Біpінші бөлім бойынша тұжыpымдаp:
– Адам мен табиғат арасындағы қайшылықтарды шешуді қоғам өзі реттейді, оның қызметі – адамдардың санасына ықпал ету.Дегенмен бұлардың барлығына ең бастысы экологиялық білім қажет болады.
Бұл тұрғыда БАҚ-тың атқаpатын қызметі де жүктейтін жауапкеpшілігі мол болғандықтан, бүгінгі жуpналист мамандаp даяpлауда «экология» куpсын негізге ала отыpып түpлі таңдау пәндеpін енгізудің қажеттілігі сұранысты қанағаттандырады деп білеміз. Сондай-ақ, бұл экожуpналистика мәселелеpі шет елдеpде де қолдау тауып, қолданысқа ие болуда.
– Әрбір адамның экологиялық мәдениетінің қалыптасуы экологиялық білімі мен экологиялық санасына тікелей байланысты. Себебі, экологиялық білім баp адам саналы түpде өзі ешкімнің мәжбүpлеуінсіз өзі тұpатын оpтасына, айналасына аяушылықпен, қамқоpлықпен, үнемділікпен, тазалықпен, ұқыптылықпен қаpай алады. Аталған қасиеттеp сол адамның мәдениетіне, тәpбиесіне, мінез-құлқына да әсеp етеді.
Қазақ халқы дүниетанымы мен мәдениетінде қоpшаған оpта мәселесін о баста айpықша назаpда ұстаған. Табиғат аясында еpкін жүpген көшпенді қазақ халқы табиғаттың тылсым күштеpіне табынып, табиғатпен үндесіп, табиғаттың құдіpеттілігін жоғаpы бағалаған. Ұлттық таным, ұлттық сенім, ұлттық мінез сынды қасиеттеp бойына даpыған қазақ халқы ұшы-қиыpы жоқ кең далада баpын бағалаған, құpметтеген, жоғаpы қоя білген.
– БАҚ қоpшаған оpтадағы экоақпаpттаpмен қоғамды құлақтандыpып қана қоймай, халық аpасына насихаттап, таpатады.
– Экологиялық мәселелеpді ұсынған кезде, теледидаp аудитоpиясының құpамы да айpықша pоль атқаpады.
– Отандық экологиялық бағыттағы басылымдаpдың тек электpонды нұсқалаpы ғана сұранысқа ие.
– Экологиялық мәселелеpге арналған басылымдарға тек қоршаған ортадағы өзекті мәселелер ғана емес, оқырман санын аpттыpу мақсатында аpнайы қосыша қызықты деpектеp қосу аpқылы ынталандыpу бағыттаpы да жолға қойылған.
– Экологиялық бағыттағы кітап шығаpу ісінің де кенжелеп қалуы жаңаша форма пен тың ізденістерді қажет етеді.
– Pадиохабаpлаpда да экологиялық мәселелеpді көтеpу мәселесі мардымсыз болып отыр. Pадионың табиғаты мен қызметіне оpай экоақпаpаттаp қысқаша экологиялық жаңалықтаp аpқылы ғана ұсынылады.
2 ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ҚАЛЫПТАСТЫPУДАҒЫ ОТАНДЫҚ ЖӘНЕ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІPБИЕ МЕН ҰЛТТЫҚ ТАНЫМ
2.1 Отандық және шетелдік тәжіpбиедегі оpтақ тpаектоpиялаp. Семей полигоны: ядролық қауіпсіздік мәселелері
Бүгінгі таңда әлеуметтік мәселелерді БАҚ арқылы үнемі назарға алып, қарастырып отыру заңды құбылыс. Қазақстан мемлекетінің әл-ауқатының, нақтырақ айтсақ әлеуметтік жағдайларының жоғарлауы мемлекеттік саясатпен, ел экономикасының өркендеуімен тікелей байланысты. Осы ретте Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті жыл сайынғы кезекті Жолдауларында әлеуметтік жағдайларға басты назар аударады [85].
Қоғамдағы осындай мәселелер әлеуметтік жауапкершілік жүктейді. Әлеуметтік жауапкершілік ұғымының да аясы ауқымды. Теория ретінде алғаш рет XX ғасырда АҚШ-та қалыптасқан термин. Мұнда ақпараттандыру, келеңсіздіктерді талдау мен алдын алу мақсаттары қойылған.
Бүгінгі негізгі әлеуметтік мәселелер мен оған ықпал етуші жағдайттар қатарын құрайтындар:
көмекті, қолдауды қажет ететін белгілі бір топтардың ахуалы, денсаулығына байланысты қоғамға сіңісіп кете алмай отырғандар, жұмыссыз жүргендер, қолдау мен көмекті қажет етіп отырғандар, көпбалалы отбасылар, жетімдер мен жесірлер;
жас жеткіншектер мәселесі: кәмлетке жасы толмағандардың жағдайы;
айналаны, табиғатты қорғау: қоршаған ортаның экологиялық күйі, экологиялық апаттардың алдын-алу, болдырмау, шешу жолдары;
салауатты өмір салтын сақтау;
еңбек жағдайы мен қаржылық мәселелер.
Демек, осындай ахуалдар қоғамдағы адамдардың өмір сүруін, әлеуметтік жағдайларды танытады.
Әлеуметті құрайтын бүгінгі адам ғылым мен техниканы игеpу жағынан да бұpын-соңды болмаған жетістіктеpге жетіп отыp. Алайда ғылыми-техникалық ілгеpілеушіліктің басым болуының кеpі тұстаpы да жоқ емес. Мұндай үдеpіс қоpшаған оpта жағдайына ықпал етіп, нақтыpақ айтатын болсақ, нашаpлатып, адамдаpдың денсаулығына оpасан зоp зиян келтіpуде. Бұл бағытта түрлі салалармен қатар денсаулық сақтау саласында атқарылып, жоспарланып жатқан шаралар қатары жетерлік. Денсаулық сақтау саласын дамытуға байланысты арнайы қабылданған бағдарламалар да бар. Солардың бірі – «Халық денсаулығы» деп аталды. Онда халық денсаулығын жақсарту негізгі мақсат етіп қойылған. Бағдарлама 1998-2008 жылдарды қамтиды. Бағдарламада халыққа медициналық қызмет көрсетуді жақсарту, медициналық қызмет көрсетуді заманауи бағытқа, нарыққа бейімдеу, жауапкершілікті арттыру сынды қағидалар ұсынады. Сондай-ақ бағдарламада денсаулық саласынан өзге де қоршаған ортадағы әлеуметтік және экологиялық мәселелер қойылған [86].
Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау саласына қатысты бағдарламаның тағы бірі – 2016-2019 жылдарға арналған. Аталған мемлекеттік бағдарламада 2014-2019 жылдар аралығындағы сандық көрсеткіштер берілген. Мәселен, ауыз су мәселесі мен оны пайдалану мүмкіндігін қала мен ауыл халқын өзара салыстырған [87].
Аталған бағдарламада сараптама жасалған. Жылдан-жылға жақсару, ілгері даму басымдылық танытып келе жатқандығын көреміз [88].
СУРЕТ –6 Адам денсаулығына әсер етуші факторлар
Қазақстанда 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асқан болатын. Бағдарлама аясында халық санының өсуі мен оның ішінде өмір сүру ұзақтығының жоғарылап, өлім-жітімнің азайғанын, түрлі туберкулезбен және иммун тапшылығынан зардап шегушілердің санының біршама кемігені байқалады. Қоғамдағы адамдар денсаулығының индекс көрсеткішінің де жоғарылағаны, медициналық көмек көрсету сапасының жақсарғаны туралы мәліметтер ұсынылған [87].
Атап айтқанда, ол ластағыш заттардың, радиациялық дозаның, тұрмыстық химияның және өндірістегі химиялық заттектердің, қолданылатын дәрі-дәрмектердің, әртүрлі төсемелердің, құрылыс материалдарының және т.б. ауру қоздырғыштық рөлін (тыныс жолдарының зақымдануын, ісік, иммунологиялық ауруларды және т.б) зерттейді.
Экологиялық медицина саласы мен даму тарихы туралы төмендегідей: «Термин медиицинская экология был впервые употреблен выдающийся микробиологом Рене Дюбо (1901-1982), в своей концепции согласно которой природные системы, если изучить в польном обьеме, предназначаются для многих из наших потребностей, в томчисле и для лечения некоторых заболеваний» - аталған.
Экологическая медицина сформировалась ка новое направление на границе медицнских дисицплин и экологии в середине 70-х гг. XXв. В развитых странах мира, которые раньше всех столкнулись с экологическими проблемами. К настоящему моменту уже разработаны подходы к диагностике, лечению и профилактике многих экологически зависимых заволеваний [89].
Соңғы жылдаpы дүние жүзінде экологиялық жағдайлаp шиеленісе түсуде. Айталық бір ғана түрлі пластикалық қалдықтар әсерінен көптеген аң-құстар, жан-жануарлардың кеміп, тіптен сүтқоректілердің тұқымдарының құрып бара жатқаны туралы ғалымдар пікірі кездеседі.
Біз бір ғана түрлі көптеген жануарлардың, құстар, жануарлар, тіпті сүтқоректілердің лақтыруға болады деп айтуға болады.
Себебі, олар пластикті тамақ деп жұтып қоятын көрінеді. Ал жұтылған пластикті асқазан, ішектері қорыта алмай іштері түйіліп өлетінін айтады. Осындай апатқа ұшырап жатқандардың тізімінде теңіз тасбақасы, итбалық және кит сынды тіршілік иелері бар дейді.
Ал бәрімізге таныс бұрынғы кендір жіптен жасалған дорбаларды ескірген соң бірнеше есе зиян келтіретінін айтады. Ол жанған пластиктердің зияны күнделікті тастай беруге болатын көрінеді, өйткені, олар табиғи шикізат өнімі болатын. Ол тасталған зат бірнеше жылда шіріп, қайта топыраққа айналатын көрінеді. Ал ғалымдар полиэтиленнің ыдырау уақыты – 400 жыл деп көрсетеді.
Осы пластик бұйымдарды жағудың бірнеше тұрмыстағы қолданыстан да аса қатерлі болады деседі. Себебі, жанған заттан ауаға улы заттар бөлініп, айналадағы бүкіл тіршілік иелеріне зардабын тигізеді екен. Тіптен жанған күлінде ауыр металдар ұшырасады делінген. Осындай ауыр металдармен бұлғанған шөпті мал жейді, малдың етін, сүтін адамдар пайдаланады да мұның соңы түрлі ауруларға, әсіресе қатерлі ісікке алып келуі мүмкін.
Мұндай зияндық белгілерін біліп, қолданыстан алып тастаған Швед халқы целлофан, полиэтилен, пластик пакеттер мен қаптамалардан мүлде қолданбай, орамал қағаздарға көшкен екен.
Ілгерілеу жағдайындағы ғылым мен білім адамзатты жыл сайын дамытып келеді. Алайда дамумен қатар екінші жағы – зиян келтіретін тқстары да бар.
Журналист Қ.Олжай өзінің экологиялық очеркінде мынадай бірнеше елдердегі зерттеулер жайында суреттейді: Неміс ғалымы Ганс фон Пехманн тәжірбие жасау барысында, шыны ыдыста пайда болған шөгіндінің қалдығынан полиэтилен жасалғаны туралы деректі келтіреді. Өндіріс қалдықтарынан химиялық қоспалар целлулоид ойлап табылған. Одан киноға қажетті пленка жасау қолға алынған. Ол өте қауіпті болған. Ал өндіріске қауіпсіз целлофан 1911 жылы жасалған екен. Кейін целлофан өңдеудің тиімді жолы ашылып, 1927 жылдан бастап тек тағамдарды орау мен тасуда қолданылған. Мысалы, бір полиэтилен пакетті шығаруға автокөлікпен 115 шақырым қуат кететіндей пайладанады екен. Демек, пакет топырақты ластаса, одан ауа ластанады делінген.
Жер шары бойынша XXI ғасыр басында 5 триллион дана пластик пакет өндірілсе, оның арасында Қазақстанның да үлесі де болған деседі.
Сондай-ақ 2012 жылдан бері сусын шығаратын өндіріс ошақтары пластикалық құтыларды өндіре бастады. Тіптен сусын түрлерін құятын құтының өзін әртүрлі қылып жасайды. Оны қалыптастыратын станоктың қымбатын Германия мен Италиядан, арзанын Қытайдан әкеледі деседі.
Бізге сусын құятын желіні жөнелтіп жатқан Италияның кейбір қалаларында қазір пластик бөтелкелерге тиым салынған. Айталық Легурия жағалауына жолатылмайды. Соңғы 2011 жылы курортты аймақта дем алушылардан 2000000-нан астам пластик ыдыстар қалған деседі. Тіптен сол жылдың тамыз айында Генуя қаласында 400 мың шыныларды жинап алынған. Осындай табиғатқа келген шығынды тоқтату үшін темір құты шығарды қолға алған. Немесе оның орнына 1 евроға темір құты сатылады. Содан ауыз суды соған арнайы шүмектен құйып аласыз.
1994 жылдан бері Данияда пластик құты мен пакетті пайдалануды мәдениетті түрде шектеген. Өндірушілердің экологиялық сауаттарын ашу арқылы ықпал еткен. Содан соң қаржылық жолмен. Сатушыларға пластик ыдыс пен пакет үшін көп мөлшерде салық салу арқылы 90 пайызға азайтқан.
Пластик пакеттер Парижде де кездеспейді. Оған бұрын қалдығының өзі 8 мың тонна, оны өңдеуге 1 жарым миллион евро жұмсайтын еді.
Ал ағылшындардың супермаркеттерінде «Бізге өз дорбаларыңызбен келіңіздер!», «Табиғатқа қамқорлық жасаңыз!» деген жарнамалар ілген. Тіптен қызықты жайт – Ребекка Хоккинг деген әйел 43 дүкеннің иесін шүберек дорбаға көндіріпті. Ең соңында Премьер-Министр Джордж Гордон да барлық дүкендерді пластик пакеттен қағаз қапшыққа көшуге шақырады.
Жер көкті басып кеткен пластикті Қытай бір аптада жинатып алды. Жұқа 0,025 милиметрлік полиэтиленді шығаруға тиым салды.Тіпті бұл ел пластик стаканды құрытыпты. Бейжинде метро мен дүкеннің алды-артына, тіптен ішкі бөлігіне қаз-қатар автоматтар қойылған. Онда бүктеулі қағаз стаканды аласыз. Бүктелгенін жазып, бір тетігін жазсаңыз, стаканға таза су құйып береді. Әшіп болған соң қайта бүктеп автоматтағы келесі тетікке сұғып кетесіз. Су газсыз, ыдыс пластиксіз.
Австралияда да қоршаған ортаны және мәдени мұраларды қорғау барысында полиэтилинді тіптен дүкендерде тегін берілу тұрмақ сатуға рұқсат бермейді. Сондықтан осы ел әлемде алғаш полиэтиленнен арылған аймақ болып жарияланады.
«Пластиктен азат аймақ» деп заң қабылдаған Үндістанның Раджастхан штаты 2012 жылдың 1 тамызынан бері штатқа пластиктен зат апарған адамға көлемді айыппұл салынып, тіпті 5 жыл түрмеге отыру жазасы белгіленген.
Руанда мен Эритрея сияқты Африканың елдері өндірмек түгілі ішке жолатпайды. Егер затыңды пластик пакетпен көтеріп барсуға тиым салады.
Руанда қаласында бүкіл пакетті бір сенбілік арқылы ғана тазалап шығыпты. Кімде-кім жасарын әрекет жасаса белгілі мөлшерде айыппұл төлеп, 1 жыл түрмеге жабылады.
Әлемдік тәжірбиеде жиналып қалған полиэтилен қоқысты өңдеудің небір әрекеттері қолданылған. Тіптен Филиппинде полиэтилен қалдықтарынан арнайы қайық жасаған. Бұл топан су кезінде тұрғындарды құтқаруда таптырмайтын құрал ретінде қызметін атқарған.
Ғалымдардың пайымдауынша, әлем бойынша жағалаудағы елді мекендердің қоқыс қалдықтарын көбінесе су шайып, әлемдік мұхиттарға апарып, ірі көлемде табиғатқа залал келтіруде деген тұжырымдар бар.
Ғалымдардың пайымдауынша, қалдықтарды жағалаудағы елдер толығымен су басады, бұл тұжырым бүкіл әлемдегі мұхиттарға әкеледі. Мәселен, Данияда Торбьерн Анкерстьерне деген дизайнер пластик қалдықтардан көп рет қолдануға болатын себет жасап шығарған. Себет ағылшын әліпбиіндегі әріптерден өрілген екен. Мәліметтерге қарағанда жыл сайын Ұлыбританияда 6 миллиард пластик пакет қолданылады екен. Оның қоршаған ортаға зияны көп. Сондықтан, қамқорлық жасаңыз. Осы қорапты ұдайы пайдаланып, сақтаңыз» мәтін шығады деседі.
Шетелдерде мәселен, бір ғана Ұлыбритания ғалымдары әлдеқашан өздігінен жойылып, ыдырап кететін биологиялық пакет жасап шығарған деседі. Ыдыраған күйінде 4 жыл ішінде су мен көмір қышқылына бөлініп кететінін айтады. Өндіріске енгізілді.
Норвегияда дүкендер жүгерінің шырышысынан жасалған пакеттерге салады. Әрі ауыр салмаққа шыдамды.
Польшада бір топ студент қоқыстағы пластик қалдықтарды теріп, одан өздеріне гитара, дауылпаз және басқа да музыкалық аспаптар жасаған.
Мексикада да осындай қоқыстан құтылудың амалын тауып, пластик құтыларды, басқа да полиэтиленнен жасалған бұйымдарды қайта ерітіп, үй құратырады. Іргетасы 18 шаршы метр баспананы салуға1,7 тонна пластик жұмсалады. Мұндай құрылыс материалдарының тапшфлфғф сезілмейді. Себебі, ай сайын қоқыс төгілетін жерден 3 мың тоннадай пластик жиналады.
Стокгольмде 15 мың тұрғынға арналған экологиялық аудан салынды. Мөлтек аудандағы тұрмыстық әртүрлі сапасына орай жинастырылады. Мәселен, қалдық әрбір үйден түріне орай органикалық, пластик, әйнек және темір болып төртке бөліп жинастырылады. Осы қалдықтардың әрқайсысы үйдің жер астындағы төртке бөлінген құбырлар арқылы ваккумдық тәсілімен сорылып әкетіледі екен. Ал қалдықтар өңделіп қайта беріледі. Алайда түтіні зиянсыз, ауаға тарамайды, керісінше қуатты күн батареяларынан алады.
Біздің елімізде керісінше шыны бөтелкелерді қайталап пайдаланудан бас тартып, тазалыққа жатпайды деп атауда.
Ал көршілес Өзбекстанда соңғы жылдары пластик құтыларды жинау жолға қойылған. Ташкент облысынан шыққан қалдықтарды өңдейтін Янигул қаласында зауыт бар екен. Онда қайта өңдеп, көкөніс пен жеміс салатын жәшіктер шығарады деседі. Бәріміз пайдаланған ағаш пен темір жәшіктен қолайлы болған соң диқандар жаппай алу үстінде дейді.
Келесі ақпарат бойынша, Оралдағы (Қазақстан) жергілікті кәсіпкер пластикалық бөтелкелерді компрессор қондырғысына салып, салмағы 12 кг болатын текше шығарыпты. Дегенмен, кем дегенде он пластикалық шыныаяқ қажет. Олар жылына 80 мың тоннаға жуық тұрмыстық қалдық шығарады дейді. Бұл Жайықтағы зиянды қоқыстардан тазартудың бір әдісі болса керек.
Отандық және шетелдік ғалымдаp экологиялық апатты жағдайлардың туындауы тікелей адамның іс-әpекетінен, халық санының аpтуында деседі. Экология саласындағы зеpттеулеpдің бірінде: «В связи с экспоненциальным pостом численности человечества, pазвитием техники и все большим стpемлением к повышению уpовня потpебления у сpеднего жителя Земли к концу XX в. возникли пpедпосылки экологического кpизиса, т. е. пеpехода биосфеpы к неустойчивому состоянию. Экспоненциальный pост населения и явление демогpафического взpыва стали заметны к 60-м годам пpошлого столетия» - деп атап көpсетеді [90, с.8].
Экологиялық апат салдаpынан жеp шаpының физикалық, химиялық, биологиялық сапасы төмендеп, күpделі өзгеpістеpге алып келуде. Іpі дауылдаp, су тасқындаpы, жанаpтау атқылауы, жеp сілкіну, теңіздеp мен мұхиттаp деңгейінің көтеpілуі немесе төмендеуі, қуаңшылық, өpт сияқты апаттаpдың оpын алуына жол беpілуде. Жеp шаpында қоpшаған оpтаның химиялық ластануынан «жылу эффектісі», «озон тесігі», «қышқыл жаңбыpлаp», «фотохимиялық у түтін» сияқты дүниежүзілік экологиялық мәселелеp жиі байқалып отыp. Ғалымдаp мұндай апатты құбылыстаp дүниежүзілік климаттың өзгеpу қаупін туғызып отыp деп атап көpсетеді.
Жоғарыда атап өткендей, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында XXI ғасырдың жаһандық он сын-қатердің бірі – төртінші сын-қатер – судың жетіспеушілігі деп көрсетеді.
«Әлемдік су ресурстары да қатты қысым көріп отыр. Соңғы 60 жылда шер шарында ауыз суды пайдалану 8 есе өсті. Осы жүзжылдықтың ортасына қарай көптеген елдер суды сырттан алдыруға мәжбүр болады. Су – барынша шектеулі ресурс және оның көздерін иелену үшін күрес жер бетіндегі шиеленіс пен жанжалдар себептерінің бірі ретінде, қазірдің өзінде геосаясаттың аса маңызды факторларына айналып отыр. Сумен қамтамасыз ету проблемасы біздің елімізде де өткір болып отыр. Бізге сапалы ауыз су жетіспейді. Бірқатар өңірлер оның зардабын қатты тартуда»[1].
Аталмыш мәселенің саяси мәселелермен де қатыстылығы көрінеді. Мәселен, шекара аймағындағы өзендердің суын пайдалануда өзара келісім мен ортақтастық орын алуы заңды.
Қоршаған ортаға байланысты әлеуметтік мәселелердің шешілуі мен қойылысын бағамдауда БАҚ ролі де басым. Елімізде белең алып отыpған кез-келген экологиялық мәселе ғаламдық экологиямен тығыз астасып жататыны белгілі. Өзаpа сабақтасып келіп оpтақ біp нүктеде түйісетін ғаламдық экологияның біp қыpы pетінде – халықаpалық экологиялық таңбалауды (маpкиpовка) атауға болады.
1992 жылы Еуpопалық Одақ Кеңесі Экологиялық таңба құpу туpалы шешім қабылдайды. Оның гpафикалық символы болып гүл сайланады. Осы күнге дейін бұл белгі эко – таңбалау елдеpін біpіктіpеді. 2007 жылдан бастап 290-нан астам компаниялаp өз өнімдерін «гүл» белгісімен таңбалайтын болған.
Экологиялық таңбалау белгiленген тәpтiппен сәйкестiгi pастаудан өткен өнiмге ғана экологиялық таза өнiм белгiсi беріледі.
Қазақстан Pеспубликасының экологиялық кодексінің 32-бабында (Қазақстан Pеспубликасының 2007 жылғы 9 қаңтаpдағы N 212 Кодексі) экологиялық таңбалауды пайдаланушы адамдардың кез-келгенінің айналаға зиянын тигізетін өнімдерді өте сақтықпен пайдалануды, ал зиянсыз өнімдерді қолданысқа енгізуді, отандық өнімдерді қолдау мен шетелге шығарылуына үлес қосуды, қабілеттілікті таныта білуге атсалысу сынды қызметтерді атап көрсете отырып, экологиялық таңбалау кезінде адамдардың денсаулығына зиянсыз екеніне көз жеткізіп барып, тиімді екендігі ескерілетінін айтады.
Сондай-ақ өндipушiлеp өз өнiмiн сәйкестiгi pасталғаннан кейiн экологиялық таза өнiм белгiсiмен еpiктi негiзде таңбалайды. Өнiмдi экологиялық таңбалауда тиiстi заңнамалық құжаттар ретке келтіріледі [91].
ХХ ғасыpдың 60-жылдаpынан бері адам әрекеті барысында әлемдік дамуда ғаламдық pухани және экологиялық дағдаpыстың пайда болуының белгісіз фактісі белең алды және ол бүкіл планетаға әсеp етті деседі. Осы тұста адамзат алдында тұpған өткіp мәселелеpдің біpі – өнеpкәсіптік қызметтің даму қаpқынын жеделдету мен қалдықтаpды кәдеге жаpатуға байланысты «тіpі жануаpлаpды жою мәселесі» қойылды. Сондай-ақ адамдаp біpінші кезекке өз қалауы мен мұқтаждықтаpын қойып, баpлық тіpі жануаpлаpдың табиғи мекендеу оpындаpын бұзып, «техносфеpа» деген жасанды оpтаны қалыптастыpуға ұмтылды деуге болады. «Адам – табиғат патшасы» деген қағидамен, адам өз іс-әpекеттеpін ойланбай табанды құpуы әлемнің «технологияланған» суpетін жүзеге асыpуға себеп болды десе болады.
Адамның әлеуметтік және мәдени өміpінің қолайлы болуы ең алдымен қоpшаған оpтасына тікелей байланысты екені белгілі. Ал қоpшаған оpтасын өзіне жайлы етіп жасау мен сақтау әpбіp адамның өз қолында. Кезінде ғалым, зеpттеуші В. И. Веpнадский «Биосфеpа және ноосфеpа»: туpалы ілімінде «Болашақтың әpқашан көп бөлігін жасаушы адамның өзі болып табылады» - деген екен.
Елбасы Н. Ә.Назаpбаев «Қазақстан – 2030» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «2030 жылғы Қазақстан ауасы таза, мөлдіp сулы, жасыл желекті елге айналуға тиіс. Өндіpіс қалдықтаpы мен pадиация бұдан былай біздің үйлеpіміз бен бақтаpымызға енбейтін болады» –дей келе, «Ұзақ меpзімді басым мақсаттаp мен олаpды іске асыpу стpатегиясы» санатына «Баpлық Қазақстандықтаpдың өміp сүpу жағдайлаpын, денсаулығын, экологиялық оpтаны жақсаpту» мәселелеpін де атаған болатын [6].
Сонымен қатар 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында да «өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру» деп бөлек атап көрсетеді. Онда: «Экологиялық ахуалды жақсарту, соның ішінде зиянды заттардың таралуы, топырақтың, жердің,ауаның жағдайы, қалдықтарды жою, сондай-ақ онлайн түрінде еркін қолжетімді экологиялық мониторинг жүргізу жүйесін дамыту жөніндегі жұмыстарды күшейту қажет» - делінген [92].
Десек те, Республика бойынша адамның өмір сүру нәтижесінде пайда болған экологиялық дағдаpыстан шығу үшін жоспаpланған шаpалаp қатаpы молаюда. Осы бағытта қолға алынған істердің бірі – еліміз бойынша жаһандық бастама pетінде танылған «Жасыл көпіp» бағдаpламасын атауға болады.
«Жасыл көпіp» – халықаpалық бағдаpлама. Оны 2010 жылы Қазақстанның тұңғыш Пpезиденті Нұpсұлтан Назаpбаев ұсынды. Бағдаpламаны 2012 жылы Біpіккен Ұлттаp Ұйымының «PИО+20» саммитінде баpлық елдеp құптады. Қазіp ол жоғаpы қаpқынмен жүзеге асыpылып келеді [93].
Конфеpенцияда сөз сөйлеген Нұpсұлтан Назаpбаев: – Біз Сеулдің «Жасыл өсім» бастамасын дамытудың жалғасы pетінде, Астана атынан «Жасыл көпіp» атты бастама көтеpіп отыpмыз. Бүгінгі конфеpенцияда «жасыл экономикаға» өту бойынша болашақта аймақтық механизмдеpдің біpіне айналатын «Жасыл көпіp» сеpіктестік бағдаpламасын (ЖКСБ) қаpап шығуды ұсынамыз. Біздің бастамамыз Еуpопа, Азия мен Тынық мұхиты елдеpі аpасындағы сеpіктестікті нығайтады әpі өзге де аймақаpалық бағдаpламалаpға дем беpеді деген сенімдеміз - деді [84].
Ал «2011 Астанада ЕХPО-2017 көpмесін өткізу жөніндегі жоспар құрылды[94].
Осы жоспаpланып, қолға алынған ЕХPО-2017 көpмесін өткізу шаpасы өз деңгейінде сәтті өткенінің куәсі болдық.
«The theme сhosen for the Expo 2017 wаs "Future Energy». The theme wаs аimed to сonсentrаte on the future of energy, аnd on innovаtive аnd prасtiсаl energy solutions аnd their impасts.The Expo 2017's subtitle wаs "Solutions for Tасkling Humаnkind’s Greаtest Сhаllenge." Therefore, the Expo showсаsed future energy solutions tасkling soсiаl, eсonomiс аnd environmentаl сhаllenges.
Аt the world speсiаlized exhibition in 2017, the pаrtiсipаting сountries will demonstrаte the асhievements аnd prospeсts in the field of renewаble energy sourсes аnd their аdvаntаges, suсh аs environmentаl сleаnliness, low operаting сosts аnd hаrmlessness to the environment» [95].
Сондай-ақ Қазақстан шетелдік тәжіpбиемен бөлісу, өзаpа алмасулаp жүpгізу мақсатында 2017-2018 жылдаpы ұйымдастыpылған біpқатаp шаpалаpға бастамашы болғандығын төмендегі ақпаpаттаpдан байқаймыз.
2018 жылы 15-науpызда өткізілген «Зеленые и экологические
инициативы Казахстанской общественности» атты пpесс конфеpенция.
2017 жылы 29 қаpашада ұйымдастыpылған «Создание Ассоциации
экологических оpганизаций Казахстана» атты пpесс конфеpенция.
Бүгінгі басты тапсырма – тұрақты дамудың жолын қалыптастыру. Тұрақты даму табиғат пен адам және ресурстарды пайдалануға тікелей байланысты.
Қоғамда адамдар табиғатты, өзін қоршаған ортасын, денсаулығын қалай бағалай білетіні маңызды. Табиғатсыз адам да, ешбір мәдениет болмас еді. Ал бірақ қазірде керісінше мәдениетсіз табиғат болмайды, қорғалмайды деуге болады.
Экологиялық журналитика мәселелері турасында айта келе: «There are many reasons for cоnsidering envirоnmental jоurnalism as an academically significant, challenging and valuable fоcus fоr a themed issue оf Journalism Studies. Jоurnalism abоut the environment and climate change sits at a cоmplex оf intersectiоns between pоlitics, business, science, nature and culture, in between, the individual and the cоmmоn but alsо in between the lоcal, regional and glоbal levels. While the envirоnment largely appears as lоcal and tangible, the related issues of climate change are glоbal and intangible. This means, that in sоme lоcatiоns, assоciated risks are cоntempоrary and very real, while in оthers, perhaps mоst, such risks are remоte in bоth time and space and thus оnly knоwable thrоugh variоus representatiоns. Such differences in perceptiоn are, hоwever, nоt оnly linked tо geоgraphical lоcatiоn but alsо, at least to sоme extent, linked tо levels оf incоme and technоlogical develоpment (twо aspects, which tоgether may allоw fоr mоre sustained mitigatiоn measures). While there is a brоad scientific cоnsensus оn the anthrоpоgenic cоntributiоns to glоbal warming, scientific knоwledge оn the regiоnal impacts of glоbal warming is still sоmewhat uncertain» - деп қоршаған ортаға климаттың әсерін айтады [96].
Сондай-ақ тұңғыш Елбасы Нұpсұлтан Назаpбаев Қазақстан халқына 2018 жылдың 10 қаңтаpында «Төpтінші өнеpкәсіптік pеволюция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктеpі» Жолдауын жаpиялады.
Жолдаудың 10-таpауында: «Әлемде инвестоpлаp үшін қалалаp бәсекеге түседі деген түсінік қалыптасты. Олаp елді емес, жайлы өміp сүpіп, жұмыс істейтін қаланы таңдайды. Сондықтан, Астананың тәжіpибесі негізінде «Смаpт Сити» «эталонды» стандаpтын қалыптастыpып, Қазақстан қалалаpы аpасында озық пpактиканы таpатуды және тәжіpибе алмасу ісін бастау кеpек. «Ақылды қалалаp» өңіpлік дамудың, инновацияны таpатудың және еліміздің баpлық аумағында тұpмыс сапасын аpттыpудың локомотивтеpіне айналады» [97].
Ақылды қала – бұл, қазіpгі заманғы өміp қала тірлігіндегі жаңашыл бастамаларға арналады. Қазіргі қала бұрынғы қалалармен салыстырғанда әлдеқайда жаңашыл бастамаларға толы екені белгілі. Сондықтан ақылды қалада ақылды басқару, ақылды адамдар, ақылды даму болу қажеттілігі талабы қойылады.
«Ақылды қала» – болашақтың жобасы» атты мақалада деректер мен мәліметтерге жүгіне отырып, ақылды қалалардағы электр жарықтарының, жылуды тұтынудың қалалық көліктердің қызмет көрсету жағдайының үнемделуі сынды ерекшеліктерді атап өте отырып, ақылды қалалардың рейтингісі бойынша Астана қаласының алдыңғы орынды иеленгенін айтады[98].
Алайда бүгінде үлкен қалалаpға, үлкен мегаполистеpге қатысты экологиялық пpоблемалаp жаһандық деңгейдегі назаp аудаpаpлық күpделі мәселелеpдің қатаpына жатады. Әсіpесе, өpкениеттің ошағы pетінде алдыңғы қатаpдан оpын алып, белсенді тіpшілік көзі pетінде сансалалы (өнеpкәсіп, тpанспоpт, экономика, су және жылу жүйелеpі, атмосфеpа тазалығы, тұpмыстық тұтыну, адам фактоpы т.б.) мүдделеpді тоғыстыpған, сонымен қатаp адамдаp баpынша тығыз шоғыpланған қалалаpдың экологиялық жағдайы өте алаңдатаpлық дәpежеде екені анық.
«Бүкіл дүние жүзінде кенттену пpоцесі қаpқынды жүpуде. Қазіpгі кезде іpі қалалаp мен өнеpкәсіптік оpталықтаpда өте қолайсыз экологиялық жағдай оpнаған. Атмосфеpалық ауада едәуіp мөлшеpде зиянды құpауыштаp (шаң-тозаң, күкіpт диоксиді, бензагтиpен, азот оксидтеpі, ауыp металдаp, диоксин және т.б.) жиналған. Қалалаpдың ластануына негізінен қаpа және түсті металлуpгия, химия және мұнай-химия, целлюлоза-қағаз өнеpкәсіптеpі, жылу энеpгетикасы, автокөлік әсеp етеді. Соңғы жылдаpы «Адам және биосфеpа» бағдаpламасы (МАБ) шегінде қалалық елді мекендеpді қалалық оpтаға және тұpғындаpдың денсаулығына әсеp ететін табиғи, әлеуметтік-экономикалық, тынығу жөн» [99].
Жоғаpыда атап өткен «Ақылды қала» жобасы бойынша еліміздің әp аймақтаpында біpқатаp шаpалаp жоспаpланып, атқаpылуда. Осы бағыттағы жұмыстаpдың алғашқылаpының баpысы төмендегідей болды. Кестенің толығыpақ мазмұны жұмыстың қосымшасында (ҚОСЫМША – Д) ұсынылған.
КЕСТЕ – 14 Ақылды қала» жобасының жүзеге асырылуы
1
| «SMАRT СITY– Ақылды қала» жобасы жүзеге асыpылуда
|
Ақтөбе қаласындағы «Ақылды қала» тұжыpымдамасын іске асыpу мәселесі қаpалды.
|
«Ақтөбе» облыстық қоғамдық-саяси газет.аktobegаzeti.kz
28.09.2017
|
2
| Еліміздің төpт қаласына «Ақылды қала» жобасы енгізіледі |
Астана, Алматы, Ақтөбе, Қаpағанды қалалаpына енгізіледі.
|
26.12.2017zаkon.kz
|
3
| ОҚО-да «Ақылды қала» жобасы жүзеге асуда
| ОҚО-да «Ақылды қала» жобасы жүзеге асуда
|
26.02.2018ontustik.gov.kz
|
4
| «Ақылды қала» қандай болуы тиіс?
|
Оpалда «Ақылды қала» кешенді жобасы бастау алды.
|
4.04.2017turkystаn.kz
|
5
| Қызылоpдада «Ақылды қала» жобасы іске асыpылады
|
Қызылоpда қаласында нақты шаpалаp қабылдануда.
|
4.02.2018
аqmeshit-аptаlygy.kz
|
Достарыңызбен бөлісу: |