ЕЛЕСТЕТУ, ҚИЯЛ ЕЛЕС (ВООБРАЖЕНИЕ) – қиялдау не көз алдына алып келу, адам бойына біткен ажырамас тамаша қасиет. Суретші елестету мен қиялы өнермен тікелей ұштасып жатады. Ол оқыған кітабының желісіне қиялдап сурет сала алады.
ИНТУИЦИЯ (лат.INTUERI) – қадала, үңіле қарау. 1) сезу, түйсік арқылы білу; ) зерделік, ғылыми-теориялық білім мен алдыңғы тәжірибеге сүйену негізінде шындыққа жету.
ҚАҒАЗ – алғаш рет қағаз екінші ғ. Қытайлар ойлап тапты деген пікір бар. Қағаз жұқа, қалың, тегіс, бұдыр түрлері бар.Қарындаш пен акварель бояуларымен сурет салу, ватман, жартылай ватман, деп аталатын қатты тығыз қағаздар ыңғайлы. Қағаз өте бағалы түрлері арнаулы әдіспен тек күнге қарағанда көрінетін ерекше өрнектер салынады. Ондай өрнек «су таңбалары» деп аталады.
ҚАРЫНДАШ – тас дәуіріндегі адам көмірді алып, тас қабырғаларғы сызып, күнді қарындаш жарыққа келді. 18 ғасырда металл-қарындаштар пайда болды. Қазіргі рейсфедер. Металл түтікшеге қорғасын, күміс тіпті алтын сымдар кішкентай үзігі салынады.Қарындаш қатты, жұмсаққа бөлінеді: Т,2Т,3Т.
ҚАШАП, ОЙЫП САЛЫНАТЫН СУРЕТТЕР – ағаштен, сүйектен, тастан ойып адамның, жан-жануар, өсімдік бейнесін ою-өрнек салуға болады. Оған қашау, тесеу, шапқы секілді аспап қолданылады.
ҚЫЛҚАЛАМ – акварельге ақ тиын қалам әрі жұмыр, тығыз болуға тиіс.Майлы бояуға ақ түсті тікеннен қылтақтар пайдаланылады. Олар қалақ тәрізді жалпақ келген. Үлкен қылқалам бояу тұтас жазылып, үлкен таңдақтарды кішкене қылқаламдар шығармашылықта майда детальдарды бояйды. Қылқалам сыртына : 1,2,3,4... цифралар үлкен болған сайын қылқалам соғұрлым үлкен.
КОНТУР (фр.CONTOUR) – нұсқа. Бір нәрсенің сырт кескіні. Мысалы, құмыраның суретін салу барысында, алдымен құмыраның кескін-пішінін айқындап алу, яғни контурын сызып нұсқасын келтіру.
КОНСТРУКЦИЯ – түзіліс, құрылыс. Сурет өнерінде заттың конструкциясын анықтау, конструкциялық тәсілмен салу ұғымдары бар. Бұл заттың жасалу құрылысын білу деген сөз. Конструкция – форманың негізін құрайтын қаңқа.
КОНТРАСТ – қарама-қарсылық. Натура мен суреттегі реңдердің қарама-қарсылығы. Бейнелеу өнерінде жарық пен көлеңкелердің, өңдер мен түстердің реңдік қарама-қарсылығын көрсететін сипат.
Достарыңызбен бөлісу: |