Катонқарағай ауданының 2007 жылғы ii-ші тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары



Дата23.02.2016
өлшемі106.43 Kb.
#7640
Катонқарағай ауданының  2007  жылғы  II-ші тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму  қорытындылары

Ауданның 2007 жылғы II-ші тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының талдау қорытындылары, аудан экономикасының барлық саласының тұрақты өсуін көрсетті. Ауылшаруашылық өнімдерінің жалпы көлемі 628 млн. 764 мың теңгені құрады немесе өткен жылғы осыған сәйкес деңгеймен салыстырғанда  116 пайыз.


Ауданда ауыл шаруашылық  өнімдерін  өңдеумен 102  шағын цех айналысады, соның ішінде: 25 наубайхана, 23 май өндіру орны, 19 диірмен, марал пантысы негізінде   пантокрин және гематоген шығаратын  2 цех жұмыс істейді.
1611,1 тонна ет өндірілді немесе өткен жылдың тиісті кезеңінің 110 пайызы, 11065,3 тонна сүт немесе өткен жылдың тиісті кезеңінің 103,5 пайызы, 2921,4 мың дана жұмыртқа немесе  өткен жылдың тиісті кезеңінің 108 пайызы, 1792,2 центнер жүн немесе өткен жылдың тиісті кезеңінің 107,3 пайызы.
Бүгінгі күні ауданда 51312 бас ірі қара, соның ішінде 18737 бас сиыр немесе  2006 жылдың тиісті кезеңінің 100,2 пайызы, 109449 бас қой немесе өткен жылдың тиісті кезеңінің 101,0 пайызы, 22579 бас жылқы немесе өткен жылдың тиісті кезеңінің 101,5 пайызы; 14133 бас шошқа немесе 117,6 пайызы, 6065 бас бұғы мен марал, құстар - 91088 немесе өткен жылдың тиісті кезеңінің 103,9 пайызы.
Ағымдағы жылы аудандағы егістік көлемі  56128   гектарды құрады, оның ішінде дәнді дақылдар - 24093  гектарға; күнбағыс - 13712 гектарға; картоп пен көкөніс – 1268,7 гектарға; мал азығы дақылдары - 17069 гектарға егілген. Ағымдағы жылы ылғалқор сақтау технологиясымен  5,2 мың гектар   дәнді дақылдар себілді.
33  мың гектар егістік көлеміне сақтандыру жұмыстары жүргізілді немесе  егістік көлемінің 92 пайызы.

Көктемгі-егістік жұмыстарын жүргізуге арзан бағамен жанар-жағар май  және басқа да материалды-техникалық бағалы  керек заттарды  алуға 49,9 млн.теңге субсидия бөлінді, оның ішінде мәдени дәнді дақылдарға 18,9 млн. теңге, күнбағысқа - 13,8 млн.теңге, мал азығы дақылдарына  – 13,2 млн. теңге бөлінді, соның ішінде 37 млн. 800 мың теңге  игерілді немесе жоспардың 74,2 пайызы.


Кіші-гірім шаруа қожалықтарына қызмет көрсету үшін 4 шағын МТС  құрылды: Большенарым ауылында № 22 кәсіптік мектеп базасында, «Өрнек» шаруа қожалығы, «Айдын» және «Калинин» ЖШС. Шаруа қожалықтарын нығайту үшін жұмыстар ұйымдастырылып жүргізіліп және олардың әрі қарай дамуына бағдарлама әзірленді.
Ағымдағы жылы аудан шаруашылықтарындағы машина-трактор паркін жаңалау үшін жалпы құны 105,2 млн. теңгеге 42 бірлік ауылшаруашылық техникасы сатып алынды немесе техника 4,8 пайызға жаңартылатын болады,  ағымдағы жылдың II-ші тоқсанында шаруа қожалықтарымен  37 млн. теңгеге 21 бірлік  ауылшаруашық техникасы  сатып алынды.
Ауданда 2 бордақылау алаңы құрылады, «Надежда» шаруа қожалығы базасында 100 басқа  және «Жас Қанат» шаруа қожалығында 350 басқа.

Жоспарланған 10 жасанды ұрықтандыру пункттерінің ішінен  бесеуі  ашылды, атап айтқанда Ново-Хайрузовка, Солоновка, Большенарым, Ново-Березовка, Катонқарағай ауылдық округтерінде. Жыл аяғына дейін тағы да бес ауылдық округтерде ашылады.


Сүтті мал тұқымын дамыту бағытында асыл тұқымды шаруашылықтарын құру бойынша ұйымдасқан іс-шаралар өткізілді, сондай-ақ «Надежда» шаруа қожалығында  симментал  тұқым бағытында асыл тұқымды сүтті сиыр тұқымы құрылды. 83 бас асыл тұқымды бұзау сатып алынды. Ново-Хайрузовка ауылында шұжық цехын ашу жоспарланған. Бұл құрылысты «Надежда» шаруа қожалығының  басшысы Н.А.Гутман  несие есебінен жүргізеді, жобаның құны 19 млн. теңге.
37 жеке тұлға ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан 5,5 млн. теңге  шағын несие алды. «Катонқарағай» АНС (ауылдық несие серіктестігі)  арқылы  19 млн. 350 мың теңге несие алынды.

Өнеркәсіп

2007 жылдың II-ші тоқсанында  меншіктің барлық түріндегі  кәсіпорындар өндірген  өнеркәсіптік өнім мөлшері 46 млн. 390  мың теңгені құрады  немесе өткен жылдың  осыған сәйкес деңгейімен салыстырғанда 78  пайызы. «ШҚ АЭК» ЖАҚ-ның  бөлімшесі 8 млн. 378 мың теңгенің өнімін өндірді немесе  өткен жылдың тиісті кезеңінің 113  пайызын құрады. 1-ден - 50-ге дейін  адамы бар кәсіпорындар 9 млн. 339 мың теңгенің өнімін өндірді.



Автомобиль жолдары және көлік

Ауданның автокөлік жолдарының көлемі 721 км, соның ішінде республикалық маңызы бар жолдар көлемі 268 км, жергілікті жол қатынастарының көлемі – 453 км, оның ішінде: 5 км – асфальтты бетонмен жабылған, 54 км – қара гравиймен жабылған, 394 км -  гравиймен жабылған.


Ағымдағы жылдың II-ші тоқсанында  автомобиль жолдарын қысқы және жазғы  жағдайда ұстап тұру үшін жоспарланған  500 мың теңгеден, 3826 мың теңге игерілді немесе 77 пайызы.
Ағымдағы жылдың  есеп беру кезеңінде 186,5  мың тонна көлемінде әр -түрлі жүк тасымалданды, жүк айналымы 515,8 мың тонна / км-ді құрады. 4 млн. 932 мың теңге  кіріс алынды.

Тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық

 Ағымдағы жылдың II-ші тоқсанында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың көрсеткен қызметі   3393,7 мың теңгені құрады, оның 3139,1 мың теңгесі жылумен, 254,6 мың теңге  сумен қамтудан түсті. Тұрғындарға 614,8  мың теңгенің қызметі көрсетіліп, оның ішінде жылудан 502,0 мың теңге, сумен қамтудан 112,8 мың теңге түсті. «Нарын» МКК  2250,8 мың теңгенің көркейту, санитарлық тазарту және көшені  жарықтандыру жұмыстарын атқарды, оның ішінде:


- елдімекендердің санитарлық жағдайын қамтамасыз ету – 651,0 мың теңге;
- жергілікті жолдардың қызметін қамтамасыз ету – 813,8 мың теңге;
- көшені  жарықтандыру жағдайын қамтамасыз ету – 786,0 мың теңге.
2007 жылы Ново-Поляковка ауылының сумен жабдықтау жүйелерінің күрделі жөндеу жұмыстарына - 2810 мың теңге, Жамбыл ауылына – 2000 мың теңге, Берел ауылына – 3310 мың теңге, Жаңа-Үлгі ауылына – 4400 мың теңге, Ново-Хайрузовка ауылына – 4200 мың теңге, Катонқарағай ауылына- 5019 мың теңге, Большенарым және Приморск ауылдарының сумен жабдықтау жүйелерінің күрделі жөндеу жұмыстарына жоба сметалық құжаттарын сатып алуға 2000 мың теңгеден бөлінді, ағымдағы жылдың II-ші тоқсанында 6898,5 млн. теңге игерілді немесе жылдық жоспардың 27 пайызы.

Құрылыс

Ағымдағы жылдың II-ші тоқсанында жалпы көлемі 684,1 шаршы метр 11 тұрғын үй  қолданысқа берілді немесе өткен жылдың тиісті кезеңінің 120,3 пайызы. Үйлер Большенарым ауылындағы құрылысшылардың  жеке қаржы есебінен салынды.


Ағымдағы жылдың II-ші тоқсанында  Жаңа-Үлгі ауылындағы орталау орта   мектебінің құрылысына 22,6 млн. теңге игерілді, жылдық көлемі 60,8 млн. теңге немесе жылдық  көлемінің 31,2 пайызы.

Орман шаруашылығы

Большенарым мемлекеттік орман шаруашылығы мекемесінің жалпы көлемі 85458 га. құрайды, оның ішінде 29386 га.  орман алқаптары алып жатыр. Ағымдағы жылдың II-ші тоқсанында орман  шаруашылығының қорынан бөлінген 50 текше метр ағаштардың 46 мың теңгенің  немесе 19353 текше метр ағашы дайындалған.  46 рейд жүргізіліп, 15 тексеру өткізілді,  табиғатты қорғау низамында 13 заң бұзу оқиғалары анықталды, 20,6 мың теңге айып-пұл салынып, бюджетке  қайтарылды. Өртке қарсы іс-шаралары бойынша ауылшаруашылық құрылымдарына және жеке тұлғаларға 155 ескертулер берілді.



Шағын кәсіпкерлік

Ауданда ағымдағы жылдың  1-ші шілдесіне дейін 1987 шағын және орта бизнес субъектілері құрылған, оның ішінде 92 заңды тұлға, 154 патент бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлер, жалпы тәртіп бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлер - 16, оңтайландырылған декларация бойынша жұмыс ісейтін кәсіпкерлер - 241. Шағын бизнес саласында 4165 адам қызмет істейді немесе өткен жылдың тиісті деңгейінің 112 пайызы.


Ағымдағы жылдың II-ші тоқсанында   шағын кәсіпкерлік субъектілерінен 6718,4 мың теңге салықтық түсімдер түсті немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 111 пайызы. 
Ауданда ағымдағы жылдың II-ші тоқсанында Катонқарағай, Ново-Поляковка, Солдатово  ауылдарында 3 дүкен ашылды. Осы уақыт аралығында «Ақсу» АҚ тәулігіне қуаты  3-4 мың шөлмек аздап минералданған су құятын цех, тәулігіне  қуаты 300-400 литр қымыз өндіретін, сонымен бірге 20 орынды пантамен емдеу қонақ үйінің кешені ашылды. Қазіргі уақытта ауданда Большенарым және Катонқарағай ауылдарында  тағы 5 дүкен салынуда.

Еңбек нарығы

Ағымдағы жылдың II-ші тоқсанында  жұмыспен қамту қызметіне  жұмысқа орналасу мәселелері бойынша 119 адам өтініш жасады, оның ішінде 66 адам жұмысқа орналасу сұрақтары бойынша  және 54 адам  кеңес алу үшін қатынасты, жұмысқа орналасу сұрақтары бойынша қатынағандардың  43-і әйелдер, 17-і  16-24 жастағылар. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда жұмысқа орналасу жөнінде өтініш жасағандардың саны 37 адамға азайды  немесе 36  пайызға. 2007 жылғы 1-ші шілдедегі жағдай   бойынша ресми түрде 211 адам жұмыссыз деп тіркелді, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 23 пайызға азайды. Ағымдағы жылдың II-ші тоқсанында  50 адам жұмысқа орналастырылды немесе өтініш жасағандардың 75,8 пайызы. 373   жұмыс орны құрылды, оның ішінде 46 тұрақты, 327 - уақытша және маусымдық.  Ағымдағы жылдың II-ші тоқсанында  45 жұмыссыз қоғамдық жұмыстарға жіберілді. Қоғамдық жұмыстармен қамтылған азаматтардың жалпы саны: әйелдер - 35 адам, 21 жасқа дейінгі  жас өспірімдер - 5 адам, 4 адам еңбек демалысына таяп қалған адамдар, 1 оралман, аз қамтылған отбасынан 20 адам.



Әлеуметтік қорғау

Ауданда экономиканың өсуіне жағдайлар туғызу, тұрғындардың  кірісін, , білімнің сапасын көтеру, атаулы әлеуметтік қорғауды жақсарту  жолымен  кедейшіліктің санын  қысқарту үшін   үлкен жұмыстар  жүргізіліп  отыр.


2007 жылдың 1-ші шілдесінен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алуға 534 отбасы өтініш жасады, олардың ішінен 1811 отбасына 12 млн 600 мың  теңгенің атаулы әлеуметтік көмегі көрсетілді. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда әлеуметтік көмекті  алушылар мен отбасының саны 27,7 және 24 пайызға сәйкес азайды. Атаулы әлеуметтік көмектің орташа айлық  мөлшері 1159,58  теңгені құрады.
Аудан бойынша 2007 жылғы  1-ші шілдеде кедейлік шегінен  төмен өмір сүретіп отырған азаматтардың саны  2578 адамды құрады немесе жыл басымен салыстырғанда 192 адамға азайды.
123 отбасына 960 мың теңгенің  ұрғын-үй көмегі берілді. 18 жасқа дейінгі балалардың мемлекеттік жәрдемақысының орташа мөлшері – 906,61 теңге.
2007 жылдың 1-ші шілдесінде мүгедек балаларды тәрбиелеп оқыту үшін олардың ата-аналарына 1479,2 мың теңге материалдық көмек төленді.
18 жасқа дейінгі  балалар  жәрдемақысының орташа мөлшері - 906,61 теңгені құрады.
2007 жылдың 1-ші шілдесінде  мүгедек балаларды тәрбиелеп оқыту үшін олардың ата-аналарына 1479,2  мың теңге материалдық көмек төленді.

Бюджеттің орындалуы

Бюджеттің кіріс бөлігі 112 % орындалды. 2007  жылдың  II-ші тоқсанында  аудан  бюджетіне салық және басқа да міндетті төлемдерден болжамдағы 348470,0  мың теңгенің орнына 389383,0 мың  теңге түсті,  оның ішінде жеке кіріс бойынша болжамдағы 71974,0 мың теңгенің орнына 80160,0 мың теңгені құрады немесе болжамның 111,0 пайызы.


Ауданда  осы кезеңдегі орташа айлық еңбекақы 27830   теңгені құрады  немесе өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда  өсім 136,7 пайызды құрады. Осы кезең ішінде еңбекақы төлеу қоры 134,5 пайызға өсті.

Білім беру

2007 жылғы 1-ші шілдедегі жағдай  бойынша ауданда күндізгі жалпы білім беретін 54   мектеп жұмыс істейді, оның ішінде 29 - орта мектеп, 18 - орталау, 7 – бастауыш  мектептер. 31 мектеп қазақ тілінде, 9-ы орыс тілінде, 14  мектепте сабақ екі тілде жүргізіледі. 9 мектеп жанында  сырттай консультативтік сабақ өткізу   бөлімдері  ашылған, оларда 48 оқушы оқиды. Шағын комплектілі мектептер саны – 48, олардағы оқушылар саны - 4308 адам,  мектепке даярлық  жасындағыларды қосқанда – 4704 оқушы.


Мектеп жанынан ашылған екі интернат жұмыс істейді: Катонқарағай ауылындағы  Ленин атындағы орта  мектептегі 60 орынды 1 интернат, Жамбыл ауылындағы орта мектептегі 40 орынды 1 интернат.
Мектептен тыс ұйымдар - 1 (БММ) - 126 бала, 13 - топ.
2004 жылдың 1-ші қаңтарынан   кемтар балаларға қолдау жасау үшін   психологиялық-педагогика түзету кабинеті жұмыс істейді. Құрамында – 83 бала, жұмысшылардың саны – 7,5 штатты бірлік. 
2006-2007 оқу жылдарының басында  ауданның жалпы білім беретін мектептеріндегі оқушылардың құрамы (мектеп жанындағы мектепке дейінгі топтардағы оқушыларды қоса алып есептегенде) 7256 оқушыны құрады, 2005-2006 оқу жылдарымен салыстырғанда 425 оқушыға аз.
Ауданның барлық мектептері компьютермен жабдықталған, 60 компьютер сыныбы және 2 мультимедия кабинеті жұмыс істейді. Мектептердегі компьютерлердің жалпы саны - 413.
2007 жылғы 1-ші  шілдедегі жағдай бойынша  аудан бойынша  Интернет желісіне барлығы 88,9 пайыз мектептер қосылды. Олардың ішінен 25 мектепке оқу телевидениесіне қосуға құралдар сатып алынды және олар жұмыс істеп тұр. 23 мектепке Интернет желісіне қосуға модемдер орнатылды.
Ағымдағы жылы ұлттық біріңғай тестілеудің қорытындысы бойынша  біздің ауданымыз облыс бойынша бірінші орынды иемденді. Аудан бойынша орташа балл 74,65.
2007 жылдың II-ші тоқсанында  1 оқушыны ұстап тұруға кететін   шығын 34029  тенгені құрады. Білім беру саласындағы  бір адамның орташа айлық еңбекақысы- 29618 теңгені құрады. 2007 жылы жалпыға бірдей  оқу қорынан 7662 мың теңге бөлу жоспарланған, ағымдағы жылдың II-ші тоқсанында   1986,7 мың теңге бөлінді және игерілді.
Ағымдағы жылы Белқарағай ауылындағы Белқарағай орта мектебіне, Печи ауылындағы Печи орта мектебіне, Үш-Төбе орталау мектебіне, Шыңғыстай ауылындағы Әбдікерім атындағы орта мектепке, Еңбек ауылындағы Еңбек орта мектебіне, Берел орта мектебіне, Большенарым ауылында №1 бала бақшаға барлығы 12803 мың теңге сомасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі, оның ішінде 2007 жылдың 1-ші шілдесінде 3500,6 мың.теңге игерілді немесе жылдық жоспардың 27 пайызы.
2007 жылға физика, химия және лингафонды мультимедия, медициналық кабинеттерін және Интернет желісіне қосуға құралдар сатып алуға, сонымен бірге білім беру  обьектілеріне  жөндеу жұмыстарына  бюджеттен 73 млн. 052 мың теңге бөлінді. 2007 жылдың 6 айында оның ішінен 15 млн. 981 мың теңге игерілді.
Ауданда № 22 кәсіптік мектеп жұмыс істейді, бұл мектептің негізгі мақсаты жалпы және кәсіптік деңгейде білікті мамандар дайындап шығару. Оқу бөлімі  негізгі және орта мектеп базасында жұмысшы кадрларды дайынауды қамтамасыз етеді. №22 кәсіптік мектеп оқушыларды 7 техникалық мамандыққа даярлайды, мектеп ауылдық кәсіптік мектептердің ішінде мамандық дайындау сапасы бойынша бірінші орынды иемденіп келеді.  Бүгінгі күні кәсіптік мектеп мына мамандықтар бойынша мамандар дайындайды: фермер, ауылшаруашылығы өндірісінің мастері; газэлектродәнекерлеуші, тракторист, жүргізуші; мастер-омарташы; тағам өнеркәсібінің маманы; аспазшы, тігінші; электромонтер; ЭВМ операторы.
Кәсіптік мектептегі оқушылардың саны 262 адам. Орташа топтың толықтығы 26,2 адам, 10 оқу топтары құрылған.

Денсаулық сақтау

Қазіргі уақытта ауданың  денсаулық сақтау жүйесі 4 емханадан тұрады: Большенарым ауылындағы орталық  аудандық аурухана 70 төсектен тұрады, Катонқарағай ауылындағы аудандық аурухана - 60 төсек; Ново-Березовка ауылында 2 учаскелік аурухана және Өрел ауылында 10 төсекті аурухана, 9-мемлекеттік отбасылық  дәрігерлік амбулатория, 8 - фельдшерлік акушерлік пункт және 35 фельдшерлік пункт. Ауданның төсек қоры-150 төсек–орын және 20 төсек күндізгі  стационарда  емденушілерге арналған.


Аудан тұрғындарына 2 жеке емхана және 1 жеке стамотологиялық кабинет стаматологиялық көмек көрсетеді.
Ауданда  дәрігерлердің жалпы саны - 66 және орта медициналық қызметкерлер саны- 262.
Ағымдағы жылдың II-ші тоқсанында    емделіп шыққан науқастардың саны - 1290, 2006 жылы бұл көрсеткіш 1308 адам болған,  науқастармен 11956 төсек-күн өткізілді немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 132 төсек-күнге көбейді.  2007 жылдың II-ші тоқсанында   дәрігерге қатынау - 53628, өткен жылы қатынау 63604  болды.  Дүниеге келген сәби саны – 87, 109 адам қайтыс болды.
Денсаулық сақтау объектілерінің күрделі жөндеу жұмыстарына және материалдық-техникалық базаны нығайтуға зор көңіл бөлінеді.   
1500 мың теңге сомасына оргтехникалар (10 дана компьютер), 2500 мың теңге сомасына   шаруашылық заттары (төсектер, тумбочкалар)  түсті, 11990 мың теңгеге компьютерлі флюорография сатып алынды.
2007 жылы денсаулық объектілері бойынша күрделі жөндеу жұмыстарына 36400 мың теңге жоспарланған, оның ішінде Катонқарағай орталық аудандық ауруханаға – 14000 мың теңге, Катонқарағай № 1 аудандық ауруханаға 14000 мың теңге, Катонқарағай ауылындағы ауылдық дәрігерлік амбулаторияға – 3000 мың теңге және Белое, Чернова, Өрел ауылдарындағы ауылдық дәрігерлік амбулаториялардың әр қайсысына  1800 мың теңгеден бөлу жоспарланған. Бүгінгі күні денсаулық сақтау объектілеріндегі  күрделі жөндеу жұмыстары бойынша 5865 мың теңге игерілді.

Мәдениет

2007 жылдың II-ші тоқсанында  мәдениет мекемелерінде 30  ірі іс-шаралар өткізілді. Аудандағы осы өткізілген іс-шараларға 3 мың адам қатысты. 67 бірлескен көркемөнерпаздар үйірмелерінде  мыңға жуық адамдар шұғылданады. Ауданда барлығы 14 клуб мекемелері және 16 кітапхана, О.Бөкейдің мұражай-үйі және аудандық мәдениет үйінде өлкетану мұражайы жұмыс істейді. Большенарым ауылында модельді нұсқада балалар кітапханасы және Үш-Төбе  мен Ново-Березовка ауылдарында ауылдық кітапханалар ашылды.


Аудан кітапханалары 1739 оқырмандарға қызмет жасады, 33760 дана кітап берілді, кітап қоры- 190529 дананы құрайды, соның ішінде қазақ тілінде – 55447 дана кітап бар.
Есеп беру кезеңінде аудан кітапханаларымен 111 бұқаралық іс-шаралар өткізілді.

Құқықтық тәртіп

Аудан аумағында қоғамдық тәртіпті, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында   оперативті мақсатта «Құқық қорғау», «Допинг», «Қару», «Жасөспірім», «Мигрант», «Бақылау» және тағы басқадай алдын алу іс-шаралары өткізілді. 2007 жылдың II-ші тоқсанында  тіркелген қылмыстық істер, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 33-тен  58-ге  дейін өсті немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 25 қылмысқа көбейді. Оның ішінде ұрлық жасау саны 14 –ден  23-ке, бұзақылық 3-тен 11-ге  дейін өсті.                         

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет