп атайды. Суретте бейнелеу құралы сызық, дақ және штрих болып келеді. Мысалы, кітаптардағы суреттер «кітап графикасы» деп аталады
Галерея - көркем шығармалар қоры жинакталған орын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет