Кафедрасы


МАНЕРА – үлгі, тәсіл, ерекшелік. Суретшінің өнердегі бсқаға ұқсамайтын мәнер ерекшелігі. Сурет салудың өзіндік үлгісі – мәнері. МОДЕЛЬ (фр.MODELA



бет5/6
Дата07.03.2024
өлшемі79.28 Kb.
#494683
1   2   3   4   5   6
Глосарий Тоғжан

МАНЕРА – үлгі, тәсіл, ерекшелік. Суретшінің өнердегі бсқаға ұқсамайтын мәнер ерекшелігі. Сурет салудың өзіндік үлгісі – мәнері.
МОДЕЛЬ (фр.MODELA) – үлгі, кейіп. Оқу процесінде қолданылатын заттар (геометриялық модельдер, суретін салғызушы адам т.б.).
МАЙЛЫ БОЯУЛАР – 10ғ. шыққан, дәстүрге енуі, 15ғ. ө.с. нидерл. Суретшілері Ван-Эйктердің атымен байл. Тәжірибеде жасап бояулардың жаңғақ майы мен зығыр майына жақсы еритінін анықтайды. Ондай майларға еріт. бояу тез құрғайды, ажарлы болады.
МИНИАТЮРА – ескі қолжазба кітаптардың беттерінде айтылып отырған оқиғаны бейнелейтін суреттер кездеседі.Оны миниат. Көлемі жағынан сурет, суретші елеусіз нәрселердің өзін жібермей, тәптіштеп көрсетеді.
НАТУРА (лат.NATURE) – табиғат, заттың өзі. Сурет салу практикасында заттың немесе табиғаттың, қалап алған бөлігінің суретін өөзіне қарап бейнелеу.
НАҚЫШ – (инкрустация) стол, шкаф, әуелі жалтырата тегістелетін, сосын оюлап нақышталатын ағаш бетіне ерекше ағаш түрлері мен басқа заттардан жасалынған кішкене тақтайша өрнек салынған. Мұндай нақышқа қола, күміс, алтын, жақып аса құнды бұйымды жасалатын.
НАТЮРМОРТ – французша «өлі табиғат» .Тұрмыста күнде кездесіп жүретін зат, жеміс, гүлдерді немесе балықтан дайындалған түрлі тағам бейнеленетін картина.
ОЮ-ӨРНЕК (ОРНАМЕНТ) – белгілі сурет пен сызықтар, белгілі бір тәртіппен орналасқан, латын «ornamentum» - әшекей. Ою-өрнек: сызық, геометриялық пішін, жапырақтардың, гүлдер, жеміс-жидек, құстар мен аңдар суреті.
ОБЪЕКТ (лат.ABJECTUN) – зат. Материалды дүниенің сыртқы құрамды бөлігі. Адам әрекетінің танып білетін заты. Мысалы, картинадағы талдар немесе адамдар мен хайуанаттардың орналасуы т.с.с.
ПАСТЕЛЬ – итальян «pasta» - «қамыр» түрлі-түсті пигмент ұнтақталған бормен балауыз аралардан қамыр илейді. Сосын жұмыр таяқшалар жасап кептіреді. Суға езіп акварель, гуашь секілді пайдаланады. Пастель бояуы ұзаққа сақталмайды.
ПРОПОРЦИЯ (лат.PROPORTIO) – сәйкестілік. Белгілі бөліктердің бір-бірімен ара қатынасы, сай келісушілігі. Үлкен көлемді заттың суретін салу процесінде оның жеке бөліктерін үлкен көлемге сәйкестендіре белгілеп алу тәсілі.
ТЕМПЕРА – бояудың атын да сол бояумен салынған шығарма. 4 түрге бөлінеді: гуммиарбин- қағазға сурет салып және гуашьқа ұқсайды, екнші, майлы бояуға ұқсайды. Үй қабырғасына сурет салу үшін жұмыртқаның сары уызына езіліп дайындалатын темпера қолданылады.
ТӨСЕН (ГРУНТ) – кенеп матаның бетібор таспен желім, ұнтақ қосылған сылақ жағылып тегістеледі . Сонда ғана бояулар ұзақ уақытқа дейін өз өңін жоғалтпайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет