Бақылау сұрақтары:
1.Азаматтық қорғаныс дегеніміз?
2.АҚ міндеттері мен мақсаты?
3.Төтенше жағдай дегеніміз не?
Практикалық жұмыс №4
Тақырыбы: Кәсіби және тұрмыстық аурулар.
Сабақтың мақсаты: Қауіпті және зиянды факторлардың жіктелуімен таныстыру. Кәсіби және тұрмыстық аурулар жайлы түсінік қалыптастыру.
Кәсіптік патология (проф.патология) – клиникалық пән, этиологиясын, патогенезін, клиникалық суретін, емін және кәсіптік ауруларды алдын алу сұрақтарын зерттейді. Профпатология басқада клиникалық пәндермен тығыз байланысты, сонымен қатар еңбек гигенасыменде.
Жұмыскерлердің денсаулығына жағымсыз әсер ететін өндірістік әсерлер әрқилы. Олардың әсерлерінен тек КА ғана емес, сонымен қатар кәсіптік жарақаттанулар да кездеседі. Соңғыларына өндірістің аумағында немесе тікелей жұмыс орнында тіндер мен ағзалардың механикалық, термиялық, химиялық және электрлік зақымдануларынан болған жіті аурулар жатады.
КА жіктелулері толық жасалмаған, себебі олардың клиникалық көріністері полиморфты болып келеді және көптеген ағзалар мен жүйелердің өзгерістерімен сипатталады. Алайда кейбір КА түрлерінде басым зақымданатын ағзалар мен жүйелері болады, мысалы тыныс, қан, жүйке, тірек-қимыл аппараты, есту мен көру ағзалары, т.б.Сондықтан қазіргі кезде этиологиялық себептерге сәйкес жалпылай топтастыру, яғни КА тудырған өндірістік фактордың сипатына байланысты жіктеледі.
КА этиологиялық себебіне сәйкес топтары:
Физикалық себептер туындаған КА; өндіріс шаңдары (пневмо-кониоздар, шаңды бронхит, т.б.)
Өндірістік ортаның физикалық әсерлерінен туындаған КА (тербеліс ауруы; қарқынды шудан, әртүрлі сәулеленуден, сыртқы ортаданың жоғарғы және төменгі температурасынан болған зақымданулар)
Өндірістік ортаның химиялық әсерлерінен болған КА (әртүрлі жіті және сәулелі уланулар)
Биологиялық әсерлерден болған КА (инфекциялық материалдармен не жануарлармен қатынаста болатын еңбеккерлерде, сол секілді туберку-лезге қарсы және инфекциялық емдеу мен профилактикалық медицина-лық мекемлердегі қызметкерлер дамыған әртүрлі жұқпалы инфекциялық және паразитарлық аурулар; антибиотиктерден, грибоктар мензат түзетін қабілеті бар саңырауқұлақтар және т.б. туындаған аурулар)
Кейбір ағзалар мен жүйелерге шамадан тыс күш түсуден дамыған КА (тірек-қимыл аппаратының, шеткілік нервтер мен бұлшықеттердің аурулары)
Достарыңызбен бөлісу: |