Катиондардың бірінші аналитикалық тобы


Бесінші аналитикалық топ катиондары



бет20/33
Дата21.10.2023
өлшемі286.5 Kb.
#481338
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   33
ПОСОБИЕ АХ (2)

3.10. Бесінші аналитикалық топ катиондары

Бесінші аналитикалық топ катиондарына Fe2+, Fe3+, Mn2+, Bi3+,Mg2+ иондары жатады. Mn2+, Bi3+ және Mg2+ иондары түссіз, Fe2+ ионы ақшыл-жасыл, ал Fe3+ ионы сары.


Бесінші топ катиондарының нитраттары, сульфаттары, хлоридтері суда жақсы ериді. Бұл топтың гидроксидтері - әлсіз, нашар еритін электролиттер. Олар сілтінің артық мөлшерінде және амиак ерітіндісінде ерімейді, оның төртінші және алтыншы аналитикалық топ гидроксидтерінен ерекшелігіде осында. Бесінші аналитикалық топтың топтық реактивіне NaOH жатады. Бесінші аналитикалық топтың барлық тұздары гидролизге ұшырайды, әсіресе темір (III) және висмут (III) тұздары. Бұл қасиетті осы катиондарды ашу мақсатында қолданылады. Bi3+, Fe2+ және Fe3+ иондары комплексті қосылыстарды оңай түзеді. Бұл қасиеті ионды ашуға ғана емес, сонымен қатар Ғе3+ иондарын жасыру үшін де қолданады. Мысалы, бірнеше топ қоспасының анализі кезінде Fe3+ иондарын түссіз комплексті оксалаттар немесе тартраттар түрінде байланыстырады.
Бесінші аналитикалық топ элементтері ауыспалы тотығу дәрежесіне ие (магнийден басқа), сондықтан олар үшін тотығу-тотықсыздану реакциялары тән. Бұл қасиеті Мn2+ иондарын (күлгін түсті МnO4- ионына дейін тотығады) және Bi3+ иондарын (қара түсті металл висмутқа дейін тотықсызданады) ашу үшін қолданылады.
Жаңа тұндырылған сульфидтер мен гидроксидтер аморфты және коллоидты күйге жеңіл өтеді. Мұндай жағдай қиын еритін қосылыстардың бөлшектері белгілі бір жағдайда ерігіштігі тежеледі де коллоидты бөлшектер түзеді. Егер коллоидты ерітіндіге қандайда бір электролитті артық мөлшерде қосса, коллоидты бөлшектер қабатының маңында, бөлшектердің зарядын бейтараптайтын артық иондар жинақталады. Зарядсыздану соқтығудың бөгетін жояды және бөлшектер бірігіп іріленеді. Коагуляция процесі жүреді: түзілген ірі бөлшектер аспалы күйде тұра алмайды олар тез тұна бастайды. Жоғары температура коагуляцияны туындатады. Кейбір сульфидтер мен гидроксидтердің коллоидты ерітінділер түзуге бейімділігі анализді күрделендіреді, өйткені коллоидты бөлшектерді центрифугалау арқылы бөлу мүмкін емес. Сондықтан тұндыру коллоидты жүйелерді бұзуға әсерін тигізетін жағдайда жүргізу керек, яғни ерітіндіні қыздырғанда оған электролитті қосу қажет. Мұндай тұнбаларды шаюға аз мөлшерде электролит қосылған ыстық суды қолдану керек (көбінесе аммоний нитраты немесе хлоридті қолданады). Егер оны істемеген жағдайда, онда сумен шайғанда тұнбадан электролит толығымен жойылады да, тұнба бөлшектері қайтадан коллоидты ерітінді түзеді.
Темір, марганец және магний адамның өмір сүруі үшін қажетті элементтер. Темір гемоглобиннің және бірқатар ферменттердің құрамына кіреді. Темірдің басым бөлігі эритроциттердің гемоглобинінде болса, бір бөлігі бауырда белокпен байланысқан түрінде болады. Марганец көмірсудің алмасуына қатысады. Магнийдің мөлшерімен табиғи судың кермектілігі анықталады. Магний тұздары хлорофил құрамында болғандықтан, ол өсімдіктерге қоректену үшін қажет. Магний адам денесінде көбіне сүйектердің құрамында болады, сонымен қатар ол жүректің жұмысын реттейді
Медицинада калий перманганаты КМnO4 ерітіндісі антисептикалық зат ретінде қолданады. Темір препараттарын қандағы гемоглобиннің мөлшері төмендегенде қолданылады (анемия).
Магний қосылыстары асқазандық заттар ретінде қолданылады. Магний сульфаты әлсіреткіш зат ретінде қолданылады. Bi(OH)2NO3 гидроксивисмут нитраты ұнтақ түрінде асқазан – ішек ауруларына және жақпамайлар түрінде тері ауруларына қолданылады. Висмуттың кейбір органикалық қосылыстары жақпамай және ұнтақша түрінде қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет