Бақылау сұрақтары:
1.Радиациялық қауіптілік дегеніміз не?
2.Химиялық қауіптіліктің зардап зияны?
3.Иондаушы сәуле дегеніміз не?
Практикалық жұмыс №5
Тақырыбы:Техносфераның және техносфералық қауіпсіздіктің қазіргі күйі
Сабақтың мақсаты: студенттерге техносфера жайлы түсінік беру. Заңдылықтар және оның даму көрсеткіштерімен таныстыру.
Атмосферадағы қоспалардың және олардың қозғалысы екінші дейгейдегі өте улы қосылыстардың пайда болуына әкеліп соғады (қара түтін(смог), қышқыл және олар озон қабатын бірден – бір қосындылар.
Смог– үлкен қалаларда, өнеркәсіп орталықтарында байқалатын ауаның өте қатты ластануы. Оның екі тұрпаты байқалады:
түтін немесе өндірістік газ қалдықтарынан құралған қалың тұман;
фотохимиялық смог - өткір газ бен аэрозольдің қою тұмансыз жиынтығы, ол күннің ультрокүлгін сәулесінің әсерінен фотохимиялық реакцияға түсіп құралды әрі өте улы келеді.
Фотохимиялық смог 1940-шы жылдарда Лос– Анджелес қаласында байқалған, қазірде ғаламшарымыздың барлық бұрыш– бұрыштарында көрінеді.
Смог көз көрерлікті төмендетеді, металдың тотығуын күшейтеді, денсаулыққа кері әсер етеді әрі тұрғындардың өлімін көбейтіп, аурушаң етеді.
Қышқыл жаңбыры – соңғы 100 жылдан бері белгілі, бірақ оған кейінгі жылдарда ғана көңіл аудара бастады. “Қышқыл жаңбыры” деген атты бірінші рет 1972 жылы ағылшын ғалымы Роберт Ангус Смит қолданды.
Озон қабатының бұзылуы. Атмосфераның техногендік ластанудың кері әсері тек жер маңындағы аймақпен шектелмейді. Лас қосындылардың белгілі бір бөлігі озондық қабатқа жетіп, оны бұзады. Озондық қабаттың бұзылуы жерге ұзындығы 0,29км ультракүлгін сәуленің енуіне мүмкіндік туғызады. Бұл қысқа толқынды ультракүлгін сәулелену биосфера үшін өте қауіпті: өсімдіктер әлемі құриды, oнкологиялық және көз аурулары көбейеді.
Озондық қабаттарды талқандайтын негізгі заттар- хлор мен азот қосындылары. Хлор мен азот қосындыларының озондық қабатқа көтерілінуінің негізгі күрделі факторлары:
ұшақтардың шығаратын газдары;
зымырандардың шығаратын газдары;
вулкан газдары;
фреонды пайдаланатын технологиялар;
атом жарылыстары.
Озон қабатының бұзылуына өмірінің ұзындығы 100 жылдарға созылаты фреон үлкен әсер етеді. Фреонның шығатын негізгі көздері: тығыздалуы бұзылған мұздатқыштар, фреон қолданылатын технологиялар, тұрмыста қолданылатын аэрозоль құтылары.
Бұл жағдай адамның өмір тіршілігін кенеттен өзгертіп материалдық ресурстарды бұзуға, құртуға әсер жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |