Кафедрасы



бет6/6
Дата07.03.2024
өлшемі79.28 Kb.
#494683
1   2   3   4   5   6
Глосарий Тоғжан

ТҮПНҰСҚА (АФТОГРАФ) – суретші кенепке тек әдемі көріну үшін өзіне ұнаған адамның, өлкенің көрінісін бейнелеу үшін, өз шығармасын, ой-сезімін білдіру үшін жан-дүниесін жарқыратып, жайып салу үшін туғызады.
ТҮРЛІ-ТҮСТІ ЛАКТАР шап-шағын кішкене қорапшаның, жып-жылтыр қақпағына алтындап өрнек салынады. Олар қақпағына қара лак жағып, үстіне түрлі-тісті бояулармен әшекейлеген.
ТҮС – түстердің саны (7) екіге бөлінеді: жзылы,суық. Сары, қызыл, қызғылт сары- жылы түс. Көк, күлгін, көгілдір түстер – суық түстер. Жылы суық түске жататын түстер же бар. Мысалы: жасылға не сары, не көк қосылуы. Көк пен қызыл күлгін. Импрессионистер бояуды бір-бірімен астасып жаңаша құбылатын сипатын тек сонда ғана байқауға болады.
ТУШЬ – кәдуілгі тушь-сұйқылт қара бояу. Жапон суретінде тушьті суға, хош иісті заттар араластырып кесек плиталар жасап, шыныға не тарелкаға үйкеп, ұнтақтап суға ерітеді. Тушьпен сурет салуға қылқалам деп аталатын темір қаламұш жарайды.
ТЕХНИКА – бір істі орындағанда қолданылатын тәсіл. Кәсіби суретшілердің өзіне тән қалыптасатын бейнелеу техникасы, өзіндік бейнелеу тәсілі. Сурет техникасына жаттығу қажет (мысал: штрихтау тәсілі, өң беру тәсілі т.б.)
ФАКТУРА – сурет өнерінде суреттің реңінің сипаты. Қойылым суретін салу барысында заттардың материалдығын шыншыл көрсете білу шеберлігі.
ФОРМА – 1) сыртқы пішін, оның ішінде пропорция, конструкциялық құрылым, көлем деген мағынаны білдіреді; 2) бейнелеу өнерінде «форма» ұғымы жиі қолданылады. Әр нәрсенің өзіне ғана тән формасы болады, сол сан-алуан формаларды бейнелеу арқылы тану, зерттеп суретін салу арқылы мән мағынасын анықтау.
ШАБЫТ, РУХ (ВДОХНОВЕНИЕ) – шығармашылық күштің пайда болуы, көңіл-күй шабыты, әсерленгіш шабыт. Сурет салушы көңіл-күйінің шабытын өзі жасап рухтануы керек, ол рух күші көркем шығармасына берілуі керек.
 ЭКСПОНАТ – экспонат (мұражайға, көрмеге қойылатын зат); мұражай экспонаттары (құнды бұйымдар, картиналар т.с.с.).
ЭСКИЗ (фр.ESGUISSE) – алдын-ала жасалатын долбар. Негізгі жобаны жасау үшін алдын-ала дайындалатын үлгі сурет. Мысалы, картинаның түпкі мағынасымен ойын тауып көрсетуге арналған суретшінің ізденіс жұмыстары.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет