2. Аммоний сульфиді (NH4)2S алюминий тұздары ерітінділерінен алюминий гидроксидінің ақ тұнбасын бөледі:
3(NH4)2S + 2АlСl3 + 6Н2O = 2Al(OH)3↓ + 3H2S↑ + 6NH4Cl
3. Ализарин 1,2-диоксиантрахион алюминий гидроксидімен «алюминий лагі» деп аталатын ашық-қызыл қосылыс түзеді.
HOAlOH
Al3+ ионына сезімтал реакциялардың бірі болып табылады. Бұл реакцияға Ғе3+, Сr3+ және Zn2+ иондары кедергі жасайды. Сондықтан ерітіндіде Al3+ басқа иондар кездессе, оның анықталуы қиынға түседі. Бұл реакцияны жартылаймикро немесе тамшылық әдіспен жүргізуге болады.
4. «Тенар көгін» алу. Сұйылтылған кобальт (ІІ) нитраты ерітіндісін алюминий тұздарымен жаққан кезде көк түсті кобальт алюминатының күлі түзіледі:
2A12(SO4)3 + 2Co(NO3)2 = 2Со(АlO2)2 + 6SO3 ↑+ 4NO2↑ + O2↑
Мышьяк (III) ионның (AsO33-) реакциялары
As (III) қосылыстары ерітіндіде AsO33- аниондары түрінде кездеседі. Мышьяктың барлық қосылыстары өте улы.
1. Күміс нитраты AgNO3 арсенит-иондарымен сары түсті күміс арсениті тұнбасын түзеді. Реакция фармакопеялық болып табылады.
Na3AsO3 + 3AgNO3 = Ag3AsO3↓ + 3NaNO3
Тұнба HNO3, СН3СООН және NH4OH ериді.
2. Иод ерітіндісі бейтарап немесе әлсіз сілті ортада арсенит-ионын арсенат-ионына дейін тотықтырады. Иод ерітіндісінің түссізденуі As (ІІІ) бар екендігін дәлелдейді.
Na3AsO3 + I2 + Н2O = Na3AsO4 + 2HI
Реакция нәтижесінде химиялық тепе-теңдікті заттардың бастапқы түзілу бағытына ығыстаратын, НІ күшті тотықсыздандырғыш түзіледі. Реакция қайтымды болмау үшін оған натрий гидрокарбонатын қосады.
HI + NaHCO3 = NaI + CO2↑ + H2O
Иодпен реакцияға түсетін тотықсыздандығыштар болмау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |