ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР
ПЕДАГОГИКА ИНСТИТУТЫ
КАЗАХСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ
ЖЕНСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ ИНСТИТУТ
ХАБАРШЫ
ВЕСТНИК
ТАРИХ СЕРИЯСЫ
СЕРИЯ ИСТОРИЧЕСКАЯ
11-СЫНЫПҚА АРНАЛҒАН ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ БАҒДАРЛЫ КУРСЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Тұрлығұл Т.Т. – п.ғ.д., профессор (Алматы қ., ҚазМемҚызПИ)
Осы «Хабаршының» тарих сериясына ұсынып отырған біздің мақаламыздың тарихи және ғылыми-әдістемелік сипаты бар. Сондықтан да оны біздің институттың тарихшылары мен педагогика, оқыту әдістемесі мамандары ғана емес басқа да пәндерден сабақ беретін профессор- оқытушылары да оқиды-ғой деп ойлаймыз. Өйткені мақаланың мақсаты орта мектептің 10 – 11-сыныптарына енді ғана ендірілген бағдарлы курстардың бағдарламаларымен, оқулықтарымен, оқу-әдістемелік кешендермен (ОӘК) таныстыру, олардың ерекшеліктерін ғылыми-әдістемелік тұрғыда ашып көрсету. Демек мақала, болашақ мектеп мұғалімдері-студенттердің де, олардың оқытушыларының да назарын аударуы тиіс. Тағы бір ескеретін жағдай, біз әңгіме еткелі отырған 2007-2008 оқу жылының қарсаңында баспадан шыққан оқулық пен ОӘК-дердің 9 авторының 6-ы өздерімізбен қызметтес әріптестеріміз.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бүйрығына сәйкес /1/ 2006 – 07 оқу жылынан бастап Жалпы білім беретін орта мектептің 10 – 11 сыныптары бағдарлы курстарға арналған бағдарламалар бойынша оқуға кірісті. 2006-2007 оқу жылында 10-сынып, келесі оқу жылында 11-сынып осы бағдарламалармен оқиды. Бұл қандай курс, сипаты, мазмұны мен құрылымы, мақсат-міндеттері қандай деген мәселелер түсінікті болу үшін өзіміздің мамандығымыз тарих пәніне тоқталайық.
Өткен оқу жылында негізгі мектепті (9-сыныпты) бітірген оқушылардың өз білімін мектепте жалғастырамын дегендері 10-сыныпқа ауысты. Олар негізгі мектепте тарихтан да, басқа пәндерден де аяқталған білім алғантын. Демек тарихтың екі пәні де: дүние жүзі және Қазақстан тарихын да ежелгі дәуірден бастап бүгінгі күнге дейін оқыды. Бұл пәндердің «Тарихтың» Мемлекеттік стандартындағы /2/ ресми аттары: «Қазіргі дүние жүзі» және «Қазақстан тарихының аса маңызды кезеңдері мен ғылыми мәселелері» деп аталады.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғалы ел азаматтарына Отан тарихын оқытып үйретуге ерекше мән беріліп отыр. Бұл маңызды істің бастаушысы да, үлгі көрсетушісі де ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өзі болып келеді. Ол іргелі еңбектеріне қоса жасаған баяндамалары мен сөйлеген сөздерінде де тарихтың маңызын баса көрсетіп отырады. Тарихты оқу деген «бұл тәуелсіз Қазақстанның азаматы ғасырлар тоғысында өзінің арғы-бергі тарихи жолын ой елегінен өткізіп, Кеше кім едік? Бүгін кімбіз? Ертең кім боламыз? Деген төңіректе ойласын деген сөз. Бұл - әрбір азамат туған елінің, туған халқының тарихы ешкімнен де олқы еместігін түсінсін деген сөз.
Бұл - әрбір азамат тарих қойнауына ойша тереңдеу арқылы өзінің ата-бабалары осындай кең-байтақ жердің лайықты мұрагері болуға ұмтылсын деген сөз» - деп айтқан еді Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев /3/. («Ежелгі Қазақстан тарихы», 5-сыныпқа арналған оқулық. Алматы, 2005, 2-басылымы, 4-бет.)
«Қазақстан тарихының аса маңызды кезеңдері мен ғылыми мәселелері» курсы тектен-тек осылай аталмаған. Оқушылар жаңа бағдарлама бойынша тарих пәнін 5-сыныптан бастап оқып, 9-сыныпты – негізгі мектепті бітіргенде Қазақстан тарихынан аяқталған білім алады, дәлірек айтқанда, Отан тарихын алғашқы адамдар пайда болған ежелгі дәуірден бастап, қазіргі кезеңге дейін оқып, меңгереді. Толық орта мектепті – он бір жылдықты бітірген оқушылар мектептің оқу жоспарындағы барлық пәндерден толық орта білім алуы тиіс және де сол пәндердің бірқатарынан мектепте алған білімін жоғары, т.б. оқу орындарында, сондай-ақ өздігінше жалғастыра алғандай біліктер мен дағдыларды меңгеруі қажет. Оның үстіне Қазақстан тарихының ең ерте дәуірлері 5-7 сыныптарда оқылғандықтан, 4-5 жылдан кейін ертедегі және орта ғасырлардағы Қазақстан тарихының аса маңызды мәселелерін оқушылардың ұмыта бастайтыны белгілі. Мұның өзі олардың Отан тарихынан алған білімін одан әрі үзіліссіз және жүйелі түрде жалғастыруға белгілі дәрежеде қиындық келтіреді. Оның үстіне жоғары оқу орындарына түскенде Қазақстан тарихынан емтихан тапсыратынын ескерсек, ұсынылып отырған курстың қаншалықты маңызды екені түсінікті болады.
Енді шәкіртерімізбен бірлесіп осы курстың 11-сыныбы үшін дайындалған бағдарламасын /4/, оқулығын /5/, әдістемелік нұсқауын /6/, дидактикалық материалын /7/ және хрестоматиясын /8/ таныстырайық.
Курстың бағдарламасына қысқаша сипаттама. Бағдарлама негізгі үш бөлімнен құралады. Түсініктемеден кейін базалық білім мазмұны берілген. Соңғы бөлім – оқушылардың білімі мен біліктілік дәрежесіне қойылатын талаптар.
Курстың аты айтып тұрғандай, ол Қазақстан тарихының аса маңызды кезеңдері мен маңызды ғылыми мәселелерін қамтиды. Мұнда оқушылардың мектепте өткен кейбір тақырыптары ғылыми жағынан күрделеніп, толықтырылып беріледі.
Сонымен қатар негізгі мектепте уақыт тапшылығынан көп қысқартылған немесе онда оқытылмаған тақырыптар мен мәселелер де кездеседі. Бұған ұлт-азаттық қозғалыстарының 1940-1980 жылдардағы оқиғалары жатады. Ал қазақ диаспорасының тарихы, Қазақстан коммунистік партиясы мен Қазақстан комсомолының (Жастар одағының) тарихы, Қазақ этнографиясы сияқты тақырыптар негізгі мектепке арналған тарих бағдарламаларына енбеген. Бұлар негізгі мектепке арналған оқулықтардағы басқа тақырыптар құрамында шағын мәселе ретінде ғана қарастырылады.
Бұл курс жарастылыстану-математикалық бағдарлы мектептің 10-11 сыныптарында 68 сағат көлемінде оқытылады. Екі сыныпқа да 34 сағаттан уақыт бөлінеді. 10-сыныпта, негізінен, курстың XVIII ғасырға дейінгі кезеңі қамтылады да, кейінгі үш ғасыр тарихындағы маңызды оқиғалар 11-сыныпта баяндалады.
Олар:
I. Қазақ халқының XVII-XX ғасырларда азаттық, тәуелсіздік жолындағы қаһармандық күресі;
II. XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси, мәдени жағдайы;
III. Қазақстан компартиясы мен комсомолы тарихынан;
IV. Қазақ диаспорасы;
V. XX ғасыр басындағы Қазақстандағы саяси партиялар мен ағымдар;
VI. Қазақстан халықтарының этнографиясы;
VII. Кеңес дәуірінің алғашқы кезеңіндегі этно-демографиялық ахуал;
VIII. Тәуелсіз Қазақстан Республикасы 1991 – 2006 жылдарда.
Бағдарламаның түсінік хатында оның төмендегідей ерекшеліктері баса көрсетіледі.
Курстың білімдік маңызы сонда, ол халқымыздың 400 жылға созылған азаттық, тәуелсіздік жолындағы күресін, осы күрестер салдарынан қазақ диаспорасының пайда болып, қалыптаса бастағанын, төрт ғасырға созылған ауыр да қаһармандық күресінің кезеңдік оқиғаларын, сондай-ақ олардың рухтандырушы, жігерлендіруші рөлі туралы жан-жақты баяндайды. Осы күрестің нәтижесінде қол жеткен тәуелсіздік жылдарында болған тамаша өзгерістермен таныстырады.
Курстың тәрбиелік маңызы сонда, туған елінің, оның халықтарының, өз ұлтының бақытты болашағы үшін бар күш-жігерін, білімін аямаған, өзінің жеке мүддесінен халық, ұлт мүддесін жоғары қойған, қажет болса, жеке басының құрбан болуынан қорықпаған халқымыздың біртуар жүздеген қаһарман ұл-қыздарының өмірі мен тарихи қызметі оқушылардың көз алдынан өтеді. Осының бәрі оқушыларды отаншылдыққа, жоғары адамгершілікке тәрбиелейді.
Курстың шәкірттердің таным, ойлау қызметін дамытушылық мүмкіндігі сонда, оның мазмұнында баяндалатын тарихтың түрлі қырлары: бейбіт халыққа жасалған басқыншылық шабуыл, басқа елді отарлық, құлдық жағдайда ұстау үшін жүргізілген соғыстар, миллиондаған халықты ашаршылыққа соқтырып, қырғынға ұшырату, атамекенінен үдере көшіп, азып-тозу, босқынға айналу, тәуелсіздік, оған жетудің барлық салаларында болып жатқан аса маңызды өзгерістер тағы басқа тарихта ерекше орны бар оқиғалар мен құбылыстар оларды ойландырады, олардың себептерін, тығырықтан шығу жолдарын іздейді. Оқушылар өткен мен қазіргіні салыстыруға, олардың ұқсастықтары мен айырмашлықтарын табуға, жоғарыдағыдай оқиғаларға тарихтан, өмірден мысалдар келтіруге жаттығады. Келеңсіз және жағымды өзгерістерді өздігінше талдауға, баға беруге, тағы да басқаларға дағдыланады.
Осы мақаланың келесі беттерінде біз курсты оқытудың әдістемелік мәселелеріне қысқаша тоқталамыз. Бірақ сол әдістемелік мәселелер қайткенде толық жүзеге асады, қалай еткенде оқушыларға Қазақстан тарихынан терең, сапалы білім береміз, ата тарихымыздың асыл мұраларын қайткенде шәкірттер санасына берік қалыптастырамыз деген сұрақ алдымыздан көлденең тұрады? Бұған – бұл міндетті жақсы тарихшы мұғалім ғана орындайды – деп жауап беруге болады.
11-сыныпта Қазақстан тарихынан сабақ беретін жақсы мұғалімнің бейнесін былайша елестетуге болады. Сыныптағы барлық оқушының жүрегіне жол табу, ол үшін өз Отаныңның тарихын барынша құрметтейтініңді, оны терең де, жан-жақты білу үшін бар күш-жігеріңді жұмсайтыныңды, осы курстың мазмұнын шәкірттеріңе терең де, берік меңгерту үшін өз міндетіңе үлкен жауапкершілікпен қарап, еңбеккерлікпен қызмет ететініңді, шәкірттеріңе терең білім беруге әдіскерлік өнеріңді үнемі асқан шеберлікпен қолданатыныңды шәкірттерің күн сайын байқап, сезіп отырса, мұндай ұстазды да, ол сабақ беретін пәнді де оқушылар құрметтейді.
Шәкірттер ұстаздың қамқоршы, әділ талапшыл, жан-жақты білімді, сабақты түсінікті де тартымды, сезімге әсер ететіндей етіп қызғылықты баяндағанын қалайды. Өзін шәкірттермен тең ұстайтын, өздерімен еркін, ашық пікір алысатын, керек кезінде ақыл-кеңес бере алатын т.б. тамаша адамгершілік қасиеттері бар мұғалімді оқушылар сыйлайды, құрметтейді, оның тапсырмаларын барынша дер кезінде, ұқыпты орындауға күш салады.
Жаңа оқулықтың ерекшеліктері. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған бұл оқулықтың ерекшеліктері мыналар:
1. Бағдарлама бойынша осы сыныпта Қазақстан тарихын оқытуға 34 сағат берілген, ал оқулықтың көлемі 14 баспа табақ.
Негізгі мәтін оқулықта жетекші орын алады. Ол дидактикалық, әдістемелік жағынан барынша ойластырылып, жүйелі жазылған. Қосымша мәтінге тарихи және басқа да құжаттар, көркем шығармалардан, естеліктерден, ғылыми көпшілік әдебиеттерден алынған үзінділер ендірілді. Бұл мәтіннің құрамында жеке қайраткерлер туралы өмірбаяндық, сондай-ақ ғылымтанушылық материалдар да кездеседі. Мұның да өзіндік себебі бар. Осы курс бойынша дайындалған хрестоматияда нақты тарихи құжаттардан гөрі жеке тарихи оқиға мен тарихи қайраткерлер туралы сипаттамалық материалдар басым. Оқулық авторлары оған қосымша материал іріктегенде осы жағдайды ескерді.
2. Оқулықтағы 34 параграфтың әрқайсысы бір сабаққа лайықталған, 2 – 3 сабақты қайталауға қалдыру қажеттігін ескерсек, негізгі мәтіннің өзіне уақыт жеткізу қиындығы туады. Осыған байланысты мынадай әдістемелік ұсыныстарды ескерген дұрыс. Біріншіден, жоғары сынып оқушыларының білім көлемі мен дайындық дәрежесінің жақсы екендігін, екіншіден, педагогикалық технологияларды тиімді пайдалана отырып, оқытудың ұйымдастыру формалары мен әдіс-тәсілдерінің ең нәтижелілерін пайдаланған дұрыс. Мәселен, дұрыс ұйымдастырылған бір мектептік семинарда 2 сабақ материалын өтуге болады. Немесе көлемді тақырыпты 7-8 сабақ етіп өтпей-ақ, блоктық тақырыптық жүйемен 5-6 сабақта да өте аламыз. Осылайша оқулықтың негізгі мәтінін пайдалануға шығармашлықпен қарап, негізгі мәтінді толық өтуге де, қайталау сабақтарына да уақыт табуға болады.
3. Ұстаздар оқулықта келтірілген қосымша мәтіндерді де, безендіру құралдарын (суреттер, карталар) да, әрбір параграф пен тақырыпқа қосымша берілген метериалдар бойынша қойылатын сұрақтарды да оқыту процесінде үнемі пайдалану жолдарын қарастырғаны дұрыс. Қосымша материалдың молдығы және сипатының түрліше болуы олардың бірқатарымен оқушылардың сабақ үстінде, сабақтан тыс уақытта да өздігінше жұмыс орындауына мүмкіндік береді.
4. Оқулық авторлары мектеп оқулықтарына қойылатын талаптарды мүмкіндігінше ескеріп отырды. Соның бірі – оқулыққа берілген кіріспе. Ол оқушыларды оқулықтың мазмұнымен, оның түрлі ерекшеліктерімен және де оны оқып-меңгеру жолдарымен таныстырады. Бірқатар тақырыптардың бас жағында сол тақырыптарға да кіріспе берілген. Оларда сол тақырыптың негізгі мазмұны, оқушылардың көңіл аударатын мәселелері, кейбір оқиға туралы балама көзқарастар, осы тақырыптың зерттелу жайы баяндалады.
5. Оқулыққа қоса беріліп отырған оқу-әдістемелік кешен туралы. Тарих бағдарламасындағы оқушылардың біліміне, тәрбиелілігіне, таным қызметінің дамуына қойылатын талаптарды ойдағыдай орындау үшін оқулыққа қоса оқу-әдістемелік кешендер (ОӘК) болуы қажет. 11-сынып үшін де тарихтан оқулыққа қоса үш-үштен қосымша құрал дайындалды. Олар:
Әдістемелік нұсқау. Бұл құралдың құрылымы мен мазмұны бұрынғылардан өзгешелеу.
Алғашқы «Кіріспе» бөлімнің бірінші тақырыпшасында осы курстың мазмұны мен білімдік, тәрбиелік, дамытушылық міндеттері қысқаша ашылып көрсетіледі. «Кіріспенің» осыдан кейінгі негізгі тақырыбы «Курсты оқытудың өзекті ғылыми әдістемелік мәселелері» деп аталады. Осы тақырыптың құрамында беріліп отырған тақырыпшаларда осы курсты оқудың ең өзекті мәселелері – Қазқстан тарихын оқытудың әдіснамалық мәселелерінен, жаңа оқулықпен оған қоса беріліп отырған оқу-әдістемелік құралдарды пайдалануға дейінгі маңызды оқыту процесінің, оқыту формалары мен әдістерін пайдаланудың тиімді жолдары баяндалады. Осы нұсқаулар мен ұсыныстар мұғалімдерде шығармашылық шабыт туғызуы тиіс, олардың әдістемелік идеяларын, жобаларын жетілдіруге, ұштай түсуге себін тигізеді. Сол әдістемелік ұсыныстармен мұқият танысқаннан кейін кейбір ұстаз сабақ жоспарын, оларды ұйымдастыру жобаларын шығармашлықпен ойланып басқаша жасауы мүмкін. Осындай жағдайларды ескере отырып, авторлар оқулықтағы сегіз тарауды (тақырыпты) оқытудың тақырыптық-сабақтық үлгі жоспарларын түрлі нұсқалармен ұсынуды жөн көрді.
Бірінші тарудың алғашқы үш сабағын, тақырыпқа берілген кіріспені қоса үш сабақта өткен дұрыс және біз оларды дәстүрлі тарих сабақтарының типтерімен өткен тиімді деп есептейміз. Осы сабақтарда ұстаз шәкірттерімен жақынырақ танысады, оқытудың қандай формаларын, әдіс-тәсілдерін қолдайтындығын байқайды, білімі мен біліктілік деңгейлерін де аңғарады. Осыған орай біз үш сабақтың қысқартылған сұлбалық жобасын ғана ұсынамыз. Сабақтың ішкі құрылымын жобалауды мұғалімнің шығармашылық шеберлігіне қалдырамыз.
Мұнан арғы сабақтардың үлгі жоспары түрліше.
Осы алғашқы тараудың қалған он сабағын блоктық-тақырыптық тәсілмен жоспарлап, 8-9 сағатта өтуге болады деп есептейміз. Ал 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс тақырыбын оқулықтың кіріспесінде және оқулықта сол тақырып туралы берілген нұсқауларға сәйкес өткен дұрыс. Бұл сабақтар туралы үлгі-жоспарда нақты ұсыныстар беріледі.
Оқулықтың екінші (§§14-17), үшінші (§§18-20) және төртінші (§§21-23) тараулары сабақтарының толық жоспарлары беріледі, бірақ ол жоспарлардың негізіне түрлі шығармашылық сұлбалар, тірек дабылдар, интерактивті әдістер сияқты оқытудың педагогикалық технологиялары алынған.
Бесінші (§§24, 25), алтыншы (§§6, 27) және сегізінші тараулары (§§30–34) сабақтарының толық үлгі жоспарлары ұсынылады. Оларда оқытудың дәстүрлі және дәстүрлі емес формалары мен әдіс-тәсілдері қатар пайдаланылады. Ал жетінші тараудың сабақтарын (§§28-29) мұғалімнің өздігінше шығармашылықпен өткізуіне қалдырдық.
Екінші қосымша құрал «Дидактикалық материал». Мұнда оқулықтағы барлық сабақтар бойынша оқушылардың өздігінше орындауына арналған түрлі сұрақтар мен тапсырмалар жинақталған. Олармен оқушылар мұғалім берген нұсқаулар негізінде сабақ үстінде, сабақтан тыс уақытта да өздігінше жұмыс істейді. Тапсырмалар сипаты түрліше: сөзжұмбақ, чайнворд, жеке қайраткерлер қызметіне баға беру, тақырыптар бойынша оқушылардың білімі мен біліктілігіне арналған сұрақтар, т.б.
Үшінші қосымша құрал – «Қазақстан тарихы хрестоматиясы». Оған негізінен 80-ге жуық тарихи құжаттар енгізілген. Оқулықтағы және хрестоматиядағы қосымша материалдың жалпы көлемі 17 баспа табақ шамасында. Бұл деректер тиімді пайдаланылған жағдайда оқу бағдарламасында көрсетілген кез келген негізгі мәселені жан-жақты әрі терең оқытып-үйретуге мүмкіндік береді.
Қорыта айтқанда, оқулыққа қоса беріліп отырған үш құрал мұғалімдер мен оқушыларға нақты көмек беру мақсатын көздейді. Оларды барынша тиімді әрі шығармашылықпен пайдалану ұстаздардың әдіскерлік шеберлігін, оқушылардың білімі мен біліктілігін арттыруға лайықты үлес қосады.
Кейінгі жылдары халқымыздың, ұлтымыздың мәдениетін, тілі мен тарихын зерделуде, осы бағыттағы ұлттық құндылықтарды жинақтап, бүкіл жұртшылықтың игілігіне айналдыруда маңызды да ауқымды жұмыстар жүзеге асуда. Мысалы «Мәдени мұра» бағларламасы мен Мемлекеттік тілді дамыту туралы құрылған Үкіметтік комиссияның қызмет нәтижелері аса маңызды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Қоғамдық кеңестің қорытынды отырысында жасаған баяндамасында осы бағдарлама бойынша 2004-2006 жылдары жүзеге асқан қыруар жұмыс нәтижелерін бақайшағына дейін талдап берді. «Бағдарлама аясында, - деді Президент, - 218 аталым кітап шығарылды, олардың арасында тарих, археология, этнография бойынша бірегей сериялар, жаңа энциклопедиялық сөздіктер бар» /9/. Нұрсұлтан Әбішұлы мұнан арғы сөзінде, «Мәдени мұра» бағдарламасы өз жұмысын жалғастыра беретініне, әлі де тамаша құнды кітаптар өмірге келетініне назар аудара отырып, олардың барлық кітапханаларда болу қажеттігін және оны іске асыру жолдарын да көрсетіп берді. Студенттеріміз бен оқушы жастарымыздың мәдени мұра шығармалары мазмұнын терең білуі қажеттігіне назар аудара келіп, олардың жоғары және орта мектептің оқулықтары мен оқу бағдарламаларына енуі үшін жұмыс атқару айрықша маңызды. Бұл Білім және ғылым министрлігінің мәселесі – деп қадап айтты Елбасы.
Өз баяндамасын мынандай ойлы сөздермен аяқтаған Елбасының қорытындысы қай қазақты болсада тебірентеді:
«Ата бабаларының асыл сөзін жүз томға жинап, бастырып шығаратын ел – бақытты ел, бақуатты, болашағы кемел ел. Қазақ елі – сондай ел.
Әлем әдебиетіндегі әйгілі жүз кітапты емін-еркін, жатық етіп аударып, бар баяуымен, өзгеше өрнегімен төгілтіп түсіретін тіл – қуатты тіл, құнарлы тіл, құдыретті тіл. Қазақ тілі – сондай тіл» (бұл да, сонда).
«Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарық көрген, келешекте де баспадан шығатын ұлттық рухани құндылықтарымызды жоғары, орта оқу орындарындағы Қазақстан тарихы пәнінің, соның бірі біз әңгіме еткен курстың дәрістерінде, сабақтарында үнемі, әрі тиімді пайдалансақ, жастарымыз білімді, саналы, нағыз ұлт-елжанды азаматтар болып шығатынына күмән жоқ.
ӘДЕБИЕТТЕР
-
Қазақстан Респкбликасы Білім және ғылым министрлігінің 18.10.2005 ж. №672 бұйрығы.
-
Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары. А., 2002; «Тарих» оқу пәні, 243 – 262 б.
-
Т.Тұрлығұл, Ж.Таймағанбетов, Б.Адырбек. Ежелгі Қазақстан тарихы. 5. «Атамұра», 2005, 2-басылымы, 4-бет.
-
Бағдарламалар, Қазақстан тарихы, 10 – 11, Алматы, 2006.
-
Т.Тұрлығұл, С.Жолдасбайұлы, Л.Қожакеева. Қазақстан тарихы, 11. Жаратылыстану-математикалық бағытына арналған. «Мектеп», А., 2006.
-
Т. Тұрлығұл, Қ. Адамбосынов, М. Райымбекова. Қазақстан тарихы, әдістемелік нұсқау, жаратылыстану-математикалық бағытындағы 11-сынып мұғалімдеріне арналған. Алматы, 2006.
-
Р.Құсайынова. Қазақстан тарихы, дидактикалық материал, жаратылыстану-математикалық бағытындағы 11-сыныпқа арналған А., 2006.
-
Қазақстан тарихы, Хрестоматия, жаратылыстану-математикалық бағытындағы 11-сыныпқа арналған. Құрастырушылар: Қ.Ж. Адамбосынов, Р.Б. Ахметова. «Мектеп», Алматы, 2006.
-
Н.Назарбаев: «Мәдени мұра» - мемлекетің соны стратегиялық ұстанымы. // Ана тілі, Ақпанның 15-і – 21-і Ит жылы, 2007.
РЕЗЮМЕ
В статъе анализируются научно-методические особенности нового профильного курса по истории Казахстана для 11 класса.
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада жалпы білім беретін мектептің 11 сыныбына 2007-2008 оқу жылында жаңадан ендірілетін Қазақстан тарихының бағдарлы курсының ғылыми-әдістемелік ерекшеліктері талданады.
ЕРТЕ ЖӘНЕ ОРТА ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ
Казахско-джунгарские отношения XVII-XVIII веков
Айтказина М. М.- к.и.н., и.о.доцента (г. Алматы, КазГосЖенПИ)
Казахско-джунгарские отношения - одна из ключевых проблем в истории международных отношений Центральной Азии XVII-XVIII вв. Эти взаимоотношения надолго определили внешнеполитический климат в этом регионе и оказали воздействие на историческое развитие. Они сыграли немалую роль в период включения некоторых районов Казахстана в состав Российской империи. Составной частью этой большой проблемы были джунгаро-казахские войны.
В XVI-XVII веках часть калмыцких племен были вынуждены откочевать в Западную Сибирь, где в последствии было образовано Калмыкское ханство. В процессе присоединения калмыцкого ханства к России калмыки с поддержки русских начали совершать постоянные набеги на казахские земли. Взаимные набеги и походы перешли в целенаправленные военные нападения с целью захвата добычи, пленных и подчинения приграничных улусов.
После продолжительных междоусобных распрей внутри ойратских племен победу одержали князья тайши из рода Чорос, что привело в последствии к образованию Джунгарского ханства на территории Западного Китая в 1635 году. После образования Джунгарского ханства ойраты активизировали свою внешнюю политику на западе. В русских документах имеется сообщение о войне ойратов с казахами зимой 1635 года.
В 1646 году джунгары совершили крупное вторжение в Казахстан. В боях было взято много пленных, в том числе брат Жангира с семьей. Через некоторое время был заключен мирный договор между джунгарами и казахами. В джунгаро-казахских отношениях принимали активное участие тяньшанские киргизы, которые находились в отрядах Жангира. Известны имена киргизских батыров - участников Орбулакской битвы - Котен, Табан.
После смерти Батур-хунтайджи в 1654 году джунгарским ханом стал его сын Сэнгэ. В 1658 году джунгары продвинулись до реки Талас. Во второй половине XVII века ойраты во главе с Галданом трижды вторгались на территорию Казахского ханства (1681, 1983, 1684 гг.).
На рубеже XVII-XVIII веков в состав Казахского ханства входили 32 города, находившихся в основном в районе Сыр-Дарьи. Эти города были важными торгово-экономическими и военно-стратегическими центрами. Если рассматривать их в аспекте военно-оборонительных возможностей, то наиболее укрепленными были столицы казахских ханов: Туркестан и Ташкент. А все остальные города имели слабо защищенные форпосты, поэтому джунгарские армии легко захватывали их после непродолжительной осады. Военная оккупация этих городов не приносила никаких экономических дивидентов Галдану. Примерно, в начале 90-х годов XVII века они снова отошли Казахском ханству.
В конце XVII века международная обстановка в Центральной Азии изменилась. Цинская империя захватила Восточную Монголию, приблизилась к границам Джунгарского ханства и стала представлять реальную угрозу его существованию. Таким образом, с 1635 по 1697 годы джунгары предпринимали неоднократные попытки военного разгрома Казахского ханства и насильственного включения казахских кочевий. После смерти Галдана в 1697 г. к власти приходит Цеван-Рабдан (1697-1727гг.).
В 1702 году казахи совершили ответный удар по Джунгарии за нападение в 1698 году. Поход был неудачным и уже в 1703 году от Тауке-хана и Каип-султана был направлен посол для заключения мира. В 1708 году ойраты вновь вторгаются в земли Старшего жуза. Опасаясь разгрома и истребления, значительная часть казахов была вынуждена покинуть свои земли. В 1710 году в Каракумах прошел съезд казахов, на котором обсуждался вопрос об отношении с Джунгарией, было принято решение собрать обще-казахское войско во главе с батыром Богенбаем из рода Канжигалы. Достигнув единства и согласованности военных действий, казахским ополчениям удалось одержать ряд побед над джунгарами в 1711-1712 годах.
Осенью 1717 года казахи сделали упреждающий поход против джунгар под руководством Абулхаир-хана и Каип-хана количеством 30 тысяч воинов. Сражение произошло на реке Аягуз. Казахское войско встретил всего лишь тысячный отряд джунгаров, который выполнял роль заслона (основная задача данного отряда задержать продвижение противника до подхода главных сил ойратского войска). Бой продолжался в течение дня и закончился безрезультатно. Ночью джунгары, сделали деревянный вал и держали осаду два дня. На третий день прибыли основные силы противника. Джунгарские военачальники нанесли два внезапных удара одновременно: по боевому лагерю и по расположению казахского войска. Инициатива боя была в руках джунгар.
В начале 20-х годов XVII века военные действия против Манчжурии проходили неблагоприятно для джунгар, но смерть китайского богдыхана Канси в декабре 1722 году на время остановила уничтожение джунгар. Воспользовавшись этим, Джунгарское военное командование начало ускоренно перебрасывать свои войска на запад к восточным и юго-восточным рубежам Казахстана и внезапно напала в феврале-марте 1723 года на казахские кочевья Старшего и Среднего жузов. Ойраты воевали крупными группировками на огромном фронте от Иртыша до рек Чу и Таласа. Значительное количество казахов погибло во время преследования джунгар и переправ через полноводные реки Талас, Боролдай, Арысь, Чирчик, Сырдарью и др. Казахи Старшего и части Среднего жузов ушли в Самарканд и Бухару. Младший жуз бежал в Хиву.
Нашествие джунгар изменило геополитическую карту Казахстана, Средней Азии и южной окраины Российской империи. Бежавшие казахи-кочевники заполонили территорию Средней Азии. Младший жуз потеснил кочевья волжских калмыков, каракалпаков и башкир. Джунгарская агрессия в 1723-1725 годах вошла в историю казахов под названием “Актабан-Шубрынды”.
Причины поражения: раздробленность и разрозненность казахских ханств; не устойчивая военная организация, слабое вооружение по сравнению с джунгарами.
Опасность разрушения целостности Казахского ханства заставила представителей трех жузов собраться в 1726 году в местности Орда-Бас, расположенного неподалеку от города Туркестан. Военная угроза на время примирила внутренние междоусобицы, возродила общее согласие.
В 1727 году войска трех жузов разбили джунгаров в местности Кара-сыир на реке Буланты, вблизи реки Сары-Су.
Факторы:
-
в 1727 году умирает Цеван-Рабдан, что вызвало кровавую борьбу за власть между сыновьями;
-
с 1728 г. началась третья цинско-джунгарская война и главные военные силы джунгаров были направлены в Западную Монголию. Джунгары не могли воевать на два фронта.
Второе крупное казахско-джунгарское сражение произошло в 120 км к юго-востоку от озера Балхаш в 1729 году. Казахи одержали победу. После прекращения войны с китайцами джунгары приблизительно в 1735 году вторглись на территорию старшего жуза. Казахские владельцы были вынуждены признать джунгарское господство. В мае 1741 г. война была завершена. Неоднократные попытки джунгар захватить средний жуз и уничтожить основные военные силы казахов не увенчались успехом. События 1739-1741 гг. – последние конфликты в джунгаро-казахских отношениях XVII-XVIII вв.
Смерть Галдан-Цэрена в сентябре 1745 года положила начало падению военно-политического могущества Джунгарского ханства. В 1755-1758 годах Джунгарское ханство было полностью разгромлено и уничтожено цинскими войсками, а казахские жузы стали присоединяться к Российской империи.
Таким образом, джунгаро-казахские военные конфликты оказали непосредственное влияние на военно-политического положение в Центральной Азии, на соседние имперские державы - Цинский Китай и Российскую империю, что привело к утрате политической независимости двух больших кочевых народов.
ЛИТЕРАТУРА
-
Моисеев В. А. Джунгарское ханство и казахи ХVII-ХVIII веков. Алматы, 1991.
-
Тынышпаев М. Великие бедствия. Алматы, 1992.
-
Кляшторный, СултановТ. Казахстан - летопись трех тысячилетий. А., 1998.
-
Аль-Халел Карпык. Белая кость прошлого. Наши современники. Алматы, 1994.
РЕЗЮМЕ
В статье говорится о казахско-джунгарских отношениях 17-18 веков, которые стали причиной присоединения казахских территорий к Российской империи.
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада 17-18 ғасырларда қазақ-жонғар ара-қатынастары туралы сараланады.
Достарыңызбен бөлісу: |